Бүгінгі таңда қоғамдық қатынастардың саяси, әлеуметтік–экономикалық салаларындағы жағдайы түбірімен өзгерді. Соған орай жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу жұмыстарын қайта құру қажеттігі туды. Ұлттың болашағы ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі – ұстаз қолында. Ал ұстаз мұраты жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Толыққанды азамат қалыптастыру үшін ақыл – ой тәрбиесі, имандылық, еңбек, эстетикалық, тілдік қатынас, дене тәрбиесі, экологиялық, экономикалық, жыныстық, патриоттық тәрбие берілуі тиіс. Демек, оқу – тәрбие ісінің тиімді болуы үшін ғылыми педагогикамен халық педагогикасын қатар қолдану қажеттігі айқындала түсті. Осы орайда ұлтымыздың асыл перзенті М.Жұмабаевтың “Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып келе жатқан тақта жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуы тиіс. Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті”. Бала бойына, ең алдымен, тәлімді тәрбие сіңірмей, білім беремін деу бекер әурешілік.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми зерттеу қызыметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктері мен тығыз байланысты білім беру және технологияларды жетілдіру болып табылады» деп атап көрсетілгендей, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтік-педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.Бүгінгі таңда педагогика саласында жиі қолданылып жүрген окытудың жаңа технологиясы - ескіні жанғыртып жаңаша толықтырылған озық деп танылған нәтижелі тәжірибелерге сүйенген білім беру мен тәрбие мақсаттарын жүзеге асырудағы әдістемелер жүйесінің жиынтығы. Осыған орай, білім беруді реформалауды жүзеге асыруда оқытудың жаңа технологияларын қолдану қажеттілігі туындайды. Бұл ретте педагогикалық үрдістің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер - мұғалім мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып саналады.
Педагогикалық технологиялардың басты міндеті оқушының оқу танымдық әрекетін жандандыра отырып алға қойған мақсатқа толықтай жету болып табылса, педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып есептеледі. Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көзделген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |