Отбасындаѓы тєрбиеніњ кейбір мєселелері


Ізгілік пен адамгершілік тәрбиесі



бет6/12
Дата12.06.2023
өлшемі72,52 Kb.
#100670
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
1.3. Ізгілік пен адамгершілік тәрбиесі


Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, еңсе, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді.
Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті.
Мәдениет жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады.
Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, примңиптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады.
Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді.
Моральдың негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу.
Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады.
Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері өл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.
Әл-Фараби "Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нерсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады" деген.
Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды. Оның бірінші қоятын талабы - мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсаң, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады .
Абайдың қоятын екінші талабы - тұрақтылық, "Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын" дейді.
Үшінші талабы - әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті - дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі.
Ақын мейірімділік қасиетке терең мән береді (төртінші қара сөзі).
Қазақ халқы - мөдени бай мұрасы, өзіне біткен табиғи ерекшелігі бар, сергек ой, сезімтал жүрек, дәстүрлі тәрбие, әдіс-тәсілдері бар халық. Қазақ топырағында туып, білім алған, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырған ұлы тұлғалар: Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, С.Торайғыров, М.Сералин, М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Көбеев, Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, тағы басқа ойшыл ғалымдар мен ақындар ғылымның әр саласы мен әдебиеттің, мәдениеттің дамуына игі ықпал жасады.
Тәлім-тәрбие берудің басты саласының бірі - ұлтжандылық, халқы үшін адал қызмет ету. Ұлтжандылықтың, елін сүюдің ғажайып күш екендігін терең сезінген ежелгі қазақ ақын-жыраулары, ойшылдары өз шығармаларына осы тақырыпты үнемі арқау етті, көп көңіл бөліп, халықты елі үшін жанын пида етуге, жастарды елжандылық рухта тәрбиелеуге баса көңіл бөлді.
Жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеу XIX ғасырдағы қазақтың ақиық ақыны, жауынгер жыршысы Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінде өзекті орын алады. Ол жастарды ерлікке, отан сүюшілікке, ар-намысты қорғауға, адамгершілікке уағыздайды. Ақынның қай өлеңін алсақ та, халыққа адал қызмет ет, еліңді, жеріңді жаудан қасық қаның қалғанша қорға, әділет үшін, халық үшін өкінбей өлу азамат ердің ісі деген аталы сөздер өрнектеледі. Махамбет, Ақтамберді, Шал, т.б. ақын-жыраулар шығармасында ерекше сөз болатын ерлік, Отанын, елін, жерін жаудан қорғай білушілік, отбасы, ауыл-аймақ, ел намысын қорғау жолында жан аямаушылық сияқты ізгі қасиеттерді дәріптей отырып, жастардың бойына ұлтжандылық пен гуманистік қасиеттерді сіңіре аламыз.
Профессор М.Ғабдуллин өзінің "Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес" еңбегінде "Бүгінгі жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеуде ақын-жыраулардың өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екені нақ. Мұндағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жастарға жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек ет, ел-жұртқа қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта мағыналы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлардың ішінен жастарымызды тәрбиелеуде әсер ететіндерін таңдап алып, орнымен пайдалана білсек, нұр үстіне нұр болар еді" дейді.
Осы тұрғыдан алғанда қазақтың ұлы ойшылдарының кемеңгерлік ой-пікірлерін оқу-тәрбие ісінде орынды пайдалана отырып, оқушы-жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу - әрбір тәрбиеші ұстаздық басты парызы.
Әскери ұлтжандылық тақырыптарына ой толғаған жауынгер жазушы, тәлімгер педагог Б.Момышұлы жас жауынгерлерді ерлік, ұлтжандылық, Отанын, елін, жерін сүю, ұлттар достығына тәрбиелеу қажеттілігін өз шығармаларының арқауы етті. Ол ұлттың дәстүрді, елжандылықты жастардың қанына сіңіруде мақал-мәтелдердің, батырлар жырларының, терме-толғаулардың мәніне тоқталады.
Ал жауынгер жазушы, фольклорист ғалым, Кеңестер Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин өзінің "Менің майдандас достарым" еңбегінде сұрапыл соғыстың бір толастаған кезінде тар окопта Ер Сайын, Ер Қосай, Қобыланды жырларын өзінің майдандас достарына әңгімелеп беру арқылы қазақ жастарын ерлікке қалай рухтандырғанын баяндайды. "Ерлік тәрбиеден туады" деп Бауыржан атамыз айтқандай, өзінің бар саналы өмірін жас ұрпақты оқыту-тәрбиелеу ісіне жұмсаған, қазақ халқының прогрессивті, педагогикалық ой-пікірлерін қалыптастырып, ұлт мектебінің іргетасын қалаушылардың бірі - қоғам қайраткері, белгілі жазушы, аудармашы, ағартушы-демократ С.Көбеевтің өмірі мен педагогикалық мұрасын саралап қарастырсақ, оның жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, оларды ұлтжандылыққа баулуда еткен еңбегінің мол екенін байқаймыз.
Жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуге қажетті негізгі адамгершілік қасиет, С.Көбеевтің пікірінше, ұлтжандылық болып табылады.
"Туған елін сүю сезімі туа біткен сезім болып табылмайды, оны адамға табиғат тарту етпейді. Елжандылықты қоғам мен жекелеген адамдар бойына сіңіріп, дамытып, тиісті деңгейге көтереді. Отбасы мен мектеп жастарды асқақ ұлжандылық сезімге тәрбиелеуге тиіс" - дейді ол.
С.Көбеев жастарды елжандылыққа тәрбиелеуде география, жаратылыстану, тарих пәндерінің маңызын атай келіп, оқушыларды елжандылық пен ерлікке тәрбиелеуде алуан түрлі қоғамдық істерді пайдалану керектігін, әсіресе, өлкетану мұражайларына және туған өлкедегі тарихи жерлерге саяхатқа апару, еңбек және соғыс ардагерлерімен кездесу кештерін өткізіп отыру істерімен бірге мәдени-әдеби мұраларды да тиімді пайдалану керек дейді.
С. Көбеев баланың өз Отаны үшін қажетті азамат болып қалыптасуында ата-ананың алатын орны мен атқаратын мәнін зор бағалап, отансүйгіштік тәрбие негізі ана тілі екенін терең түсіндіре білді. Оның пікірінше, жас ұрпаққа білім беру өз ана тілінде жүргізілуі керек. Барлық ақыл-ойын, күш-жігерін аянбай жұмсап, өз өмірінің жарты ғасырдан астамын мектепте өткізген С.Көбеев халықтар достығы жолында жалынды жаршы бола білді, жастарды туған халқын құрметтеуге тәрбиеледі.
Еліміз егемендік алып, мемлекет ретінде қалыптасты. Экономикадағы, саяси-әлеуметтік, ғылым салаларындағы жетістігіміз мақтануға тұрарлық. Осы жетістіктер аясында жас ұрпақта Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге тәрбиелеу - әр педагогтың басты міндеттерінің бірі.
Адам баласы коғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Моральдық қасиеттер адамдардың қимыл-әрекеттерінен, қарым-қатынасынан шығады. Жақсылық пен жамандык, зұлымдық пен махаббат, әділеттік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Бұларды адам бойына жастайынан мінез-құлық ережесі етіп қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Осыны ұстанған қазақ халқы жастарды отбасында кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған. Ер балаларға ауылдың үлкендеріне қос қолдап сәлем беруді, қыз балаларға ибалық жасап, үлкендерге жол беруді, олардың алдын кесіп өтпеуді уағыздаған. Жастардың жадына «сіз» деген сыпайылық, «сен» деген анайылық, «Адамдықтың белгісі, иіліп сәлем бергені», «кішіпейілділіктен кішіреймейсін», «Жұпыны жұтамайды, сыпайы сүйкімді», «Құдай деген құр қалмайды» деген қағидаларды үнемі уағыздаған. Халқымыз «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деп бала тәрбиелеуші ата-аналардың да өнегелі болуын талап еткен.
Отбасының, коғамның тәрбиесі - аналарға байланысты екеніне ерекше мән берген, қыздың көркіне акыл-ойы мен мінез-құлқының сай болуын қадағалаған. «Қыз қылығымен сүйкімді», «Қызым үйде, қылығы түзде», «Қысыла, қысыла қыз болдым» деген мақал-мәтелдер үлкен жауапкершілік жүктейді. «Қыз өссе - елдің көркі» деу арқылы арлы, инабатты, сымбатты қызды бүкіл ауыл-аймақ болып тәрбиелеуді меңзейді.
Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі - қайырымдылық, достық. Халық ұғымында жақсылық пен жамандық, достық пен қастық адамгершілік қасиеттің екі түрлі белгісі ретінде егіздің сыңарындай қатар салыстыра суреттеген. Еліне қайырымды, бойындағы бар қасиетін халыққа жақсылық жасауға арнаған адамды «Ел қамын жеген - ер» деп дәріптеген. «Жақсының жаттығы жоқ», «Жақсы - ай мен күндей, әлемге бірдей», «Жақсы туса - елдің ырысы», «Жақсы келді дегенше жарық келді десеңші, жақсылықтың лепесін ала келді десенші» деген нақылдар жақсы адамның көпшіл, халық қамын ойлайтын абзал азамат екенін дәлелдейді. Ал бұған карама-қарсы қара басының қамын халық қамынан жоғары қоятын өзімшіл, қорқау, қоркақ, алдампаз, опасыз жандарды «Жаман қорыққанын сыйлайды», «Жаман адамға мал бітсе, жанына қоңсы кондырмас», «Бір жаман мың қолды ірітер, бір кұмалақ бір қарын майды шірітер» деп әшкерелеп, жастарды олардан сақ жүруге шақырады. Халық мақалдарының жақсы мен жаманды салыстыра суреттеп, жақсының жақсылығын, халыққа тигізер пайдасын паш етеді. Оны: «Басыңа іс түссе, жақсы көмек етеді, жаман күліп кетеді». «Жақсыдан әкім койсаң, елді түзетер, жаманнан әкім қойсаң, елді жүдетер» деген мақал-мәтелдерден байқаймыз. Сондай-ақ халық ертегілерінде де ел қамын жейтін батыр ұлдарға қапылыста жармасып, жауыздық жасайтын жексұрын бейнеде мыстан кемпірді, жалғыз көзді дәуді, жез тырнақты суреттеп, олардың опасыздығын іс-әрекеті арқылы әшекерелейді, сүйікті кейіпкерлердің жауды женіп шығуымен аяқтайды. Бұл - әрқашан жауыздықты әділдік жеңеді деген халық ұғымының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. Сол сияқты батырлар жыры мен лиро-эпос жырларында Қобыландыға опасыздық жасаған Қараманды, Алпамысқа опасыздық жасаған Ұлтанды, Қозы Көрпешке қастандық жасаған Қодарды, Төлегенге карақшылық жасаған Бекеженды, олардың өлімін суреттеу аркылы «Қарақшыны карғыс атады», «Опасыз оңбайды», «Арамның айласы іске аспайды» деген пікірді корытындылайды. Бұл жерде, біріншіден, жастарды халық қамын жеуші батыр ұлдарға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу көзделсе, екіншіден, екі жүзді, опасыз жауыздарға деген өшпенді-лік сезімін оятып, адамгершілік касиетті паш етіп отыр. Халық шығармаларында дос пен қасты ажырата білуге меңзейді. «Досыңмен дос болғанға шаттан, дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан»,
«Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» дейді. Мал үшін алдамшы дос болушыларды «Жақсы жаныңа жолдас, жаман — малыңа жолдас», «Есептескен ел болмас»деп, олардың опасыздығынан сақтандырады.
«Қозы Қөрпеш — Баян сұлу» жырында ар-ожданы да, малы мен жаны да тек дүниеде тұратын, бас пайдасы үшін достықты ұмытып, сатып кететін дүниеқоңыз, опасыз жандардың жиынтық бейнесі ретінде Қарабай бейнесі алынған. Ол мал дегенде ар-ұятты, адамгершілікті аяққа басуға барады. Қара жүрек, қаныпезер, арсыз, опасыз Қарабай бейнесі арқылы жыр жастарды жауыздыққа қарсы өшпенділік сезіміне тәрбиелеуді көздеп отыр. Халық мақалдарында: «Алыстағы дұшпаннан касыңдағы қас жаман», «Жыланның уы басында, бейқамның жауы қасында», «Мың жаудан бір жансыз жаман» деп, ішке кіріп, өтірік дос болғансыған жаудан жастарды сақ болуға шақырады. Қайсыбір мақал-мәтелдерде: «Жүз сом ақшаң болғанша, жүз жолдасың болсын», «Досы көпті жау алмайды, акылы көпті дау алмайды», «Мал көтерер өлімді, дос көтерер көңілді» деген ой-пікірлер шынайы достықты дәріптеуге арналған. Жұмысың өнімді, өмірің көңілді болсын десең, досың көп болсын, достықты отбасынан баста дейді. Ақыл-нақыл толғауда: «Әйеліңмен дос бол - берекең кіреді, азаматпен дос бол - кадіріңді біледі, білімдімен дос бол — акыл-кеңес береді» дегенді айтады. Көпті көрген қариялар: «Қатын ашынса, катты айтар, бала ашуланса, бетің қайтар» деп әйел мен баланың ар-намысын сақтай білуге үндейді.
Көп адамда кездесетін кесепаттық - малға, басқа масаттану. Соны өз тәжірибесінде көп көрген халық: «Малым бар деп мақтанба, боран соқса қайтесің? Басым бар деп мақтанба, ажал соқса қайтесің?», «Ақылдан артық хандық жоқ, жомарттан артық нарлық жоқ» деп кеңес береді. Жақсы болғың келсе, сыртыңды гана түземе, сырыңды түзе. Өмірдің ой-шұңқыры, кедір-бұдыры көп, бірде тасып, бірде тартылып жататын арналы өзен сияқты. Адам өзінің қысқа өмірінде бірде ойда, бірде қырда көрінеді. Адамгершіліктің ен жоғарғы түрі - бауырмалдық бүкіл адам баласын бауыр, дос тұту, көпшіл болу. Қонакжайлық барын конақтың аузына тосу - халқымыздың ежелгі бауырмал-дық-меймандостык дәстүрінің әдемі көрінісі. Ал мұның өзі казірде ұлт достығының күшейе түсуіне себепкер болып отыр. Қазақ жыл мезгілінің, күн тәулігінің қай кезінде бол-масын «Құдайы қонақпын» деп келген адамды танысын-танымасын кұрақ ұшып карсы алуға, ренішсіз қабылдауға, астына төсеніш, алдына дастарқан жайып, барын беруге міндетті болған. «Қонақасы - тәңір акысы», «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады», «Ішілмеген ас - умен тен, кісі келмеген үй - көрмен тең» деген мақалдар кең пейілді қазақ халкынын меймандостығын дәлелдейді. Ағайын-туғанның, ауыл-аймақтың тату-тәтті, ынтымақты, берекелі, бірлікті болуын көздеген казақ халқы оны барынша дәріптеген. «Ырыс алды — ынтымақ», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» т. б. мақал-мәтелдер - осы пікірдің айғағы.
Б. Бұлқышев: «Адал адам Отанын сүйеді. Адал, ақ журекке Отан - анасындай. Отанның дегенін істеу - қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махаббатты өлшеуге болмайды» деген болатын. Осы айтылғандар халықтың асыл ойының түйіні - мақал-мәтелдерден өзекті орын алған. Мәселен, жас ұрпакда ел қадірін «Өз елің - алтын бесігің», «Отан - оттан да ыстық», «Туған жерге туың тік», «Қісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», «Жекен жерінде көгерер, ер елінде көгерер» деген асыл сөздермен білдірген.
Жастарды кіндік кесіп, кір жуған жері үшін, әлпештеп өсірген елі үшін қасық қаны қалғанша жаумен жағаласа білетін, Отанын шын сүйетін батыр етіп тәрбиелеуді көздеген халық өзінің өлең-жырларын, аңыз әңгімелерін, мақал-мәтелдерін осы тақырыпқа арнаған. Сондықтан лиро-эпостық, батырлар жырларының басты кейіпкерлері ата-анасы, сүйген жары, туған жері, өскен елі үшін жаумен кескілесе күрес жүргізіп, ерлікпен даңқын шығарған халыктың сүйікті ұл-қыздары болып келеді. «Отан үшін отқа түс, күймейсің, арың үшін алыс, өлмейсің», «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» деп халық өз ұрпағын отанын сүюге шақырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет