Бастапқытоптар Сарапшылартоптары Бастапқы топтар(Құрамында№1, → (Құрамындатек№1 → (Құрамында№1,Дөңгелекүстел- шағын топ ішінде (3-5 адам) студенттердің қарасты-рылып отырған тақырыбы (сұрақ, проблема, мәселе, идея, тұжырым, т.б.) бойынша кезекпен сағат тіл бойынша белгіленген уақыт аумағында (1-2 минут) өз ойларын ауызша ортаға салу тәсілі. Дөңгелек үстелде келесі ере-желерді
ұстаған жөн:
*біреудің сөзін бөлуге боламйды;
*басқаның пікірін силау керек: келіспегенімізді сөз, мимика, ишарат, интонация арқылы білдіруге болмайды;
*берілген уақыт шеберінен аспау керек;
*сұрақтар туындайтын болса, оларды дөңгелек үстел аяғында ғана қою- ға болады. Дөңгелек үстелде сөз бір студенке бірнеше рет айналып келу мүмкін. Келесі сөйлегенде оқушылар алдындағы ойларын қайталамай, ол- арды ары қарай жалғастыру және басқалардың пікірінде ескере отыру қа-жет. Болжау- дегеніміз жаңа тақырыпты өткенге дейінгі білімі және ой бол- жамдары, өмірден жиған – тергені.
Т–кестесі–бір–біріне қарама–қарсы (“ия/жоқ”, “келісемін/келіспеймін”, “қарсымын/жақтаймын”, “ішкі/сыртқы”, “басы/аяғы”, “маңызды/маңызды емес”, “себебі/салдары”секілді) немесе салыстыруға болатын (мәселен, екі объект) ақпаратпен пікірлерді келтіруге арналған жазу кестесі. Оқушылар алдымен берілген тапсырма бойынша өз ойларын кестеге түсіріп, жеке жұ- мыс жасайды, содан соң олар жұптасып немесе шағын топ ішінде (4–6 адам) кестелерін салыстырып пікірлеседі. Жазғандарын толықтырады. Осыдан кейін тақтада оқытушы бүкіл сыныпқа ортақ кесте құрастыруына болады. Әр топ бұл кестеге екі үш пікірін ұсынады. Т–кестесі оқытушыға екі жақты тапсырмаларды шығармашылық тұрғысынан түрлендіруге жан – жақты мүмкіншілік береді.
Аялдамаменоқу- бұл оқушылардың үлкен тақырыпты тез меңгеруіне көмектеседі, яғни аялдамамен оқуда тақырыпты тақырыпшаларға бөле отырып оқиды. Ол жерде оқып шыққан мәтініне оқушының өзі тақырып қойып, түсінгенін көршісіне түсіндіреді.
Кластер– (“жүзімнің шоқтары” деген мағынада) идеялармен ақпарат-тар арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. Не-гізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның ортасындағы шеңберге жа-зылады да, одан туындағын тақырыпшалар оның жан – жағына жазылып шеңберленеді, оқушылар оларды бірі – біріне сызықтармен қосада да, өз-ара байланыстары туралы әңгімелейді. Тақырыпшалардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздеген де тиімді. Әдетте клас-терлер оқушының жеке орындалуынан басталып, одан кейін жұмыс жұпта немесе шағын топта жалғасады.