Отбасындаѓы тєрбиеніњ кейбір мєселелері


Баланы адамгершілікке тәрбиелеудегі отбасындағы ата-ананың ұстаздық рөлін зерттеу



бет7/12
Дата12.06.2023
өлшемі72,52 Kb.
#100670
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
2.1 Баланы адамгершілікке тәрбиелеудегі отбасындағы ата-ананың ұстаздық рөлін зерттеу


Н.Ә.Назарбаев «Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз» – деген болатын.
«Өкінішке қарай, соңғы жылдары балалардың мінезінде қатыгездік, бойкүйездік, рухани құндылықтарға деген немқұрайдылық, енжарлық секілді дерттер ендеп алғандығы жасырын емес. Сондықтан да, бүкіл әлем адамгершілік құндылықтарға негізделген жаңа білім беру бағдарламаларын іздестіруде. Мәселен, Жапонияда білім беру жүйесінде адамгершілігі жоғары тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған мораль курсы бар. Францияда көркемөнер арқылы тәрбиелеу тұжырымдамасы іске асырылып келеді. Литваның мектептеріндегі оқу жоспарына рухани білім беру курсы негізгі пән ретінде енгізілген. Ал Финляндияда адамгершілік қарым-қатынас пен рухани даму, қоғамдық байланыс пен азаматтық этика сабақтары оқытылады.
Біздің еліміз де осы мақсаттағы ізденістерді жүргізіп келеді», деді
білім министрі.
Сонымен бірге, ата-аналар мен балалар арасында сауалнама жүргізілгеніне тоқталған министр, ол бойынша ата-аналардың тек 74 пайызы балаларына жылы сөз айтатыны көрсетілсе, әкелердің 54 пайызы балаға деген жылы сезімдерін білдіру қажет емес деп санайтындықтарын айтқан. Тіпті, күніне бір рет өз баласына «айналайын» деп айтып, басынан сипамайтын ата-аналар да бар. «Алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасатыны белгілі. Ендеше туған үйінің жылуын сезбеген, көрмеген бала қатыгез болмағанда қайтеді. Сондықтан да, республикада іздену мен зерделеу нәтижелері жүргізіліп, 2001 жылдан бері қарай мектептерде «Өзін-өзі тану» бағдарламасы енгізіліп отыр. Бұл бағдарламаның нәтижесі де жаман емес. Мәселен, мұғалімдер мен ата-аналар осы бағдарлама бойынша оқытылатын оқушылардың жағымды қасиеттері қалыптаса бастағанын айтады. Мінез-құлықтары жақсыға қарай өзгеріп, үлкендермен де, өз құрбыларымен де қарым-қатынасында мейірімділік нышаны байқалған. Алматы қаласындағы осындай әдістерді жүргізетін мектеп психологтарының талдамасы балалардың мазасыздығы мен сыныптағы түрлі қақтығыстар санының 20 пайызға дейін төмендегенін көрсеткен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет