17
Көнерген аталымдар жайында ғалым С. Исаев өзінің «Қазақ тілі»
оқулығында: «Тіл-тілде көнерген сөздердің историзм және архаизмдер деп
аталатын екі түрі бар. Кейбір заттар мен құбылыстар күнделікті өмірден шығып
қалып, сол ұғымдарды білдіретін
олардың атаулары көнеріп, тілде
қолданылмайды. Мысалы,
сұлтан, атшабар, ояз, барымта, дуан басы, дүре,
малай, күң, құл, бай, болыс
т.б. Мұндай аталымдарды историзмдер дейді.
Бұрынғы аталымдар ескіріп, кейін басқа атаулармен беріліп жүрген атаулар мен
құбылыстар бар. Мысалы,
жасақ
немесе
қол
− әскер,
қол басы
− әскер басы,
поштабай
– хат тасушы т.б.. Қазірде осындай басқа атаулармен беріліп жүрген
заттар мен құбылыстардың бұрынғы атаулары архаизмдер деп аталады»
[32, 29 б.] – деп нақты тұжырым жасайды. Ғалым мұнда «тарихи аталымдардың
(историзм) әдеби тілде синонимі болады» дегенді айтады.
1963 жылы профессор І. Кеңесбаевтың жетекшілігімен А. Махмұтов
«Қазақ тіліндегі архаизмдер мен историзмдер» [33]
деген тақырыпта
кандидаттық диссертация қорғады. Ол қазақ тілінде кездесетін көнерген
аталымдарды зерттеп, түп-төркінін түсіндіріп, бірде арнайы этимологиялық
талдау жасаса, бірде белгілі бір жазушының көркем шығармада көнерген
аталымдарды қолдану ерекшелігі тұрғысынан
,
ал
енді бірде көнерген
аталымдардың басқа лексикалық топтармен қарым-қатынасы тұрғысынан алып
зерттей келе: «Cөздердің жоғалуы не олардың кейбір мағыналарының өзгеріске
ұшырауы бірден бола қалмайтын құбылыс. Сөздердің жалпы лексикадан
шығып қалуы – ұзақ уақытқа созылатын тіл фактілерінің көнеруіне сайма-сай
келіп отыратын процесс. Кейбір жағдайда сөздік құрамнан көптеген сөздердің
көнеріп шығып қалатыны байқалса да, бұл ең алдымен негізгі сөздік қордан тыс
болып жататын құбылыс» [33, 57 б.] − деген пікір айтады.
Сөздердің пассив және актив қабаттарға бөлінуінде белгілі дәрежеде
шарттылық бар. Бір заманда актив қолданған
сөздердің бірқатары келесі
заманда пассив қабатқа ауысуы ықтимал. Мысалы: жаугершілік заманда жиі
қолданылған
атой салу, қорамсақ, адырна, кіреуке, дулыға, сауыт, шерік, қол
т.б. сөздер сол кездегі лексиканың актив қабатында болды. Әлеуметтік
құрылысқа байланысты
хан, ханзада, ақсүйек, төлеңгіт, жатақ, қарашы,
болыс, майыр, онбасы, елубасы, жүзбасы, барымта, шабарман, малай
т.б.
аталымдар 18–19 ғасырлардағы лексикада жиі қолданылған сөздер.
Бірақ
бұлардың бәрі де қазіргі қазақ лексикасының пассив қабатындағы аталымдар
болып табылады. Сол кезде халық тілінде актив қолданылған
зайыр, байрақ,
байтақ, құн
сөздерін Кеңес үкіметі жылдарында халықтың көпшілігі
қолданбайтын болды. Кейін еліміздің тәуелсіздік алуына байланысты бұл
аталған сөздер қайтадан лексиканың актив қабатынан орын ала бастады. Бұл
мысалдардан
лексиканың актив, пассив қабаттарындағы сөздердің құрамы
үнемі қалыпты болмайтынын, оның жылжымалы екенін көреміз. Сонымен
қатар бұрынғы мағынасынан қол үзіп, басқа мағынаға ие болған көнерген
аталымдар да кездеседі. Мәселен,
жасақ
бұрын
әскер, қол
мағынасында
айтылса, қазір
қоғамдық әртүрлі қызметтер атқаратын топ
(бригада),
ерікті
жастар
ұйымын білдіретін болды. Сөйтіп, бір дәуірдегі жаңа
сөз көнеге, көнесі
18
жаңаға, аз мағыналы сөз көп мағыналыға, актив пассивке, пассив сөз активке
ауысып отыру заңдылығы тілдің сөздік құрамына тән нәрсе. Демек,
Достарыңызбен бөлісу: