өкіл күйеу, киіт кию, ұрын келу, жыртыс сала келу, есік көре келу, көк қасқа, ақсүйек деген көнерген аталымдар көркем шығармада
қолданылғанда өткен өмір шындығын реалистік тұрғыдан суреттеу және одан
белгілі бір мағлұмат беру мақсатында қолданылады [20, 149 б.], − дейді. Бұдан
көнерген аталымдар (архаизмдер) мен тарихи аталымдар (историзмдер)
сөздіктің активті тобынан шығып қалған, күнделікті қарым-қатынас жасауда
қолданылмайтын сөздер болып табылады деген түйін шығады. Олар қолданыла
қалса да, өткен дәуірдегі құбылыстардан мағлұмат беру мақсатында немесе
белгілі бір стильдік мақсатта көркем шығармаларда қолданылады.
1954 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тілі» деп аталатын жоғары дәрежелі
мектептер үшін жазылған академиялық грамматикада: көнерген аталымдардың
қазіргі
қазақ
тілінде
қолданылмайтындығы
немесе
өте
сирек
қолданылатындығы айтылып, дұрыс анықтама берілген. Бұл еңбекте
аталымдардың көнеру қасиетіне қарап, ірі үш топқа бөлген: а) әдет-ғұрыпқа
байланысты:
бата оқыр, атұстар, өлі-тірі, сауын, арулау т.б.; ә) шаруашылық,
тұрмыс-күйге байланысты:
пәйек яки мәйек, күзек, шидем, сәукеле, күпі, жастық ағаш т.б.; б) әкімшілік, ел басқару ісімен байланысты:
ауылнай, қазы, би, атшабар, болыс, дуан, уезд, хан, хандық, елу басы, жүз басы т.б. [21, 71 б.].
Көнерген аталымдардың қалай пайда болғандығын көрсету үшін негізінен
осы үш топқа бөліп қараудың өзі жеткілікті тәрізді. Көнерген аталымдардың
жасалу жолына қарай бұдан әрі бөлшектеудің қай-қайсысы болса да осы үш
топтың бірінен келіп шығады. Мысалы, әдет-ғұрыпқа байланысты көнерген
аталымдардың тобын: феодалдық ескі салт-санаға байланысты
(атұстар, босаға аттау, қына менде); діни дәстүрге байланысты:
(бата оқыр, жаназа) деп
бөлшектеуге,
шаруашылық,
тұрмыс-күйге
қатыстыларын:
мал
шаруашылығына байланысты
(малай, күзек); жер шаруашылығына байланысты
(пәйек, қоңсы); қолөнерге байланысты
(жастық ағаш, жүк ағаш, сапты аяқ); киім-кешек түрлері
(күпі, шидем, жейде); көне соғыс құрал-жабдықтары
(садақ, адырна, білтелі) деп те уақтай беруге болады.
Кейінгі жазылған еңбектерде көнерген аталымдар тереңірек талданып,
олардың сан алуан қасиеттері айқындала түседі. Көнерген аталымдардың екі
үлкен тобы көнерген аталым (архаизм) мен тарихи аталым (историзм) бір-
бірінен ажырату жөнінде тың пікірлер айтылып, негізгі басты ерекшеліктері
көрсетіле бастады. Көнерген аталымдардың көбінесе күнделікті тұрмыстағы
әдет-ғұрыппен, дінмен байланысты көнеретіндігі, ал историзмнің көне дәуірдегі
14
саяси өмірге тән термин сөздер екендігі ескеріліп, тұжырымды анықтамалар да
берілді.
Қазақ тілі лексикологиясының ғылым саласы болып қалыптасуына көп
еңбек сіңірген Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі
Ғ. Мұсабаев еді. Докторлық диссертациясы мен монографиясында, «Қазақ тілі
мен грамматикасы тарихынан» кітабы мен көптеген мақалаларында қазақ тілі
лексикасының басқа да проблемаларымен бірге қазақ сөздерінің көнеруіне де
көңіл бөлді. Сонымен қатар тарихи аталымдарды төртке бөліп қарайды:
1) материалдық мәдениетке байланысты көне документтерде сақталып қалған
зат атаулары
(садақ, жебе, қорамсақ, қозы жауырын) ; 2) саяси қоғам өміріне,
әкімшілік басқаруға байланысты термин сөздер
(қазы, би, атшабар, болыс) ;
3) өткен дәуірдің ерекшеліктерінен туған халықтың өміріне байланысты туған
термин сөздер