Орталық ЖҮйке жүйесінің физиологиясы


Мишықтың қызметі, оның қозғалыстарды реттеудегі маңызы



бет5/30
Дата07.05.2023
өлшемі406 Kb.
#90894
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Физиология эталон толык

5. Мишықтың қызметі, оның қозғалыстарды реттеудегі маңызы. Мишықтың зақымдану салдары.
Әр біреуі үлкен ми сыңарларыңың артқы жағында, сопақшамидың үстінде орналасқан қос жарты шардан жәңе ортаңғы бөліктен тұрады. Бұл жарты шарда қалыңдығы 1--2,5 ми жұқа қыртыс қабығы, ақ заттың ішінде теңбілденіп сұр заттар -- ядролар бар.
Мишық орталық жүйке жүйесінің басқа бөлімдерімен төменгі, ортаңғы, жоғарғы аяқшалары арқылы жалғасқан. Осы аяқшалар арқылы, жұлыннан, кіреберіс (вестибула) ядролардан, торлы құрылымнан. келіп түсетін серпіністер мишыққа тоғысады. Мишықтан шыққан эфференттік талшықтар одан әрі ми қыртысына, қыртыс астындағы ядроларға; ми бағанының торлы құрылымына, көрутөмпешігіне, қызыл ядроға, сопақша миға, жұлынға жеткізіп тұрады. Мишықтың ең бас қызметі -- адамның өз еркімен атқарылатын не оған бағынбайтын қимыл-әрекеттерді үйлестіріп отыру. Қандай да болсын қимыл-әрекеттің дәлме-дәл орындалуы, тепе-теңдікті сақтау мишыққа байланысты. Алайда мишық қызметі толық бұзылса да, тіршілік тоқтамайды, ал мишық біртіндеп көп жылдар бойы бұзылатын болса, мишықтың қызметін мидың басқа бөлімдері, әсіресе ми қыртысы өзіне алып қимыл әрекеттерін түзете алады.
Адамның мишығына кенеттен қан құйылса да осылай болады. Иттің мишығын мүлде алып тастаса атаксияға (жүріс-тұрыстың бүлінуі) ұшырайды: ол жүрген кезде тәлтіректейді, теңселеді (мас адам сияқты) сирақтарын адуындап алшақ басады (14-сурет). Мұнымен бірге әр қимыл әрекеті алдында, соңында еріксіз және керексіз қимылдар. (астазия) жасайды -- теңселіп, шайқалады. Дене еттері солғын тартып күшінен (астения), табиғи тонусынан айырылады. (атония),дәлірек айтсақ дистония туады, яғни ет топтары тонусының біркелкілігі, осыған орай қимылдың да біркелкілігі (дәлдігі) бұзылады (дисметрия) және дененің екі жағындағы бірыңғай еттер қимылының біркелкілігі бұзылады (асинергия). Әсіресе өте тез орындауды қалайтын мақсатқа сайкес қимыл-әрекеттері орындалмайды (адиадохокинез). Мишығы зақымдалған адам әдеттегідей. желдіріп табиғи екпінмен сөйлей алмайды: біресе жай, біресе созып, біресе жедел сөйлейді, оның дауысы бірде қатты, бірде ақырын шығады (дизартрия). Мишықтың бір жақ жартысын алып тасталса, сол жақтың ғана қимылы өзгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет