Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет7/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   393
молда, мешіт, шіркеу
тәрізді аталымдар 
бір кезде сөйлеу тілімізден мүлде шығып қалып еді, қазір ауызекі тілде де, 
жазба тілде де еркін қолданылады. 
3 Көнерген аталымдардың кейбіреулері ертеде сөздік қордан тұрақты орын 
тауып, өз заманында белсенді қызмет атқарған байырғы сөздерден жасалған 
жаңа ұғымдар болып келеді. Бұл − тілдің ішкі даму заңдылығында үнемі болып 
тұратын табиғи құбылыс. Тілдің жаңа сөздермен толығып баюы қоғам өмірімен 
тығыз байланыста қаралады. 
Профессор А.С. Чикобава: «Дамып келе жатқан қоғамға қызмет атқара 
отырып, тілдің дамымай қалуы мүмкін емес. Әрине, тас дәуіріндегі тілдің 
қазіргі қоғамға қызмет істеуге шамасы жетпейтіндігі түсінікті. Тілдің даму 
шартын қоғамның дамуы белгілейді. Қоғамның тарихын, бұл тілде сөйлейтін 
халықтың тарихын білмей тұрып, тілдің даму тарихын түсіну мүмкін емес»
[12, 78 б.], − деп көрсетті. Сондықтан көнерген аталымдар халықтың тарихымен 
салыстыра зерттелуі қажет. Қазақ тілінің тарихынан дерек беретін кейбір 
материалдар (жеке сөздер) Қазақстан территориясын мекендеген ру 
тайпалардың өмір тіршілігімен тығыз байланысты болып келеді. 
Мысалы, 
садақ 
сөзі түркі тілдерінің бәрінің сөздік құрамына бірдей 
енбеген. Түрік, түрікмен, татар, азербайжан, сары ұйғыр тілдеріндегі 
сөздіктерден бұл сөз табылмайды. Түрік тілінде садақты – 
кеман
дейді, мәні – 
доға
деген сөз; түрікмен тілінде 
яй

кеман
(жай, доға), татар тілінде – 
ук
(оқ), 
азербайжан тілінде – 
каман
(доға), cары ұйғыр тілінде − 
оқ

4
 
Қоғамдық формациялардың ауысуына байланысты бір қатар 
аталымдардың көнергендігі байқалады. Мұндай жағдайда ескі аталымдардың 
мағынасы күңгірттеніп, жаңа аталымдардың белсенділігі артады. Жаңа аталым 
өзінің саласы жағынан ескіге сай синоним бола алмайды. Сондықтан көнерген 
аталымдардың бұл тобы жаңа аталымдармен жарысып қатар қолданылатын 
дәрежеге жетпей, активті сөздік құрамынан бірден шығып кетеді. Мысалы: 
Кеңес дәуіріне дейін қазақ даласында 
хан, сұлтан, би, болыс, бақсы 
сияқты 
тағы басқа да сөздердің қолданыста болғаны анық. Ал қазір бұл көнерген 
аталымдардың орнына жаңа аталымдар қалыптасып, бекіді. 
VІ ғасырдың 552 жылдарында Орта Азияда ерте феодалдық мемлекет 
түріндегі көшпелі жаңа түркі империясы құрылды. Мемлекетті билеуші кісі 
қаған
деген титулға (атаққа) ие болды. В.В. Бартольд: «
Қаған
сөзінің қысқара 
айтылуынан келіп 
хан 
сөзі жасалған. Орыс летопистерінде (жазбаларында) 
кездесетін бұл сөзді орхон жазулары дәлелдеп отыр, мұсылман авторлары мұны 
хақан
түрінде жазған» [13,173 б.]
,
− деп көрсетcе, Е.Е. Малов: 
қаған
– 
басқарушы, билеуші (правитель), каган (хан) деп көрсетеді. Ал, Н. Катанов: 
хан 

парсы сөзі феодалдық құрылыстағы мемлекетті тежеусіз билейтін басшы 
дегенді айтады. 


10 
Сондай-ақ ертедегі 
би

қазы 
– қазіргі сот ұғымына,
болыс –
атқару
комитетіне, 
молда 
– мұғалімге, 
бақсы-балгер
– дәрігерге, 
жалшы
–жұмысшыға 
еш уақытта сапалық жағынан сай келмейді, әрі бұл сөздер бір-біріне синоним 
бола алмайды. Көнерген аталымдардың мұндай тобы тарихи аталымға 
(историзм) айналады. 
5
 
Кейбір аталымдардың активті сөздік құрамынан кетуі басқаша сипатта 
болады. Мысалы: Ақын-жыраулар тілінде кездесетін 
батсайы, таж, топы
сияқты ескі киім атаулары, сүт өнімін сақтайтын 
мес

торсық
түрінде 
кездесетін көне құралдардың орнын басқан жаңа сөздер ескі аталымдарды 
бірден қуып шыққан жоқ. Біраз уақыт бұлар жарысып қатар қолданылып жүрді. 
Ақырында жаңа ұғымдардың мағынасы тұрақты орын теуіп кең қолданылатын 
дәрежеге жетті. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде»: 
бәрбі – 
шойын, шыны 
ыдыстарын тесетін құрал, асыл алмас, 
батқы
– нүкте орнаментті ою түсіретін 
құрал немесе осы құрал арқылы жасалған ою, әшекей [14, 103 б.]. Бұл сөздің 
түбірі – 
бат

-қы 
– етістіктен есім тудыратын жұрнақ. Мысалы, 
Өкшесін көкпен 
ойған, қызыл кебіс, Орнатып қима тақа 
батқы
 салған 
(И. Байзақов). Қырғыз 
тілінде бұл сөздің (батқы) екі түрлі мәні бар; бірі − 
шұқылған, ойылған
; екіншісі 
– 
ағашқа немесе металға нүкте түрінде түскен орнамент. 
Сондай-ақ, қазіргі 
тіл қолданысында көнерген аталым қатарындағы 
талқы
– 
кепкен көн сияқты 
нәрсені созып-керуге, илеп бүктеуге, басу арқылы жұмсартуға арналған 
ағаштан жасалған көне құрал.
Мысалы, 
Сарттар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет