Сұрақтар тұрғысынан Т-кестесінің түрі: оңай сұрақтар қиын сұрақтар
Жауабы мәтінді бар сұрақтар жауабын іздейтін, жауабы табылмайтын сұрақтар. Сұрақ қою өте қиында жауап беру оңай болуы керек.Т–кестесі оқытушыға екіжақты тапсырмаларды шығармашылық тұрғысынан түрлендіруге жан – жақты мүмкіншілік береді
Аялдамаменоқу- Аялдамамен оқу оқушылардың үлкен тақырыпты тез меңгеруіне көмектеседі, яғни аялдамамен оқуда тақырыпты тақырыпшаларға бөле отырып оқиды. Ол жерде оқып шыққан мәтініне оқушының өзі тақырып қойып, түсінгенін көршісіне түсіндіреді.
Кластер – (“жүзімнің шоқтары” деген мағынада) идеялармен ақпараттар арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. Негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындағын тақырыпшалар оның жан – жағына жазылып шеңберленеді, оқушылар оларды бірі – біріне сызықтармен қосада да, өзара
байланыстары туралы әңгімелейді. Тақырыпшалардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздеген де тиімді. Әдетте кластерлер оқушының жеке орындалуынан басталып, одан кейін жұмыс жұпта немесе шағын топта жалғасады. Кластер-байланыстыру, ұйымдастыру, жүйелеу.
Алдын-алаберілгенатаулар- мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды.Бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша яки жазбаша (соңғысы тиімдірек) орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім бірнеше оқушыдан ойы мен пікірін тыңдауына болады. Бұл тапсырманы күрделендіруге де болады. Ол үшін алдын-ала берілген атаулардың ішіне сабақ тақырыбына қатысы жоқ бейтарап сөзді қосуға болады. Мәселен, биология сабағында «Фотосинтез, хлорофилл, дәптер» сөздерін келтіруге болады. Бұл жерде соңғы сөз оқшаулау, сонда да студенттер жоғарыда келтіргендей олардың өзара қатынасы мен байланысы туралы өз ойларын келтіруі керек.