Отбасындаѓы тєрбиеніњ кейбір мєселелері


Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі



бет8/12
Дата12.06.2023
өлшемі72,52 Kb.
#100670
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.
Бүгінгі таңда жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттарын жүзеге асыруда мектеп пен отбасы қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болды. Отбасы мен мектеп тәрбиесі талаптарының ұштасуы, мұғалімдер мен ата-ананың сөз бен іс бірлігі тәрбие процесінде әрқашанда жақсы нәтижеге жеткізді. Дегенмен де қазіргі кезеңдегі жас ұрпақ тәрбиесінде отбасы мен мектеп іс-әрекетінде сәйкессіздіктер бар. Семья мен қоғамдық тәрбие қарым-қатынасы да әр түрлі көрініс береді.
Бала тәрбиесі процесінде окушылар, мұғалімдер, тәрбиешілер және ата-аналар біртұтас ұжым құрайды. Мұндай тәрбие ұжымының ортақ мақсаты қоғамға лайық ұлттық сана сезімі оянған, интернационалист, пат-риот, қоғамға пайдалы еңбеккер, рухани жан-жақты дамыған адам тәрбиелеу.
Отбасының үздіксіз өсу үстіндегі материалдық және мәдени мүмкін-діктерін балаларында адамға тән ең жақсы қасиеттер қалыптастыруға шебер пайдаланып, жауапкершілікпен дұрыс талап коя білетін ата-аналар - үлкен құрметке лайық адамдар.
Өкінішке орай мінез-құлқымен және ісімен балаларында тоғышарлық психология: өзімшілдік, дүниеқорлық, мансапқорлық қалыптастыратын отбасылар да кездеседі.
Мұндай отбасында тәрбие алған балалар өсе келе басқалардан дүние-мүлік артықшылығына жетуге ұмтылып, кейде моральға жат іс-әрекеттерге ұрынады.
Біздің қоғамымыздың моральдық кодексін, адамгершілік принциптерін біле тұра, оның үстемдігі үшін күреспейтін, тоғышарлыққа бой ұрған ата-аналар туралы не айтуға болады? Олар өздерінің бейсаясаттығымен, идеясыздығымен баланың адамгершілік тәрбиесіне орасан зор кесір келтіреді.
Әкелер ролі туралы
Ал кейбір отбасында баланың барлык тауқыметін анаға жүктеп, өзін ұрпақ тәрбиесінен аулақ ұстайтын әкелер бар. Олардың отбасындағы тәрбиеге ықпалы болмағандықтан балалар үшін беделі де болмайды. Мұндай отбасында ана әкенің де, шешенің де орнын толтыруға тырысады. Сөйтіп, жүйкесі шаршаған ана ашу-ызасын айналасындағылардың бәрінен бұрын баласына төгеді. Егер мұндай отбасында әжесі болатын болса, ата-ана ролі мүлдем бұлыңғыр күйде болады: әжесі ананың міндетін аткарып, анасы әкенің жүгін өзіне алады, ал әке ролі белгісіз күйде болады. Осылайша ер адам ықпалының орасан зор жетімсіздігіне ұшыраған бала отбасындағы әйелдер ыкпалында өседі. Әрине бұл жақсы емес. Жасөспірімдердің тәртіп бұзушылығы әкелері тәрбиеге араласпайтын отбасыларда жиі кездеседі.
Қазіргі кезде әйелдер өздерінің мүмкіндіктерін қоғамдық ортада да, отбасында да толық көрсете алады. Азаматтар мен азаматшалардың қоғамнан алатын орны, атқаратын міндеттері теңелуі тұсында әйелдердің бейімділігі мен икемділігі көбірек байқалуда. Өзі, әйелі, балалары үшін жауапкершілік жүгін арқалап келген ерлер енді азаматтық міндеттерін моральдық, материалдық жағынан да әйелдермен бөлісуде. Ал кейбір отбасыларда әйелдерден көп кейін қалуда. Осының салдарынан ұрпақ тәрбиесінде олардың ролі төмендеп, отбасында өсіп келе жатқан балаға ықпалының жетімсіздігі актуальды мәселеге айналды. Тек үйде және бала-бақшаларда ғана емес мектептерде де әйелдер ықпалы басым. Сыныптағы оқушылардың жақсы оқитындары да, белсенділері де, көбінесе, қыздар болып келеді.
