Отбасындаѓы тєрбиеніњ кейбір мєселелері


Отбасы — тұлға қалыптастырушы бесік



бет5/12
Дата12.06.2023
өлшемі72,52 Kb.
#100670
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
1.2 Отбасы — тұлға қалыптастырушы бесік.
Осыдан, "Азамат қалыптастырамын десең, бесігінді түзе"- деп ұлы ғұлама М. Әуезов бекер айтпаған. Отбасыда адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметтік бағыт-бағдар түзіледі. Отбасыда өз ретімен қарапайым да жеңіл шешіліп жатқан көптеген проблемалар, есейген, ересек шақта бітіскен шырғалаң күйге түсіп жататыны баршаға аян.
Жоғарыда әңгіме арқауы болған тұжырымдарды жинақтаумен келесідей қорытындылар жасауға болады:
- отбасы ықпалы басқа тәрбиелік әсерлердің бәрінен де күштірек. Жас ұлғаюмен ол әсер бәсеңдеуі мүмкін де, бірақ ешқашан өз маңызын жоймайды;
- қандай да бір басқа жағдайларда қалыптасуы мүмкін болмаған сапа-қасиеттер тек отбасында ғана өрісін алады;
- отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, оның тәндік, моральдық және еңбектік тәрбиесіне болған мүмкіндіктерді мейлінше шоғырландырып, іске қосады.
Қоғамның азамат мүшесі отбасынан бастау алады, қоғам келбеті отбасыдан көрінеді;
- салт-дәстүр жалғастығын қамтамасыз ететін отбасы;
- отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері - азамат тәрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ жанұя иегерін кемелдендіру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін жетілдіру;
- отбасының кәсіп тандауға да тигізер ықпалы орасан.
Кешегі күнсіз келешек жоқ. Бүгінгі ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата-бабаларымыздың мол мұрасымен сусындату – біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы бабаларымыздың өнеге-өсиетін сабақта ұтымды пайдалана білуімізге де байланысты деп ойлаймын.
Әке-шешесі жақсы болса, балалары да жақсы тәрбие алып өседі. Бұл сөздерді біз өте жиі естісек те, соншалықты жиі «жақсы әке –шеше» деген сөз қандай мағына беретінін түсіндіре алмаймыз. Әке-шеше болатын адамдар жақсы ата-ана болу үшін арнайы әдебиеттерді оқу немесе тәрбиенің ерекше тәсілдерін үйрену керек деп ойлайды.
Әрине, педагогикалық және психологиялық білім керек, бірақ бұл әдетте жеткіліксіз болып табылады. Адамның қандай да бір іс-әрекетін бағалағанда көбінесе біз белгілі бір нормалар мен идеалдарға сүйенеміз, тәрбие іс-әрекетінде мұндай нормалар жоқ. Әйел болуды, күйеу болуды үйренген тәрізді немесе қандай да бір жұмыста шеберлікке үйренген тәрізді әке-шеше болуды да үйренеміз. Жақсы әке-шеше болуда қандай да бір әрекет түрінде қателіктер, сенімсіздіктер, сәтсіздіктер, жеңілістер сонымен қатар жеңістер де болуы мүмкін. Отбасындағы тәрбие сол өмірдің өзі болып табылады және де біздің жүріс-тұрысымыз, тіпті біздің балаға деген сеніміміздің өзі де күрделі, бірқалыпсыз, кейде қарама-қайшылықта болып келеді. Балалар бір-біріне қаншалықты ұқсамайтын болса, әке мен шеше де бір-біріне соншалқыты ұқсас емес. Баламен қарым-қатынас та терең индивидуалды және бір-біріне ұқсамайтын болып келеді.
Әке-шешенің көбісі балаға жақсы көретініңді білдіртпеу керек деп ойлайды. Олардың ойынша баланы тым жақсы көру олардың ерке болуына, өзімшіл болуына әкеп соғады деп ойлайды. Бұл ойды жоққа шығару керек. Осы жағымсыз тұлғалық қасиеттер керісінше, осы балаға деген махабаттың жетіспеушілігінен пайда болады.
Баламен үнемі терең психологиялық байланыс орнату – тәрбиенің әмбебап шарты болып табылады. Бұндай байланыс балаға қай жаста болса да керек.
Ата-анасымен байланысты болу, балаға әке-шеше махаббатын, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік береді. Осыған баланы сендіру керек. Тәрбие диалогын қалай құру керек. Оның психологиялық сипаты қандай болу керек. Ондағы басты мақсат – ортақ мақсатқа бірге талпыну, әр түрлі ситуацияларда әке-шеше мен баланың біржақты бағыт ұстануы болып табылады. Бұл көзқарастар мен бағалаудың міндетті түрде бірдей болуы керек деген сөз емес. Көбінесе әке-шеше мен баланың көзқарастары сәйкес келе бермейді. Дегенмен мәселелерді шешуде екі жақ бір бағыт ұстанатын бала әрқашан білуі, түсінуі керек.
