Холериктемпераменті - .Бұл типтің өкілі аса қозғыштығымен соған орай мінез құлқыныңң ұшқалақтығымен көзге түседі. Халерик қарым –қатынаста күйгелек , бір беткей, шабуылға жаны құмар, іс-әрекетке пысық.Халерик жұмысты үзіп- үзіп істегенді ұнатады. Олар айналысқан ісіне жан тәнімен кіріседі. Ол жолда кездескен қйындықтың бәріне дайын тұрады, кедергілерді жеңіп мақсатына жетеді. Қайрат-жігері мұқалып ,өз мүмкіндігіне сенімі кетсе , еңсесі түсіп, ешнәрсеге мойыны жар бермей қояды. Осылайшы тек көңілі ауғанда істеушілік оның нерв қызметінің бір қалыпты тепе-тең еместігінен болады. Бұл жөнінде Павлов былай дейді: «байсалдылығы жоқ қажырлы адам кез-келген іске барлық күш жігерімен кіріседі де содан соң тез титықтап қалады, кейінен зауықы алмай қояды» дейді.
Холерик әрекетшеңдіәліг белсенділіке басымдау сонжықтан ол ұстамсыз қызба.
Сангвиник бұл темпераменттің өкілін Павлов қызу қанды іскер адам депте сипаттайды, бірақ ол ылғи қызықты іспен ғана айналысқанда ғана осындай күйде болады. Мұндай іс жоқ кезде жабырқанқы салбырт жұреді. Сангвиник адамдармен тез тіл тауып, жүйкелесе кетеді, бірақ жұртты жақтармайды. Колектив ішінде сангвиник көңілді ақ жарқын, іске бар ықыласымен кірісетін әуесқой адам. Осылайша жалындап тұрғанымен іске зауықы болмаса, яғни күнделікті күйгені көп төзімділікпен ерінбей жалықпайтын істеуді қажет ететін жұмыс тап болғанда сусынып қалады. Снгвинникте эмоция тез пайда болып, тез өзгереді. Бұл оның көңіл күйінен қолайсыз түрінен тез арылып, өзінің қызықтырған іске кіріскен кезде ақжарқын жаны жайсаң жағдайға түсе алады. Сангвиник назарын тарқандардың бәріне араласа кетеді, ым-ишарасымен қазғалыс қимылдары мәнерлі шапшаң, сәл нәрсеге қарқылдап күледі, болмашы себеппен көңілі қалып мұңайады.
Флегматик әрекеті енжар сезімталдылығымен көңіл шаруаларымен кең көріністі оны күлдіруде мұңайтуда оңай емес, төңіректің бәрі күлкіден жығылып, жатқанда ол міз қақпас, қай жағдайда да сабырлығымен байсалдылығын жоймайды. Ол шыдамды. Ұстамды. Сезімге берілмейді жаңа адмадармен араласып кете бермейді. Сырттай әсерге төзімді. Флегматик салмақты адам. Күшін босқа сарп етпейді. Бастаған ісін аяғына жеткіжеді.
Меланхолик бұл типтің адамдары аса сезімтал соның салдарынан жаны тез даралағыш келеді. Олар тұйық, қиын жолда жол тауып шығуға олақ, адамдардан оқшау жүргенді ұнатады. Ол қауіпті жағжайлардан қатты қорқады. Болмашы нәрседен көзіне жас үйіріп, өкпелегіш сырттай әсерді
күйзіліспен қабылдайды. Меланхоликтің жігері кем өзіне сенімсіз үркек болмашы қиындықтан шыға алмайды, тез шаршайды, тұйық келеді.