Әрине, мектепте ер мұғалімдер де болуы тиіс. Олар мектеп өміріндегі карым-катынасқа игі әсер етеді, кеңпейілділік, кешірімділік атмос-ферасының орнығып, эмоциялық қақтығысты азайтуға көмектеседі.
Көптеген жағдайларда әке тәрбиеші ретінде әлдеқайда сабырлы, табанды. Сондықтан да мектептердің педагогикалық ұжымдары алдында әкелерді тәрбие жұмысына кеңінен тарту және олардың педагогикалық біліктілігін арттыру міндеті тұр.
Отбасы педагогикасы — өте күрделі. Сондықтан да ата-аналарға педагогикалық даярлық қажет. Түрлі конференциялар, лекциялар, пікір алысулар т. б. оларға педагогикалык білім берудің-сәтті формалары
Қазіргі кезеңде жас ұрпақтың адамгершілік тәрбиесінің актуалдылығы мейлінше өсуде, соған орай бала тәрбиесінде әке ролінің артуы өмірлік кажеттілік.
Отбасында да, қызметінде де беделді, ісі мен сөзінде кайшылық жоқ, өзіне де, өзгеге де қатаң талап коятын, тәрбие ісінде табанды әкелер балаларын адамгершілікке, өмірлік дұрыс көзқарасқа тәрбиелеуде, айтарлықтай нәтижеге жетеді.
Бала тәрбиесінде ата-ананың адамгершілік беделінің ролі ерекше маңызды. Кейбір ата-аналар педагогикалық сауатсыздығынан өздеріне жалған бедел жасап, соны пайдаланғысы келсе, ал кейбіреулері бала тәрбиесінің өскелең талаптарын орындауға шамасы жетпей, оны ата, әжелеріне немесе балабақша мен мектепке, қоғамға жүктегісі келеді.
Ата-ана жалған беделді қалай жасайды және оны қалай пайдаланады. Ұлы педагог А. С. Макаренко мұны былай түсіндіреді:
- Әкесі не шешесі балалары тәртіп нормаларынан сәл ауыткыса, жаза қолданады.
- Әке-шешесі саналы түрде балаларымен өте жақын қарым-катынаста болмай, оларға тапсырманы ата-әжелері арқылы береді;
- Ата-ана өзін таныстарымен, кызметтестерімен тәкаппар ұстайды, оны балалары үйренеді;
- Әке не шеше балаларына орынсыз бәйек болып, жөнді-жөнсіз ұзақ ақыл айтып, оның орындалуын қадағаламайды;
- баласын асыра мақтайды;
- баласына тіл алдыру үшін, үлгерімін жаксарту үшін сыйлық береді.
Балаларының жас ерекшелігіне қарамай оларды өздерімен тең ұстауға тырысады. Осылайша кейбір ата-аналар балаларының алдында шектен тыс қатал немесе мейірімді, қолы ашық адам болып көрінуге ұмтылып, ақылгөйлікке салынып, балаларын өзімен тең ұстауды ерекшелікке санап, ал өзі қатарластармен тәкаппар мінез керсетіп, ұл-қызы алдында жалған мінез-құлықпен беделді болуға күш салады. Жалған бедел жасаумен педагоги-калық білімнен мүлдем хабарсыз ата-аналар ғана айналысады. Себебі оларды бұған еш жерде оқытпайды. Ал білген жағдайда да жалған бедел жинауды әдетке айналдыратындар аз емес.
