Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет10/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

дөрекі сөздерге
(вульгаризм) келсек, олардың 
да өзіне тән сипаты бар. Сирек айтылатындығына қарап, бұларды көнерген 
аталымдармен шатастыруға болмайды. Дөрекі сөз әдеби тілдің де, ауызекі 
тілдің де сыпайыгершілік нормасынан тыс тұрады. Мұнда хайуандарда болатын 
ұнамсыз қылықтар мен тұрпайы бейне-пішін адамдарға телінеді. Белгілі бір 


12 
нәрсені былапыт сөздермен қорлау, кеміту, кекету, жақтырмау, аяқ асты 
етушілікке жол беріледі. Мысалы: 
доңыз, оттау, сумұрын
т.б. 
Жағымсыз образдарды жасау үшін ақын-жыраулар дөрекі сөздерді көркем 
шығармаларда қолдануға мәжбүр болады. Өйткені жақсы мен жаманды 
салыстыру әдебиетке тән тәсілдің бірі екендігі даусыз. 
Тілдің үздіксіз дамуы кейбір аталымдардың көнеруіне, қайсыбір сөздердің 
дүниеге келіп, жаңа ұғымдармен тілдің сөздік қорын байытуына негіз болады. 
Сөздердің осындай өсуі мен өшуі халықтың өмір тіршілігін, техникалық 
жетістіктерін және әдет-ғұрыптарындағы өзгерістерді көрсетіп отырады. 
Қазақ тіліндегі көнерген аталымдар қаншама зерттелді десек те, өткен 
ғасырлардағы ақындар шығармаларындағы көнерген аталымдарды арнайы 
зерттеу қолға алынбай келеді. Қазақ тіліне арналып жазылған оқулықтар, 
лексика, лексикографиялық материалдар, қазақ тілінің тарихы мен 
диалектологиясының мәселелерін сөз еткен кейбір ғылыми еңбектер көнерген 
аталымдар жайында айтылған бағалы пікірлер бұл еңбекті жазуға жол сілтеп 
отырды. 
Осы орайда қазақ кеңес дәуірінде тіл білімінің әр салада жан-жақты 
қарыштап дамуына белсене атсалысқан алдыңғы буын ғалымдарымыз:
Қ.Қ. Жұбанов, І.К. Кеңесбаев, Н.Т. Сауранбаев, М.Б. Балақаев, О. Досқараев, 
К. Аханов, Ғ.Ғ. Мұсабаев, А.Ы. Ысқақов еңбектеріндегі қазақ тіліндегі 
аталымдардың көнеруіне қатысты жазылған көптеген ой-тұжырымдары мен 
күні бүгінге дейін ғылыми мәнін жоғалтпаған пікірлердің орны ерекше. 
Қазақ тіл білімінің негізін салушы профессор Қ. Жұбанов «Күй» атты 
тамаша еңбегінде қазақ тіліндегі 
күй, домбыра, қобыз, жыр, толғау 
т.б. музыка 
терминдерінің түп-төркінін ашып, Орхон-Енисей, орта ғасыр ескерткіштері 
фактілері мен қазіргі туыстас түркі тілдері материалдарын жан-жақты 
пайдалана отырып, ол сөздердің шығу тарихын [16, 123 б.] мағыналық дамуын 
нәзік сезініп, шебер дәлелдейді. 
Академик І. Кеңесбаев: «Арғы көне тарихымен ұласқан халықтық тіл, 
бертін келе ұлттық тіл категориясынан әдеби тілдің жігін, шегін бөле қараған 
теріс болмайды. Бөле қарауды бөліп тастау деп түсінбеу керек. Неге десеңіз, 
ешбір әдеби тіл (бір халықтың қасиеті бар әдеби тілді айтып отырмыз) белгілі 
бір халықтың ауызекі тілінен, ауыз әдебиетінен, лексика, грамматика, 
фонетикадан мүлде оқшаулануы мүмкін емес» [17, 280 б.] − екендігін айтады. 
Cонымен қатар көнерген аталымдар жайында, әсіресе қазақ тіліндегі идиом-
фразеологиялық тіркестер мен қос сөздердің құрамында кездесетін ескі 
ұғымдарды профессор І. Кеңесбаевтың ғылыми еңбектерінен кездестіруге 
болады. Ол фразалық тіркестерде кездесетін 
ажа
(ай дер ажа, қой дер қожа 
жоқ), 
қорасан 
(әулиеге ат айтып, қорасанға қой айттым), 
торым 
(тоқты-торым), 
ажын
(абысын-ажын) т.б. толып жатқан сөздерге этимологиялық талдау 
жасайды. Ескі әдет-ғұрыпқа байланысты сан есімдерден құралған 
«жеті», 
«үш», «тоғыз», «қырық»
тәрізді ұғымдардың мәнін ашып, тілдің тарихымен 
байланысты қызықты материалдарды да ортаға салады [18, 129 б.]. 


13 
Қазақ тіл білімінің дамуына зор еңбек сіңірген, зерттеуші К. Аханов 
көнерген аталым бірліктерді зерттеп-зерделей келе мынадай пікір айтады: 
«Қазіргі кезде күнделікті өмірде қолданылмайтын, қолдануда ескі өмірден 
хабар беру, өткен тарихи дәуірдің ескілік жайларын көрсету үшін тарихи 
әдебиетте, көркем шығармада, қолданылатын көнерген сөздер бар. Мұндай 
сөздер − сөздердің тіптен пассив тобына еніп, жасы үлкен адамдарға, қарттарға 
белгілі де жастарға көпшілік ретінде түсініксіз, қолданудан қалып бара жатқан 
сөздер болып табылады» [19, 48 б.]. Ғалым М. Әуезовтың «Абай жолы» 
романында кездесетін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет