Орталық азия инновациялық



бет28/39
Дата04.10.2022
өлшемі238,02 Kb.
#41280
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39
Атаулар туралы үш сұрақ - бұл тәсіл «Алдын-ала берілген атаулар» тәсіліне ұқсас. Оқытушы сабақ басында жаңа тақырып бойынша үш терминді тақтаға жазып, оқушыларға осы атауларға қатысты келесідей сұрақтарға жазбаша жауап беруді тапсырады:

  1. Бұл терминдері сіз бұрынырақта қайда және қандай контексте кездестіріп едіңіз?

  2. Өз тәжірибеңізден осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?

  3. Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз? Әдеттегідей бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен (шағын топ ішінде) ауызша не жазбаша орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім бірнеше оқушының пікірін тыңдайды.Мұғалімнің сұрақтарды шығармашылық тұрғысынан әр сабақта тақырыпқа байланысты өзгертіп отыруы тиімді.



2 кезең Жаңа ақпаратпен танысу кезеңінде ( зерттеу мен іздену) қолдануға болатын тәсілдер.


Сабақтың бұл кезезінде мұғалім оқушыларға білім алудын белсенді тәсілдерін ұсынып, олардың өздігімен жаңа мәліметті жан-жақты қарастырып, зерттеп, игеруге мүдделі. Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жаңа ақпаратпен танысып, ол туралы өзіндік пікір қалыптастырады.


Оқушылар бұл кезеңде «Қалайша жаңа білімге үйренем /түсінемін/ игеремін?», «Қандай тәсілдерді қолданған тиімді?», «Бұл мәлімет туралы менің ойым /түсінігім/ қатысым қандай?» деген сұрақтарға жауап беруге ізденеді.
Белгі қойып оқу немесе INSERT - жаңа мәліметті игерудің интербелсенді тәсілі. Студенттер лекцияны тыңдағанда немесе мәтінді оқығанда жекелей келесідей кестені толтырып отыруы керек:

V

+

-

?

«Бұрыннан білемін» Мұнда оқушылар тақы-рыпта Кездескен бұрыннан білетін мәліметтерді
келтіреді.

«Жаңа ақпарат» Бұлжерде оқушылар осы)
тақырыпта жаңадан білгенін
жазады.

«Менің ойымдағыма қайшы, кереғар» Мұнда оқушылар бұрынғы білімдеріне қарама-қайшы
тақырыпта (мәтінде) келтірілген мәліметтерді келтіреді.

«Білгім келеді» Бұл бағанда оқушылар өздері келіспейтін немесе түсініксіз болған, жақтарын жазады.



ЖИГСО – көлемді мәліметтер мен мағлұматтарды оқушылардың өздігінен игеруге және бірін – бірі оқытуға бағытталған тиімді тәсіл. “ЖИГСО” деп 50 – ші жылдары балаларға арналып шыққан құрастырмалы ойыншықтарды атаған, оның әр бөлігі өз орынн тапқанда ғана ойыншық бүтын болып шыққан. Оқушылар көлемді мәтінді әрқайсысы жіке – жеке шағын топ (бастапқы топ) ішін оқып шығуы керек (1). Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, құрамында әр бастапқы топтан бір оқушы бар жаңа топтар (сарапшылар тобы) құрылады. Сарапшылар тобында оқушылар мәтіннің белгілі бір бөлігін ғана жан – жақты талқылайды. Енді олардың осы бөлік бойынша білімі басқалармен салыстырғанда анағұрлым жоғары болғандықтан, олар аталмыш бөлімнің “сарапшысы” (2). Осыдан кейін сарапшылар бастапқы топтарына
қайтып оралып, өзгелерді өз бөлімдеріне үйретеді (3).
Бастапқы топтар Сарапшылар Бастапқы топтар (құрамында №1 (құрамында тек №1 (құрамында №1
№2, №3, №4 оқушылар бар). №2, №3, №4 оқушылар бар) оқушылар бар)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет