Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.
Деңгейлеп оқыту әртүрлі катигориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (минималды базалық), бағдарламалық, күрделенген денгей.
Базалық денгей-мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы менгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.Оқушының жеке тәжірбесіне негізделген оқыту технологиясы тиімді де нәтежелі болу үшін.
Жекетұлғаерекшеліктеріне; Психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау, қабілетінің ерекшелігіне, ойлау, қабылдау, зейін ерекшелігіне,өзінің эмоциясын басқара білуіне);
Пән бойынша білімді игеру деңгейіне оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып,көңіл бөлу керек.
Деңгейлеп оқытуға қойылатын шектеулер:
Мектептің деңгейлеп оқытуды ұйымдастырудағы мүмкіндігі (оқу кабинеттерінің, оқушылар топтарындағы бір пән бойынша параллель жұ-мыс жүргізілетін мұғалімдердің жеткілікті болуы).
Әрбір топтар үшін талаптардың нақты болуы.
Мұғалімнің бір деңгейдегі оқушылармен жұмыс жүргізуі бары-сында топтың даму динамикасын меңгеру.
Н.П.Гузик өз жүйесімен деңгейлеп оқытудың айрықша екі тұсын: дең Ол қасиеттер: қозу мен тежелу процестерінің күші, тепе-теңдігі, қозғалмалығы. Осы үш қасиетті негізге ала отырып гейге қарап сынып ішілік саралап оқыту және дамытушы сабақтар циклі бар «қиыстырылған оқыту жүйесі» - деп атаған.
Әрбір тақырып бойынша өткізілетін сабақтар кезектесіп келетін бес типтен құралады.
Бірінші – тақырыпты жалпы талдау сабақтары (оларды лекциялар деп атайды).
Екінші– қиыстырылған семинар сабқақтарда оқушылардың өзіндік жұмысының процесінде оқу материалының тереңдей талдануы. (Әрбір та- қырып бойынша мұндай сабақтар бірнеше рет 3-5-ке дейін өткізіледі).
Үшінші – қорытындылау және білімді жүйелеу сабақтары (олар тақы- рыпты, тапсырмаларды қорғау сабақтары деп аталады ).
Төртінші – материалды пәнаралық қорытындылау сабақтары (олар та- қырыпты, тапсырмаларды қорғау сабақтары деп аталады).
Бесінші– практикум сабақтары.
Балалардың даму деңгейінің біріңғай болмауына, жеке қабілеттерін-дегі айырмашылықта мен басқа да себептерге байланысты сыныпта оқу үздіктері
мен үлгермеушілер пайда болатыны белгілі. Сондықтан мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде: жаңа материалды беру, бекіту, қайталау, білім, білік, дағдыны бағалау кезінде деңгейлеп – саралап оқытудың ұйым-дастырады.
Онда әр түрлі қиындық дәрежесіндегі үш типті «А», «В», «С» деңгейлеу бағдарламасы алынады. Деңгейлеу бағдарламалары (деңгейлік тапсырмалар емес, тек бағдарламалар ғана) маңызды екі аспектіні, екі тұсты қарастырады.
белгілі деңгейдегі білім, білік, дағдының меңгерілуін қамтамасыз етеді. (репродуктивті деңгшейден шығармашылыққа дейін );
балалардың белгілі деңгейде өз бетімен оқуына, білім алуына жағдай жасалады (мұғалім тарапынан көрсетілетін тұрақты көмек, үлгі бойынша жұмыс, кеңес беруден бастап, өз бетінше толық жұмыс істеуге дейін).
«А», «В», «С» бағдарламаларының арасында қатаң сабақтастық бар. Олардың баяндау логикасында үздіксіздікті, жартылай болса да негізгі ұғымның бүтін суретін көрсететін әр тақырыптың міндетті минимумы беріледі.«С» бағдарламасындағы тапсырмалар базалық стандарт түрінде белгі-ленеді. Оларды орындай отырып, оқушы пән бойынша қайталау деңгейін-де нақты материалды меңгереді. Материалды алғаш меңгеру жұмыстарының сан рет қайталауын, мағыналық топтарды бөлу, негізгі ойды табу білігін, есте сақтау тәсілдерін білуді т.с.с. талап етеді. Сондықтан «С» бағдарламасының мазмұнына қалай оқыту керек, неге назар аудару керек, бұдан қандай қорытынды жасау керектігі туралы нұсқаулар енгізіледі.
Күрделенген тапсырмаларды бұл бағдарламадан кейінгі бағдарлама десе де болады. Орындауға кіріспестен бұрын «С» бағдарламасындағы тапсырмаларды әрбір оқушы орындауға міндетті.
«В» бағдарламасы қолдануға арналған есептерді орындау үшін қажет, ол оқушылардың оқу, ой есептерді орындау үшін қажет, ол оқушылардың оқу, ой әрекетінің арнайы тәсілдерін меңгеруін қамтамасыз етеді.
Сондықтан бұл бағдарламаға нақты тапсырмалармен қатар бірінші деңгейдегі – материалды кеңейтетін, негізігі білімді дәлелдейтін, суреттейтін, нақтылайтын ұғымның қолданылуы мен жұмыс істеуін көрсететін қосымша – мәліметтер кіргізіледі. Бұл деңгей мәліметтер көлемін кеңейтіп, негізгі материалды терең көрсетеді.
«А» бағдарламасының орындалуы оқушылардың алған білімді шығар- машылықпен қолданатын деңгейге көтереді.