Бала әке-шешенің тәрбиелеу объектісі емес, ортақ отбасылық өмірдің одақтасы болу керек. Сондықтан отбасылық өмірге, мақсаттар мен жоспарларға ортақтас болғанда ғана біржақты тәрбие жойылып, маңызды диалог құрыла бастайды.
Диалогтық тәрбиелік қарым-қатынастың ең басты сипаты – бала мен ересектің позицияларын тең деңгейде қоюы болып табылады. 
Тәрбие диалогтан басқа өте бір маңызды ереже бар. Әке-шеше мен бала қатынасының бұл жағы психологиялық тілде – баланы қабылдау деп аталады. Қабылдау сөзінің мағынасы – баланың индивидуалды болуына, басқаға және әке-шешесіне ұқсамайтын болуына деген құқығын қабылдау.
Баланы қабылдау – баланың өзіне сай ерекшеліктерін, тұлғалық қасиеттерінің жақсы жақтары мен жаман жақтарын бірдей қабылдай білу. Ең алдымен әке-шешенің баламен қарым-қатынасын бағалауына назар аудару керек. Оның мінезінің ерекшеліктері мен тұлғалық қасиетіне жағымсыз баға беруден міндетті түрде бас тарту керек.
Нарықтық экономикалық жүйеге байланысы отбасындағы тәрбие жетімсіздігінің кейбір себептері ретінде келесі жағдайларды алға тартуға болады:
1. Көптеген еңбеккер отбасылардың экономикалық жағдайының әлсіздігі.
2. Қоғамдық өмір мәдениетінің төмендігі.
3. Отбасы анасы - әйел мойнына артылған екіталай - жұмыс орнында, жанұяда - ауыртпалық.
4. Көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моралдық ссбептердің салдарынан болып жатқан ерлі-зайыптылардың ажырасуы.
5. Бала тәрбиесінде ер адам әйел көмекшісі деген қоғамдық пікірдің белең алуы.
6. Күннен күнге шиеленісіп бара жатқан әулеттер арасындағы бәсеке, дау-дамай.
7. Отбасы мен мекгеп арасындағы байланыстың күннен күнге әлсіреуі.
Ең бастысы, жалпы адамға, оның табиғатына берілген қайырымдылық пен мейірімге болған сенімнен ажырап қалмау - әрбір тәрбиешінің негізгі ұстамы болғаны жөн.
Атам казақ басынан талай "ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұламаны" кешкен, солай болса да ортасында жүрген дана тәрбиешілерінің, ғұлама ұстаздарының болуынан өз болмысын сақтап қалғаны баршаға аян. Дүние ауыспалы, ал педагогиканың міндеті қоғам өзгерістерінің ізімен жалғаса, дамып бару. Әр дәуір ұрпақтары арасындағы тартыс, бәсеке мәңгілік, бірақ олардың нақты кезеңдердегі шешімі әрқашан жаңаланып барғаны дұрыс. Ал ондай шешімдерді ата-аналар есіне салу отбасылық драмалардың астарлы, көзден таса бұлтарыстарын тереңнен түсінетін педагогтың міндеті.
Қаншалықты отбасы болса, тәрбие ерекшеліктері де соншалықты мол. Алайда олардың көптүрлілігіне қарамастан, жанұядағы ересектер мен балалар арасында кезігетін қатынастардың жалпылай моделін ажырата тану мүмкіңдігі баршылық. Отбасындағы қатынастар түрі сол қатынастардың қай бағытта, қай дәрежеде өсіртеуі мен балалар тәрбиесіне болған келеңсіз ықпалдардың салдарына тәуелді анықталады. Олар:
1. Балаларына құрмет көрсете алатын отбасы.
2. Қайыр қамқор, мейірлі отбасы.
3. Күнделікті дүниепарыздыққа жүгінген отбасы.
4. Алауыз, жауласқан отбасы.
5. Теріс әлеуметтік бағыттағы отбасы.
6. Ата мен аналардың педагогикалық үйлесімсіздігі жайлаған отбасы.
7. Тұрпайы тәрбие әдістерімен қаруланған отбасы.
Отбасыдағы тәрбие мазмұны демократиялық қоғамның өзекті мүдде-мұраттарына орайластырылады. Болашақтағы еңбектік, қоғамдық, отбасылық өмірге бейім дені сау, психикалық болмысты, адамгершілікті, иманды, парасатты тұлга дайындау - отбасы міндеті. Жанұялық тәрбие мазмұнының құрамды бірліктері ежелден белгілі бағыт-бағдарларды, тән-дене, адамгершілік-имандылық, сана-сезім, эстетикалық, еңбек тәрбиесін қамтиды, олар өз кезегінде жас әулетті экономикалық, экологиялық, саяси, жыныстық білімдендіру істерімен толықтырып отырады.
1. Балалар мен жастардың отбасыңдағы тәрбиесі салауатты өмір болмысына негізделіп, дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібін, спорттық жаттығуларды, дене шынықтыруларын т.б. қамтиды.
2. Отбасындағы сана-сезім тәрбиесі ата-аналардың өз балаларын білімдермсн байытып, соны ақпараттарға деген тұрақты қажетсінуін қалыптастырып, оларды үздіксіз жаңалап бару ұмтылыстарын баулуға негізделеді. Танымдық қызықсыну, қабілет, бейімділіктер мен нышандарды дамытып бару бала тәрбиесіндегі ата-аналардың аса өзекті шаруасы.
3. Отбасыдағы адамгершілік-имандылық тәрбиесі тұлға қалыптастыру жолындағы қатынастардың бұлжымас төркіні. Бұл орайда алғы шепке тартылатын мәселе мәңгілікті өзгермес адамзаттық мораль құндылықтары - сүйіспеншілік, құрмет пен сыйластық, әділдік пен ар-намыс, қадір-қасиет пен борыш сезімдерін тәрбиелеу. Адамгершілік сапа, қасиеттердің басқа да түрлері: парасатгы қажетсіну, тәртіптілік, жауапкершілік, дербестік пен ұстамдылық та осы отбасында баулынады.
4. Отбасыдағы эстетикалық тәрбие балалардың таланты мен дарынын дамытуға бағытталып, өмір болмысы әсемдіктері жөнінде тағлым беруге арналады.
5. Отбасындағы еңбек тәрбиесі балалардың болашақтағы адал өмірінің негізін қалайды. Еңбектенуге отбасынан дағдыланбаған баланың есейген кезде де бар есіл-дерті "жеңілдің астымен, ауырдың үстімен" жүріп, шалқып өмір сүру. Ал мұндай еңбексіз "күнде той" өмірдің жақсылыққа апармайтынын тұрмыс қадам сайын дәлелдеп отыр.
Ата-аналар міндетіндегі отбасылық тәрбие — балалардың тән-дене және рухани сапаларын қалыптастыру бағытындағы саналы да парасатты істерге негізделген үздіксіз жетіліп барушы процесс.
Әрбір әке мсн кез келген ана өз перзентіне болашақта қай сапа-қасисттерді баулу керектігін жете білгені жөн.
Отбасылық тәрбиенің саналылық сипаты мен тербиелік міндеттерді парасатты шешу жолдары осымен айқындалады.
Отбасындағы тәрбие әдістері - бұл ата-аналардың өз баласының санасы мен әрекет-қылығына педагогикалық ықпал жасаудың мақсатты көзделген жөн-жосығы, жолы. Бұлардың бәрі де тәрбиенің жалпы әдістерімен теңдейлес, дегенмен өз ерекшеліктеріне ие. Олар:
- әр балаға болған ықпал тұлғаның жекелеген нақты әрекет-қылығы мен ақыл-парасатына икемделуінен даралықты келеді;
- тәрбие әдістерін таңдау ата-аналардың педагогикалық мәдениетіне орайлас келіп, олардың тәрбие мақсатын тануына, өз қадір-қасиетіне құндылықтық бағыт-бағдарына, өз жанұясында орнатқан қарым-қатынасына т.б. тәуелді.
Осыдан да отбасылық тәрбие әдістері ата-аналардың тұлғалық сән-сипатымен қайнай бітіскен және олардан ажыратыла қараластырылуы мүмкін емес. Қаншама ата-ана болса, әдістері түрі де соншалықты: жылы сөзбен көндіру, қорқыту, айқайлап үркіту, мақтау мен мадақтау, қаталдық құрсауына салу және жазалау. Әдістер ата-аналар тандаған тәрбиелік бағыт-бағдарға тәуелді келеді: біреулері өз баласының тіл алғыштығын тәрбиелегісі келеді, осыдан олардың әдісі ересектер талабын мүлтіксіз орындатуға бағдарланады. Екінші біреулері дербес, өз бетінше ойлай білуге негіз болар тұлғалық қасиеттерді орнықтыруды көздеп, осыған сәйкес әдістік жолдарды таңдастырып, қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет