Егер сіз оқушыларды қадағалайтын болсаңыз, олар сабақта да, үзілісте де, ойын үстінде де, еңбек, дене шынықтыру сабақтарында да олардың активтілігі және эмоциялары әртүрлі болады. Кейбіреуі тым қозғалғыш, сабақта өте белсенді, өзгерістерді елемей тез араласып кетеді және олардың эмоциялары өте айқын, ұстамсыз түрде көрінеді. Ал, екінші біреуі, байсалды, баяу жұмыс істейді, сөйлегені созылыңқы және бірқалыпты, эмоциялары мүлде көрінбейді деуге болады. Бұндай балалар өз жетістігі мен кемшіліктеріне мән бермейді. Ал, енді кейбіреулері, еті тірі, сөзшең, өмірге риза, бірақ бейқам, қозғалғыш, сезімге тез берілетін балалар. Тұйық, ұялшақ, ақырын сөйлейтін, ренжігіш оқушылар да өздеріне назар аудартпай қоймайды. Бұл айтылған әртүрлі темперамент белгілері төрт оқушы типін көрсетеді:холериктер, флегматиктер, сангвиниктер, меланхоликтер. Темперамент қозғалғыштықты бейнелейді, ал қызығушылық пен көзқарасты бейнелемейді. Екі әртүрлі темперамент өкілдерін алайық, олардың жасаған іс- әрекеті де әртүрлі болады.
лекцияғақажеттісхемалар,суреттер,плакаттар,формулаларт.б.:салыстырмалы зерттеулердін сызба –схемасы, презентация (слайд-шоу), әдістемелік нұсқаулар және журналдар.
Бақылау сұрақтары:
Темперамент туралы ілім?
И.П.Павлов жүйке процестерінің күшіне орай қалай жіктеді?
Темперамент түрлері?
Оқушылардың темпераментін ескере отырып биология сабақтарының сапасын арттыру
Оқушылардың психофизиологиялық қасиеттерін анықтай отырып биология сабақтарында әр түрлі әдістерді пайдалану
10 лекция
Тақырыбы Жаңа педагогикалық инновациялық қарым қатынасты ізгілендіру
Жоспар: Сабақтың бастапқы кезеңінде (мақсатты айқындау) қолдануға болатын тәсілдер
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі немесе зерттеу және іздену кезеңінде пайдалануға болатын әдістердің түрлері.
Сабақтың соңғы кезеңі немесе үйренгенді айқындау кезеңінде пайдалануға болатын әдістердің түрлері