Болашақ десек те, келешек десек те бұл сөздер «бала», «ұрпақ», «өркен»- деген мағынаға барып тіреледі. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығының өзі дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, яғни қандай тағдыры бар, кім болар деп, сол жолда ата-аналық борышын ақтау.
Баланы туу - бұл тек әке немесе ана болу деген сөз емес. Әке мен ана болудың өлшемі шынайы достық болып табылады. Бала-сіздің қуанышыңыз ғана емес, сондай-ақ болашақ азамат та, ол үшін сіз еліміздің алдында жауап беруге тиіс екеніңізді әрқашан есте ұстауыңыз керек.
Жанұялық өмір, балаларды тәрбиелеу - күрделі, әрі нәзік іс.

Ата-ананың өзіне қоятын талабы, ата-ананың өз жанұясына құрметі, оның бала өміріне бей-жай қарамауы, ата-ананың әрбір қадамын жіті бақылауы, міне, тәрбиенің ең басты және ең бірінші әдісі.


Отбасылық өмір құрушы отбасылар өздері құрған жанұя үшін қоғам алдында жауап береді. Өмірдің азаматтық тұрғыға көтерер ең маңызды, ұлағатты-адамгершілік қарым-қатынас та сол жанұя өмірінің өзінен басталады. Сөйтіп, бала отбасы өмірінде қалыптасқан тәртіп пен әдеп ережелерін және тұрмыстағы психологияны игеру арқылы тәлім-тәрбие алады. Бала жақсы адам болып өсуі үшін ол күн сайын дерлік отбасы мүшелері арасындағы ең жарасты, ең әділетті қарым-қатынастардың куәсі болуы керек. Ол ата-анасының өзіне қандай қамқоршы екенін көріп отыруымен қатар, ата-анасының да өзара бірін-бірі осылай қастерлейтінін аңғарады.
Ежелден балажан қазақ халқы баланы «жүректің миуасы» болашағым деп қарайды, «көңілдің гүлі, көздің нұры»-деп түсінеді, отбасының басты қазығы, алтын тіреудің гегі, адамгершіліктің айғағы деп санайды.
Сондықтан да балаға зор үміт артып, арманын ұрпағына аманат қып тапсырған.
Ұрпақ-болашақ! Ал сол ұрпақ, яғни адамзаттың болашағы жанұяда тәрбиеленеді. Бала дүниеге келген соң, енді ол өмірде өкінбестей, өкіндірместей болып өсуі керек. Әр балаға өзінің қоғамға керекті адам екенін жанұя қабырғасында түсіндірген, санасына тоқыған жөн.
Жанұя, оның барлық өмір мәнері, ата-ананың адамгершілік сенімі мен сезімі, олардың бір-бірімен қарым-қатынасы, айналасындағы адамдарға, қоғамға деген көзқарастары – осылардың барлығы балалық шақта ұмтылмастай терең әсер қалдырады. Өз баласының болашағын ойлау, сол баласының өмір сүрер қоғамын ойлаумен ұштасуы тиіс.
ХV ғасырда Англияның атақты оқымыстысы Локк: «Баланың ақылы да, жаны да туғанда ақ қағаздай болып туады. Ақ қағазға қандай жазу жазса да жазушының өз еркінде. Сол сықылды балаға қандай тәрбие беру тәрбиешіден. Бала қалай тәрбиелесе, соған көне береді»- деген болатын.
Ендеше, ақ қағаздың бетіне қайтадан өшіре алмайтын шимай-шатпақ түспесін десек, нәресте шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап оның тәрбиесіне аса ыждағаттылықпен кіріскеніміз жөн.
Қазіргі заманда ата-аналардың бала тәрбиесіне салғырттықтары басым екені баршамызға аян. Уақытын өткізіп алып, балаға тәрбие беруден кеш қалып жатқандары да баршылық. Сондықтан бойымызға біткен бойкүйездікті тастап, бала қамына ерте қамданғанымыз жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет