(хан, ханым, ханзада, бикеш, нөкер, күң, құл, малай)
; 4) Октябрь
дәуірінен кейін туған термин сөздер
(қосшы, жалшы комитеті, кедейлер
комитеті)
[22, 82-84 бб.].
Аталған еңбекте қазақ тіліндегі көнерген аталымдардың лексика-
морфологиялық ерекшеліктерін алтыға бөлген: 1) қазақтың көнерген байырғы
сөздері:
жақ, жебе, ат ұстар
т.б.; 2) ескі түркі тіліне тән сөздер:
будун, ұлыс,
ұлық
т.б.; 3) араб-иран тілдерінен кіріп көнерген сөздер:
жаназа, зікір, підия
т.б.; 4) орыс тілінен енген сөздер:
совдеп, эсер
т.б.; 5) бір компоненті байырғы
қазақ сөзі де екінші компоненті кірме сөз болып келетін көнерген сөздердің
құранды күрделі түрі:
кедейлер комитеті
т.б.; 6) калькалық жолмен енген
көнерген сөздер:
өзара салық
(само және обложение).
Сөз мағынасының тарихы қоғам тарихымен тығыз байланысты. Қоғамның
әр дәуірінде дамуына қарай сөз мағынасы да өзгеріп, ілгері дами түседі.
Академик А. Ысқақов сөзімен айтсақ: «Тіл-тілдің сөздік құрамы әр халықтың өз
тарихының, өз тұрмысының өз мәдениетінің, оның дүниелік (материалдық)
және рухани қазынасының айнасы сияқты болып есептеледі. Өйткені, өмірдің
сала-саласындағы құбылыстардың бәрі де тілдің сөздігіне іздерін тастап, оған
тиісті сөздерді куә етіп, дақ қалдырып отырады» [23, 3 б.].
Бір топ ғалымдар (М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов, Б. Манасбаев):
«Өткен дәуірімізде болған кейбір наным, әртүрлі әдеп-ғұрып, күнделікті
пайдаланылып келген жекелеген үй мүлкі, шаруашылық бұйымдары халық
тұрмысында бірте-бірте азайып кейін ақыры мүлдем жоғалып кетеді. Соларға
қатысты сөздер мен атаулар да ескіре бастайды, өте сирек қолданылатын
болады. Мысалы,
би, болыс, старшын, елубасы, онбасы, отарба, қосын,
бәйбіше
т.б. Міне, бұлар тілде көнерген сөздер деп аталады» [24, 53 б.], − деп
көрсетеді. Бұл көнерген аталымдар зерттеу жұмысымызда молынан
ұшырасады.
Бұл кезеңдерде ауыз әдебиет үлгілерінде кездесетін көнерген аталымдарға
арнайы тоқталып, оның сыр-сипатын түсіндірмек болған мақалалар да жоқ
емес. Сол мақалалардың ішіндегі көлемділерінің бірі Ш.Ш. Сарыбаев пен
Ә. Құрышжановтың бірігіп жазған «Халық жырының текстологиясы туралы»
[25] еңбегін айтуға болады. Бұл мақалада эпостық жырларда кездесетін
15
көптеген сөздердің қолданылу мағынасын араб, парсы тілдерімен түсіндіруге
болатындығын айта келіп, кейбір көне ұғымдарға талдау жасайды. Мысалы,
дындан
(парсыша) – тіс, тісті тарақ;
ләшкер
(парсыша) – әскер;
бедірек
(парсыша) –
арсыз, бетсіз адам
;
көбе
– ескі монғол тілінде
батырдың сауыты
;
көбеген
– осы монғол тілінде
ер жігіт, азамат
;
бояқ
–
бояу;
шеру
–
қалың қол
,
әскер; бадана – сауыттың дөңгелек темірлері; кіреуке, шарайна – батырдың
үстіне киетін сауыттың түрлері; мысыр – мекен, тұрақ; тая – белдік, белбеу
[25, 24-25 бб.] деп көрсетеді. Бұл мақаланың екінші бір бағалы жағы:
сеңгердей,
самалық, атбесік, дергейне, серуер, машайық, жөш, төлежіп, шонықты, керік,
кембал, кәлеңдер, дөңгел, пеш, қолаттай, шылпара, ақсара, талаудың,
қастауыш, танаттым, бодан, дәңкі, жамша, жөһіт, қызыл турам, пәлек,
қобаған, талма, зарпы, садақ, дат
тәрізді көнерген аталымдардың шешуін
оқушылардың ортасына тастайды.
Монографияда мұндай аталымдар барынша қарастырылды, қолда бар
материалдарға сүйене отырып, бұларға реті келген жерде түсініктеме берілді.
Көнерген аталымдарды зерттеудің негізгі обьектісі халықтың көркем
әдебиеті мен тарихы екендігін атап көрсетуіміз керек. Қазақ халқының Абай
Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұханов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден
Мұстафин, Ілияс Жансүгіров сияқты т.б. көптеген көрнекті ақын-жазушылар өз
туындыларында ескі әдет-ғұрыптарға байланысты көне ұғымдарды пайдаланып
қана қойған жоқ, орайы келген жерде оларды оқушы қауымға түсіндіріп кетіп
отырды. Әсіресе М.О. Әуезовтың басшылығымен жарыққа шыққан
Қазақстандағы бір топ ғалымдардың «Қазақ әдебиетінің тарихы» деген еңбегі
халықтың ескі салт-санасы, әдебиеті, мәдениеті, шаруашылығы жайында
баяндалған құнды деректер болып табылады. Бұл еңбекте «тұрмыс-салт
жырлары» деген тақырыпта:
наурыз, жарапазан, арбау, бақсы, бақсы сарыны,
бәдік
; ерте кездегі үйлену салтына байланысты:
той, тойбастар, сыңсу, бет
ашар
; қайғы-қасіретке байланысты:
қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау
тәрізді толып жатқан көне ұғымдарға талдау жасалады [26, 212 б.].
Сөз төркіні, яғни көнерген аталымдарды зерттеуде өз ойларын үнемі
ортаға салып жүретін ғалымдардан Ә.Т. Қайдар, Р.Ғ. Сыздық, Е. Жанпейісов,
Ә. Болғанбаев, Ғ. Қалиев, С. Исаевтың құнды пікірлері пайдаланылды.
Тіл білімінде ұзақ жылдар бойы тер төгіп, талмай еңбек етіп келе жатқан
академик Ә.Т. Қайдар «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналында жарияланған
мақаласында:
қалаш
(қатын-қалаш),
сарсаң
(әуре-сарсаң),
теге
(түйе-теге) т.б.
сөздерді «төркіндетеді» [27, 112 б.].
Сөйтіп, жекелеген сөздердің «қызықты» тарихын, ұмыт болған
мағыналарын қайта қалпына келтіріп, даму сатыларын көрсетуден басталған із
– бүгінгі таңда қазақ тіл білімінде жаңа бағытқа жаңа ізденіс тәсілдері мен
әдістеріне, жаңа ғылыми зерттеулерге жол салып отыр.
Тіл білімі ғылымына жиі араласып жүрген ғалымдарымыздың бірі – ҚР
Ұлттық академиясының корреспондент-мүшесі Р. Сыздық. Қазақ тілінде бүгінгі
таңда мүлде ұмытылған, не тарихи сөзге, архаизмге айналған бірнеше жүздеген
сөздер бар екені мәлім. Бұлар қазақ тілі лексикасында өзіндік ерекше қабат
16
құрайтын тарихи жұмбақ та, қызық сөздер тобы. Ғалым назарына көбіне солар
ілігеді. Кейінгі жылдарда Махамбет пен Жамбыл поэзиясының тіліндегі
көптеген көнерген аталымдардың мағынасын қалпына келтіріп, текстологиялық
талдаулар жасайды. Бұлардың көпшілігі «Сөздер сөйлейді» [28] кітабына енді.
Автор негізінен семантикалық принципті басшылыққа ала отырып, аталым
бірліктердің көне мағынасы мен қолданылу тарихын айқындауды мақсат еткен.
Көптеген аталымдардың бұдан 1-2 ғасыр бұрынғы қолданыстары мен
мағыналарын, басқа сөздермен тіркесу қабілетін ашу үстінде ғалым дәлел
ретінде қазақ халқының ауыз әдебиеті нұсқаларын, Қазан төңкерісінен бұрын
шыққан әдеби кітаптар мен сөздіктерді шебер пайдаланады. Ғалым Р. Сыздық
«Абай тіліндегі негізгі морфологиялық ерекшеліктер» атты кандидаттық
дәреже алу үшін жазылған диссертациясында [29] сөз қолданудың көне
құбылысы болып табылатын
һәш, һәр, ғақыл, ғарыз, ғайыплану
тәрізді «кітаби
сөздердің» әдеби тілден негізгі айырмашылығын көрсетеді. Cонымен бірге
ғалымның әдеби тілдің қазіргі даму кезеңінде мүлде қолданылмайтын
-мыш, -
дүр, тұғын, бірлән
сияқты морфологиялық көне тұлғаларды [29, 50-54 бб.]
талдауы көнерген аталымдарды зерттеуде мол әсерін тигізді.
Осы іспеттес арнайы бір бағытта «маманданған» ғалым Е. Жанпейісовтің
көнерген аталымды этимологиялық тұрғысынан зерттеуде орны ерекше. Ғалым
ұзақ ізденістері нәтижесінде «Абай жолы» эпопеясының тілін саралаған
монографиялық еңбегін [30] жазып шықты. Бұл – қазақ тіл біліміндегі
этимологиялық зерттеулердің ең көлемдісі болумен қатар өзінің ғылыми
тереңдігі, этимологияларының дәлелділігімен ерекшеленеді. Автор монғол,
түркі тілдері, жазба ескеткіштер, әр түрлі сөздіктерден сүзіп алған мысалдар
арқылы қазақ тіліндегі тарихи сөз болып отырған этнографизмдердің дамуы
мен өзгерістерін, семантикасын жан-жақты ашып береді.
Аталымдардың көнеруі туралы зерттеулер жасап, ғылымға үлес қосқан
ғалымдардың бірі Ә. Болғанбаев. Ол «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы»
деген еңбегінде сөздердің көнеруіне мынадай сипаттама береді: «Сөздердің
көнеру процесі кенет бірден бола қалатын құбылыс емес, әуелі қолдану
жиілігін бәсеңдетіп, пассив сөзге ауысады да, соңынан жаңа ұрпақтың біреуіне
жеткенмен кейінгілерге емін-еркін жете алмай, түсініксіз болып ұмытыла
бастайды. Бара-бара қолданудан мүлде ығысып, кейбіреулері тілден жоғалып та
кетуі мүмкін» дейді де, көнерген аталымдардың көнеру дәрежесі 3 түрлі болады
деп тұжырым жасайды: 1) әбден ұмытылып, қолданыстан шыққан көнерген
сөздер. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: |