Отбасындаѓы тєрбиеніњ кейбір мєселелері


Ата-аналар алдындағы қиыншылықтар мен кемшіліктерге мыналарды жатқызамыз



бет9/12
Дата12.06.2023
өлшемі72,52 Kb.
#100670
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Ата-аналар алдындағы қиыншылықтар мен кемшіліктерге мыналарды жатқызамыз:
1. Ата-аналардың балаларымен араласуының жетімсіздігі. Балаларды материалдық қамтамасыз ету жөнінде, үйдегі барлық пен қолайлылық жайында қамқорлық көрсете отырып, ата-аналар бос уақыттарының көбейгендігіне қарамай, баламен араласуға уақытының мардымсыз бөлігін арнайды; өзі туралы, жұмысы жайлы аз сөйлеседі, аз әңгімелейді; мектептің балалар ұжымының өміріне сирек көңіл аударады; баланың өз достары жайлы айтып беруіне көңіл бөлмейді. Сөйтіп баланың жеке басын дамыту мен тәрбиелеудің тиімді құралы-баламен араласу толық мөлшерде пайдаланылмай келеді. Ал ата-аналардың баланың өмірі, оны қызықтыратын, еліктіретін нәрселер, достары, қам-қаракеттері жөнінде нашар хабардарлылығы ата-аналар мен балалар арасындағы өзара түсініспеушіліктің біртіндеп өсе түсуіне, ата-аналардың балалардан алыстай беруіне алып келеді. Демек, ересектерді балаға белсенді түрде әсер ету, оның жеке басын дұрыс жоспарлау мүмкіндігінен айырады.
2. Ата-аналардың өмірінен алынатын жағымсыз үлгілердің болуы. Күн сайын балалар өз ата-анасының қылықтарын, қатынастарын жұқтырып отырады, жанұя өмірінің көптеген мәселелеріне қатысады. Осының бәрі балаларды тәрбиелеп, олардың өз көзқарастарын қалыптастырады. Ата-ананың тәжірибесін меңгерудің неғұрлым күшті қуаты (механизмі) оларға еліктеу болып табылады. Міне, сондықтан да ата-аналардың дұрыс емес мінез-құлқы: дөрекілігі, маскүнемдігі, адамдарға деген жаман ниеттілігі және басқа да кемістіктері балаларға әрқашан теріс әсер етеді, өйткені баланы тәрбиелеудің міндеттеріне қайшы келеді, мектептің педагогикалық күш-жігерін жоққа шығарады.
3. Ата-ананың тәрбиелік ықпалдарының жүйесіздігі. Тәрбие үрдісі заңдылықтарын білмеу немесе жете бағаламау, ата-аналардың анда-санда тәрбиелеу позициясынан көрінеді: оқуын тексеру, теріс қылығы үшін жазалау, сынып жетекшісінің ақыл-кеңесін іске асыруға талпыну және олар туралы бір аптадан кейін ұмытып қалу, ұйғарым жасау, бұйыру және орындалуын тексермеу. Балаға мұндай бір сәттік әсер ету балалардың құлақ аспауын, берік адамгершілік түсініктердің болмауын, білім мен қылық арасындағы алшақтықты тудырады.
4. Отбасы тәрбиесінің негізі ретіндегі шектеулердің жүйесі. Бұл кемшілік, бір жағынан, ата-аналардың қатал болу қажеттігіне, баланың мінез-құлқындағы жаман нәрседен ештеңені қалт жібермеуге, сенімінен және екінші жағынан оңды үлгі арқылы тәрбиелей білмеуден, баланың өмірін ол мінез-құлыққа үнемі жаттыға алатындай етіп ұйымдастыра білмеуінен туындайды. Бұл жүйе тәрбиені іске асырушы үлкендердің еркіне баланың жақтырмай қарауын тудырады.
5. Әрекеттердің мектеппен келісілмегендігі немесе онымен алауыздық. Ата-ана мектеп пен мұғалім жағынан көрген кемшілігін, келіспейтін мәселелерді бірінші кезекте мектеппен, мұғаліммен бірге анықтап, келісіп шешкені жөн. Бірақ былай да болады: ата-аналар ол мәселелерді отбасында, балалар барда талқылайды, мектеп туралы, мұғалімдер жайлы жаратпайтын сөздерді айтады, ұстамсыздық көрсетеді, былайша айтқанда педагогикалық ұжымның әрекеттеріне керағар шешім қабылдайды. Отбасының бұл қате ұстанымының зардаптары тез арада-ақ білінеді: бала мұғалімге деген өзінің сенімсіздігін нығайта түседі, бұл оның өз кемшіліктерін түзетуін қатты тежеп, мінез-құлқының ұнамсыз белгілерінің дамуына әкеліп соғады.
6. Балалардың ересек тартуына қарай кейбір ата-аналардың тәрбиелік белсенділігінің төмендеуі. Бұл кемшілік негізінен баланы мектепте оқытудың төртінші-бесінші жылында көріне бастайды. Ата-аналар енді баласының мектептегі өміріне, табыстары мен кемшіліктеріне белсенді түрде көңіл аудармайды. Мектеп оқушысының бағалары, әңгімелері, мектеп ұжымындағы оның істері, ата-аналар жиналыстары және т.б. әдеттегі нәрсеге айналады. Ата-аналардың мұндай алшақтауы өздерінен балалардың алшақтауына, мектеп жаңалықтары мен істерін айтуды қажетсінудің төмендеуіне әкеп соғады. Ал кейде тіпті оқушылардың өздерінің мектепке деген ынтасының жоғалуына немесе кемуіне әкеліп соғады. Тәрбие міндеттерін шешуде мектеп оқушысы жеке басының дамуына ауыр тиетін жанұяның мектептен қол үзуі пайда болады.
7. Шешімдер қабылдаудағы кешігу, яғни педагогикалық «диагностика». Бұл кемшілік баланың қайсыбір көрініс сипаттарының ата-аналардың дұрыс бағалай білмеулерінен, «балалық тентектіктің» ар жағындағыны дұрыс көрмей қалу қаупінен, ұнамсыз қасиеттердің қалыптасуын байқамай қалудан көрінеді. Ер жетіп, есі кірген кезде түзеледі деу де, әдетте үмітті ақтамайды.Мұның өзі көбінесе қайта тәрбиелеуді талап ететін педагогикалық жақтан бетімен кетушілікке себеп болады.
Жанұя тәрбиесіндегі көптеген қиыншылықтар әйел-анаға түсетін ауыртпалықтың шамадан тыс көптігімен түсіндіріледі. Оның бос уақтын толықтыратын күнделікті қам-қаракеттердің, істердің алуан түрлілігі, жұмысының шамадан тыс көп болуына, баланың өмірін асықпай бағыттап отырудың, оған сабырмен көмектесудің, оның дамуымен үнемі, мақсаткерлікпен шұғылданудың мүмкін болмауына әкеп соғады. Егер бұған әкелердің кейбіреулерінің тәрбиелеу белсенділігінің, сондай-ақ тұрмыс еңбегі саласындағы жұртқа мәлім кемуін қосатын болсақ, онда барлық іске әйелдердің күші жетпейтінін және мұның бәрі отбасылық тәрбиеге, отбасы тәрбиесінің мектеп тәрбиесімен сәйкестігіне жайсыз әсер ететінін мойындау керек.

Еврей халқының дәстүрінде егер жанұяда бала оқыса, бәрі сонымен бірге оқиды. Бұлай болмаса әке мен баланың арасы алшақтап, «әр тілде» сөйлесуге әкеп соғады. Бұған кінәлі «жағдай», «кездейсоқтық» т.б.с.с емес, біздің жалқаулығымыз, жанұя тәрбиесіне немқұрайлы қарауымыз, әлеуметтік енжарлығымыз. Мектеп, мемлекет және қоғам бізді алмастыра алмайды, бізге көмек көрсетеді. Табиғатта қуыс болмайды. Тәрбиеде де үзіліс жоқ. Егер балалардың рухани негізін ата-анасы жасамаса, оны басқа біреулер жасайды. Бірақ ол ата-ананың орнын алмастыра алмайды. Баламен достаспай, онымен рухани қарым-қатынаста болмай тұрып тәрбиелеуді қара түнекте адасумен салыстыруға болады.


Отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктерді, отбасы кездестіріп отырған қиыншылықтарды жеңу мақсатында, ата-аналармен тығыз байланыс орнату қазіргі мектептің ең басты міндеті, өзекті мәселесі.
Әрбір нақты жағдайда мектеп, мұғалім, сынып жетекші ата-аналарға қателердің зардаптарын көрсете білуі тиіс, шыдамдылықпен әрі дәйекті түрде ата-аналармен бірлікте оңды нәтижеге жету үшін күш салуы тиіс.
Ұлы педагог В.А.Сухомлинский  «Балаларға жүрек жылуы» кітабында былай дейді:
Бала-жанұяның айнасы; бір тамшы суда күн сәулесі қалай бейнеленсе, шеше мен әкенің адамгершілік тазалығы да балаларда сондай бейнеленеді. Мектеп пен ата-ананың міндеті- әр балаға бақыт сыйлау. Бақыт-алуан қырлы. Ол-адамның өз қабілетін ашып, қоршаған дүниенің әсемдігінен ләззат алып, басқалар үшін әсемдік жасауына да, басқа адамды сүйіп, өзі де біреудің сүйіктісі болып, балаларды нағыз адам етіп өсіре білуінде. Тек ата-аналармен бірлесіп ортақ күш-жігер жұмсағанда ғана мұғалімдер балаларға зор адамдық бақыт бере алады.
Бүгін балалар шешесінің қолынан ұстап келеді, ал ертең олар жалғыз келеді. Әркімнің өз қуанышы бар. Әркімнің шұғылалы таңы бар, әркімнің алдында шексіз ұзақ өмір бар. Бұл күннің қарсаңында мектеп балдырғандарды балалық қуаныштан айырмаса екен деген ой бәрінен де көп мазалады. Керісінше, оларды мектеп дүниесіне, олардың алдына барған сайын жаңа қуаныштар әкелетіндей, танып-білу көңілсіз оқуға айналмайтындай етіп апару керек. Сонымен бірге мектеп- сырт қарағанда еліктірерлік болғанымен ұзақ, бірақ бос ойынға айналмауы тиіс. Әрбір күн балалардың ақыл-ойын, сезімін еркін байытып отыратын болуы қажет.
Даналық сөздің ойшылы Эпикет: «Дүниенің ең тамаша туындысы-тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады»-дейді. Сондықтан да ертеңгі күніміз көлеңкесіз жарық болуын ойласақ, бала тәрбиесіне бүгіннен бастап бей-жай қарамауымыз қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет