Отбасындаѓы тєрбиеніњ кейбір мєселелері



бет2/12
Дата12.06.2023
өлшемі72,52 Kb.
#100670
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Зерттеудің мақсаты: Қазіргі өмірдегі отбасының ролін, мақсаты мен міндеттерін балаларға айқындатып беру.
Зерттеудің міндеттері:
1. Отбасындағы адамгершілік тәрбие теориясының әдістемелік негізіне сүйену.
2. Бастауыш мектептің «Өзін-өзі тану» пәнінде оқушылармен әр түрлі мысалдарды қолдана отырып, адамгершілік тәрбиесі туралы ойларын дамыту.
3.Адамгершілікке тәрбиелеудегі отбасымен мектептің өзара байланыстылығын анықтап беру.
Зерттеудің пәні: Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі.
Зерттеудің жаңалығы: Отбасындағы балалардың адамгершілік тәрбиесінің негіздері түсіндірілді.
Мектептің оқу тәрбие үрдісінде адамгершілік тәрбиесінің әдіс –тәсілдерін пайдаланудың ерекшеліктері, мүмкіндіктері мен жолдары бағыттары көрсетілді.


1. Адамгершілік тәрбиесінің іргетасы отбасынан басталады.
1.1 Тәрбие негізі туралы пікірлер

Қазақ халқы өзінің сан ғасырлық тарихының даму барысында жан-жақты дамыған адамгершілікті тұлға тәрбиелеуге ерте кезден-ақ зор мән берген. Мәселен, бала дүниеге келген кезден бастап айтылатын: бесік жыры, тұсау кесер, атқа мінер, санамақ, мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаштар, ертегілер т.с.с. Халықтық педагогика арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге байланысты біршама теориялық-практикалық тәжірибе жинақтау қажет. Ол үшін бастауыш сынып мұғалімдері тәрбиенің басты ұстанымдарын - жалпы адамзаттың құндылықтарды және тұлғаны қалыптастыру, өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне салт дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті адам қалыптастыруы тиіс.


Міне, осы ұстанымдарды жүзеге асыру "Бастауыш мектеп" тағы да басқа журналдар мен газеттерде қарастырылып, жүргені баршамызға аян.
Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. «Отан отбасынан басталады» демекші, 
ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата-аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалысса, алар асуы биік болары сөзсіз. 
Адамгершілік – адамның рухани арқауы. Ал моральдік жағынан кіршіксіз таза болу дегеніміз - адамгершіліктің асқар шыңы. Адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиеттерімен ардақталады.
Адамгершілік тәрбиесі — бұл тәрбиеленушінің қоғамдық мораль талаптарына сай санасына, сезіміне, әдет-қылығына, мақсат бағытына жүйелі түрде ықпал ету.
Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міңдеттері:
1) ізгілік сана қалыптастыру;
2) инабатгылық сезімдер тәрбиелеу және дамыту;
3) адамгершілік әдет-қылықтың ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің құрамы: адам және қоғам байланысын қалыптастыру, өз қылығының қоғаммен сәйкес болуы қажеттігін сезіндіру; адамгершілік білімді адамгершілік нанымға ауыстыру; тұрақты адамгершілік сезімдер мен сапалар орнықтыру; адамның басқалармен қатынасындағы жоғары мәдениет пен адамгершілік әдеттерді бекіту.
Қазіргі мектепте адамгершілік тәрбиесінің мазмұны жалпы адам құндылығын жоғарылату қажеттігінен көптеген өзгерістерге бет бұрды. Осыдан әрбір оқушыға төмендегі проблемалардың маңыздылығын түсіндіру лазым: 1) адамға ең қымбат - өмір;
2) балалар - өмір жалғасы;
3) тәртіптілікпен байланысқан еркіндік;
4) отансүйгіштік (патриотизм);
5) ұлтжандылық;
6) интернационализм;
7) борыш, ар, намыс, ождан, тәртіп сақтау, кішіпейілдік және т.б.
Қазіргі тәрбие жүйесіндегі ең маңызды да көкейтесті проблемалар - бұл оқушылардың жыныстық тәрбиесі және еңбеқке қатынасы.
Тәрбие ісінің этикалық бағыттағы құрылымына педагог адам моралі туралы мәліметтер ендіреді.
Мораль — адам санасының формасы және адамзат мәдениетінің бөлігі. Мораль принциптерін, нормасы мен мәнін түсінуден тәрбиеленушілер өздерінің және басқа адамдардың қылықтарын дұрыс бағалауға үйренеді. Адамгершілік жағынан тұрақталған тұлға моральдық нормалардың шындығына сенімді болады, оларды орындау қажеттілігін мойындайды. Бірақ, адамгершілік нормаларды білу, түсіну наным-сенімдер бекуін өзінше қамтамасыз ете алмайды, тек - олардың қалыптасуына қажетті алғышарттар ғана болып есептеледі.
Адамгершілік білімдер баланың өмір тәжірибесіне өтіп, ой толғанысына еніп, тәрбиленушілердің өзіндік талқы сарабына түскен болса ғана адамгершілік нанымдар дәрежесіне көтеріледі.
Адвмгершілік этикалық тәрбиенің ең басты мақсаты - адамгершілік мінез-құлықтарды қалыптастыру, тәрбие ісінің күнделікті өмір жағдайындағы адамгершілік іс-әрекет бірлігінен құралады. Өз қылықтарымен адам айналамен байланысып, ондағы жағдайлармен қарым-қатынас бейнелейді.
Адамгершілік әдет-қылық тудыру үшін соған сәйкес жағдай жасау керек. Жоғары адамгершілік іс-әрекет қажеттігін қалыптастыру — этикалы тәрбие ісінің маңызды бөлігі.
Тұлғаның адамгершілік қажеттігін қалыптастыру — оның түйсік жүйесіне моральдық нормалар мен принциптерді қабылдату процесі.
Адамгершілікті қажеттіліктің көмегімен ізгілік мораль негізі - еркін таңдау мүмкіндігі туады. Адамның еркін таңдау мүмкіндігін дамытудан этикалы тәрбие ісінің функциясы орындалады. Әдет-қылықтар жүйесі адамгершілік әдеттерді қалыптастырады. Әдеттерден адамгершілік қылықтарды қалау тұрақты қажеттілікке айналады. Әдеттер қарапайым (қарым-қатынас ережесі, жүріп-тұру мәдениеті, тәртіп) және күрделі болады.
Тәрбиені орындау мақсатында мектеп тәжірибесінде тексерілген келесі ережелерді негізге алған жөн:
1. Адамгершілік тәрбие процесі адам үшін "күреске" айналмауы тиіс. Тәрбие "күрес" емес, күнделікті күрделі жұмыстан тұратын ұзақ мандай тер ісі.
2. Тұлғаның ізгілікті қасиеттері өмір қажетінсіз қалыптаспайды.
3. Тұлғаны жақсылық жасауға ынталандыратын жағдайлар туындату қажет.
4. Бірнеше әдетті қатар бір мезетте дамытуға болмайды, оқушының жаңа нормалар мен ережелерді қабылдауға дайындығын ескерген жөн: жаман қылықтары болса, одан арылуы тиіс, олардың жақсы не келеңсіз екенін түсіндіру қажет.
5. Жоғары адамгершілік қасиет қарапайым, жәй нәрселерге негізделеді. Гуманизм, сыйластық, қылық мәдениеті дағдыларын дамытпай, адамды мейірімділікке тәрбиелеуге болмайды: сыпайылылық, есіркеушілік, сөйлеу мәнері, мейір белгілері.
6. Ұжымдық, азаматтық тәртіпті түсіну сияқты адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу үшін арнайы әдеттерді ұғыну керек: басқаларға қамқорлық, адамды түсіну, өзінің эгоистік сезімін тежеу, ұжым талабын орындау, қауым алдындағы міндеттер, өз ісі мен сөзіне жауап беру т.б.
7. Мораль арқылы жаман әдеттерді айыра білу: өте қатты сөйлеу, басқалар сөзін бөлу және тыңдамау, тырнақ тістелеу, қол сілтеу т.б. Арнайы мысалдар арқылы жастарға бір қарағанда еленбес әдеттердің салдарынан болашақ өз өміріне келетін зиянды түсіндіре әрі нақты көрсете білуі керек.
Адамгершілік негізі – имнадылық пен ізеттілікте. Осыны жадында тұтқан қазақ халқы жастарды кішіпейілділікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет деп санаған. Ер балаларға үлкендерге қос қолдап сәлем беруді, қыз балаларға ибалық жасап жол беруді, жасы үлкендердің алдын кесіп өтпеуді уағыздаған. Жастардың жанына сыпайылық, кішіпейілділік қағидаларын үнемі сіңірумен болған. Жастарды саналы тәртіпке тәрбиелеу мәселесі ерекше маңызға ие. 
Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» дейді. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да , жаманға да бейім болатыны баршамызға аян. Ата –ананың үйдегі іс –әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы мен жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. 
Бүгінгі бәсекеге қабілетті талап еткен қоғамда жас ұрпақты сол қоғам мүддесіне сай, оның мұң-мұқтажын өтерлік, елін, жерін, халқын көзінің қарашығындай қорғайтын ұлтжанды, отаншыл азамат етіп тәрбиелеу көзделінеді.
Атақты ойшыл ағартушымыз Абай Құнанбаев: «Отбасынан бастап дұрыс жолға тәрбиелеу керек» екенін ескертті. Сол үшін толып жатқан тәлім-тәрбие дәстүрлерін ұсынып, жақсылыққа жеткізерлік ақылдар айтты. Өз өмірімен адалдыққа, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу үлгісін көрсетіп отырды. "Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады. Ата – анадан, ұстаздан, құрбысынан, әсіресе, солардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады" деген.
ХХ ғасырдың басындағы жарық жұлдыздардың бірі Мағжан Жұмабаев келер ұрпақтың қамын ойлап былай деген "Әрбір тәрбиешінің қолданатын жолы - ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың балаға тәрбие беру туралы ескіден келе жатқан жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан нақты жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті".


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет