Отамалы (әңгіме)


Төртінші күн. Тағы жел. Тағы боран. Ащы аяз



бет24/35
Дата06.01.2022
өлшемі62,39 Kb.
#11675
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35
Байланысты:
OTAMALY

Төртінші күн. Тағы жел. Тағы боран. Ащы аяз.

Отамалы күрк-күрк жөтеледі. Арсыз боран да мазақтап, күрк-күрк дейді. Артынан өңешін жырта қарқылдай ала жөнеледі.

Жарық болды. Қойлардың қорамы қарауытып көзге шалынды. Топ онша өзгермеген сияқты. Отамалы қуанып, ішінен бірдемелерді күбірлегендей болды.

Жердегі қардың бірі қатып, бірі қатпаған. Отамалының қайыс етігі кей жерде қарға батпай, жеңіл аттаса, кей жерде тереңге күмп береді. Кейде жығылып қала жаздайды. Енді таяғы үлкен жәрдем болды, соған сүйеніп жүріп келеді. Тек оның бір жаман жері — ұшы қарға кіріп-кіріп, кейде қайта суыру біраз күшке түседі.

Ішінен Отамалы, егер күн өзгермесе, қойлар ертеңнен аса алмас деп ойлайды. Бір көмескі сезіммен өзінің де халінің нашарлығын сезгендей. Қазір ғана жүрегінің бір шетіне қорқыныш ұялғандай. Бірақ ол қандай қорқыныш? Белгісіз. Ол таяғын жан-жағына сермеп, әлгі қорқынышты қуғандай қимыл жасады. Шынында да бұдан кейін қорқыныш сейілгендей болды. Кенет, бұл, шамасы, түс кезі болу керек, Отамалының үсік шалған өкпесіне біреу найза сұғып алғандай болды. Онша қысылмайтын, көп саспайтын адамның терлегеннен беті түтігіп кетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет