Орталық азия инновациялық


Мұғалімнің негізгі мақсаты



бет34/39
Дата04.10.2022
өлшемі238,02 Kb.
#41280
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ барысында оқушыларға терең де, тиянақты білім беру. Жан-жақты түрлендіре өткізілген сабақтың оқушылардың тіл байлығын дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге, логикалық ойларын жетілдіруге ықпалы зор.
Тестік бағалау зерттеудің статистикалық әдістерін қолдануға мүмкіндік береді., нәтиженің дұрыстығын анықтауға және белгілі бір дәрежеде оқушылардың жалпы дайындығы деңгейін бақылауға мүмкіндік береді, бірақ ол жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін ескере алмайды. Өйткені барлық сұрақтардың жауаптары алдын ала жоспарланып қояды, сондықтан жаңашылдық шешімдер бағалаудан тыс қалады. Сонымен қатар, тестер шешімдер нәтижесі жөнінде талдауға мүмкіндік береді, бірақ олар адамның сол шешімге қалай келгенін білуге мүмкіндік бермейді, оқушылардың ойлаудағы қадамдары (ой жүрісі) бақыланбайды..
Биологияны оқытудың өзін де оқушыларға ауызша (лекция), көрнекті құралдар, практикалық (лобараториялық) сабақтардың бірін – бірі толықтыра отырып оқушыға толықтай білім беруге болады. Оның өзін де оқушының күнделікті сабаққа дайындалып, жаңа ғылыми мақалалармен, әдебиеттермен танысып отырып білімін көтеріп отыруы керек. Неғұрлым оқушының білімі жан – жақты, терең болса оның оқушылары соншалықты білімді болады. Сонымен қатар окушылардың білім деңгейі олардың өзіндік қабілетіне байланысты. Оларды ІІІ топқа бөлуге болады. І топтағылар берілген материалды толық меңгеріп, оған қосымша материал берсең де меңгере алады, оған өздігінен жұмыс істеуіне мүмкіндік беу керек, яғни оның қабілеті басқа оқушыларға қарағанда жоғары.ІІ топтағылар материалды толық меңгере алады, бірақ кейбір сұрақтарға жеке, талдап түсіндіруді қажет етеді.
ІІІ топтағы оқушылар материалды баяу меңгереді, оларға бір материалды түсіндіру үшін бір сабақ жеткіліксіз. Әр материалдың бірнеше сағат және жеке отырып түсіндіру керек. Бұған уақыт аз және де бұлармен жұмыс істеу уақытыңды алады. Бұл кезде 1 – ші топтағы оқушылар материалды меңгеріп қойған олар алға жылжығысы келеді. Осыған байланысты жақсы оқитын оқушыларға бөлек топпен оқытса дұрыс болар еді деп ойлайсың.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет