Орталық азия инновациялық


Оқушылардың модульдығын анықтау



бет36/39
Дата04.10.2022
өлшемі238,02 Kb.
#41280
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
lek 2131 163248.618

Оқушылардың модульдығын анықтау.


Модульдық -деп біз мағлұматтарды қабылдау мен өңдеудің бір каналын таңдап алуды түсінеміз. Модальдық жайлы сөз қозғасақ, біз оқушының мағлұматтарды қабылдау каналдарын өз ыңғайына қарай таңдап алуын айтамыз: визуалды, аудиалды және кинестикалы. Ашып айтқанда, адамдар мәліметтерді тек қабылдау тәсілімен ғана ерекшеленбейді. Сондай – ақ сіңіру және сыртқа шығару тәсілдерімен де ерекшеленеді. Сондықтан мұғалім оқушының танымдық мүмкіндіктерін екшелеуде өзінің мамандық дағдыларын ұлғайтқысы келсе, оқушының, оқудағы табыстылығы үшін модальдық зерттеулерде өзі үшін жаңа, пайдалы мәліметтер ашады. Әрине, өмірде «таза», «визуал», «аудиал» не «кинестетикті» кездестіру мүмкін емес. Бірақ, психофизиологтардың зерттеулері көрсеткенідей, мағлұматтарды қабылдау каналының бірі басқасынан секундтың бірер бөлігі ерте қосылуының өзі сырттан келген мағлұматтарға жауап реакциясын таңдауға әкеп соқтырады, соның салдарынан мұғалімнің берген оқу материалын түсініп есінде сақтауы жоғары дәрежеде болады.
Мұғалімге оқушының психофизиологиялық сипаттамасын да білу қажет, онда мидың жартышарларындағы функциональдық ассимметрияның болуы не болмауы көрсетіледі. Оқушының мұндай іс - әрекеттерінің сипаттамаларын білу арқылы оны оқытуда тиімді тәсілдерді пайдаланумен қатар, сабақтан тыс уақытта баламен араласу тиімділігін арттыруға болады.
Бұл жерде екі түсініктің арасын ашып алуымыз керек. Оларды араластыру мұғалім үшін педагогикалық қателіктерінің көзі болып табылады. Сөз оқудағы табыстың құрамын құраушы мотивациялық және ерік
күші туралы болуда. Адам миындағы кейбір орталықтарда ауытқулар болғанда олардың күш - жігері кемиді. Жігерсіздік (апатия), оқушының күш жігерінің азаюы, педагогикалық практикада көбіне – «ол ешнәрсе істегісі келмейді» деп айтылады. Іс жүзінде мұғалім оқушының пәнге құлшынысының азаюын, оның жігерсіздігі деп түсіндіреді. Бірақ мида бәріне жауап беретін арнайы мысалы, биологияны оқудағы күш – жігерге жауап беретін орталықтар жоқ,. Егер сіздің оқушыңыз басқа сабақты қызығып оқып, мектептен тыс уақытта да шұғылданатын болса, онда сіз оның ерік – жігеріне төмен баға бере алмайсыз, тек сіздің сабағыңызға деген қатынас деңгейінің төмен екенін ғана көрсете аласыз.
1 – кестеде оқудағы табысты құраушы әрбір бөліктің салыстырмалы деңгейінің өсуін педагогикалық және психолого – педагогикалық анықтауда қолданылатын шартты өлшемдер келтірілген. Бұл шартты өлшемдердің біреуінің сипатына толығымен тоқталу керек. Көбіне оқушының оқу мүмкіндіктерін мұғалімнің төмен бағалауы оның оқуға ынтасының төмендеуіне әкеп соқтырады. Осылайша мұғалімнің қателігі оқушының оқу талабына зиянын тигізеді.Білімді бағалауды нақты мектептерде қабылданған жүйеге сүйенеміз. Бес баллдық, он баллдық, жүз баллдық бағалау жүйелері бар. Іс жүзінде бұл бағалау жүйелері бағалау нәтижелеріне әсерін тигізбейді. Оқушылардың еңбегін бағалау жүйесі ұпай санымен сипатталмайды. Мұғалімге ғана емес оқушыға да әр ұпай мәні түсінікті болғандағы жүйе ең тиімді болып саналады. Бастысы бағалау жоғарыдан болмау қажет, яғни ең жоғарғы ұпайдан қателіктері үшін ұпай шегеру емес, төменнен әр жұмысқа ұпай беріп жоғарылатқан дұрыс.
1- суретте оқушының оқудағы табысының құрылымы коррдинат жүйесінің екі өсінде көрсетілген. (Қазіргі уақытта табыстың бұдан да толық нұсқасы - үш өсті келтірілген, оған тағы бір сипат – экологиялық қосылған).
Тік өс биологиялық, әлеуметтік және рухани құрамдауышының табысқа қосқан салыстырмалы үлестерін көрсетеді: баланың сондай-ақ үлкен адамның «істеймін» және «жасаймын» түсініктері генотипке көп қатыста болады. Кейде белгілі дағдыны қабылдауды (мысалы, дене мүшесінің кемістігінде) немесе оқу жолын нақты іске асыруды немесе өзін-өзі көрсетеуді толығымен шектегенде. Табыстың рухани құраушысын іске асыруда оқушының білімі жүйеленген және жеткілікті болумен қатар оның себептілік – қажеттілік сферасының өсуі жоғары дәрежеде болуы керек.
Көлденең өсте табысқа жету кезіндегі оқушының субъектілігі үлесін көрсетеді: үлгінің оң жағы – «білім» мен білу – оқушының басқа бір адаммен бірігіп жұмыс жасағанда жұмыс істейді (оқушы кітап оқығанда авторымен бірігіп жұмыс істейді деп саналады).
Бірақ ешкімді зорлап білгізу, ынталандыру мүмкін емес. Зорлап басқаның мүмкіндіктерін иелендіруге болмайды. Сондықтан «қалаймын» және
«істей аламын» біздің модельде көлденең өстің сол жағына тізілген, бұл жерде табысқа жетудегі оқушының субъектілігі ерекше көрінеді.
1-суретте оқушының табысының әр бөлімінің қосылуы мен өсуінің шарттарын қамтамасыз етуде қандай педагогикалық әсерлер жұмыс жасайтыны көрсетілген. Бұған қарап мұғалім білім мен дағды бере алатыны, ал дағдыны оқушының табысқа жетердегі құралына айналуы үшін әрі қарай жатықтыру керек екенін көреміз.
Есте сақтау қабілетін, назарды, әр-түрлі модальдықта жұмыс істеу қабілетін де жаттықтыру керек. Бірақ қызығу, қалау, бағалау жүйелері тек тәлім беру арқылы қалыптасады. 2-суретте өлшемдердің әрқайсысы орталық нүктеден шыққан кескінді ретінде берілген, ол шаманың өсу дәрежесі – осы кесіндінің ұзындығы. Бұл жағдайда оқушының жалпы оқу мүмкіндігінің моделі. Тұйық фигура болып көрінеді, ол кесінділердің шеткі нүктелері арқылы өткен қисық сызықпен шектеледі.
Мұндай графикалық сызба оқу жұмысының дербес стилі ОЖДС-нің тағы бір маңызды өлшемі «білімгерлігі» немесе оқу үйрену мүмкіндігінің деңгейін көруге болады.
Бұл өлшем оқушының өсуінің жақын аралығының интегралды сипатын көрсетеді:, сондай-ақ басқа сипаттардың өсуіне тәуелді болады, білімгерлік тақырыпқа қызығу деңгейімен де анықталады және жалпы – оқу дағдысының өсуі мен, сондай-ақ жеке адамның психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады.
Сонымен модальдық дегеніміз – бала үшін оңай, қалаулы мәлімет қабылдау арнасы (сондай-ақ мәліметтерді өңдеу және берудің де қалаулы тәсілі).
Мұғалім үшін оқушының өзіндік жұмыстарының материалдары мен формаларын беру тәсілдерін анықтауда маңызды өлшем болып табылады.
Модальдық арнайы тәжірибелерде анық көрінеді, бірақ педагогтың бақылауы көрнекі өкілдерін табуға көмектеседі.
Айқын визуал - өзінің түріне, дәптеріне көп көңіл бөлетін оқушы, столдағы , тақтадағы тәртіпсіздіктерді жақтырмайды тағы сол сияқты.
Айқын аудиал – түсінгісі келгенін ауызша жиі айтады. Өзі - өзімен сөйлескен сияқты өзіне құлақ қояды. Ойсыз терезеге қарайды, әртүрлі сызбалар, суреттер салып отырады, бірақ сіздің не айтқаныңызды тыңдап отырады. Ол жазбашадан, ауызшаны артық көреді.
Айқын кинестетик- көбіне ол өте жылдам, жеңіл алаңдайды. Тиіскенді жылдам сезеді, сезімін жылдам көрсетеді. Көбіне ұқыпты емес, бірақ оқу есептерін шешкенде ойлау тәсілдерінде қабілеттілігі жоғары. Бұл балалар мұғалім үшін көптеген қиындықтар туғызады, әсіресе кинестетик болмаған жағдайда. Егер олар дүниемен басқаша байланыс тәсілдерін игерсе, жарқын өнер адамдары туындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет