4
заңды құбылыс. Тұтас бір кезеңді қамтитын осы – жыраулар тілі. Осымен
байланысты қазіргі қазақ тіл білімінде
тарихи тілдік тұлғаларды
, соның бір
көрінісі
көнерген аталымдарды
саралау, жалпы
адамзатқа тән таным мен
көзқарастар деңгейінде талдаудың қажеттілігі айқындалады.
Монографияда
Ерімбет пен Нұртуған шығармаларындағы көнерген
аталымдарды тіл біліміндегі уәжділік және аталым теорияларының
қағидаларына сүйене отырып, лексика-семантикалық және функционалдық
тұрғыдан талдау, олардың сөзжасамдық ерекшеліктерін анықтау тұрғысынан
сипатталады.
Ақындар шығармаларындағы көнерген аталымдардың коммуникативті-
функционалдық
қырынан қарастырып, негізгі қызметтері көрсетіледі. Сыр
бойы ақын-жыраулары шығармаларындағы көнерген аталымдардың уәжділігін
анықтай отырып, олардың қазіргі тіл қолданысына қатысын, сипатын белгілеу,
синонимдік қатары анықталады. Ақын-жыраулар шығармаларындағы көнерген
аталымдардың жігін ажыратып, лексика-семантикалық топтарға бөліп, оларға
лингвистикалық сипаттама беріледі. Ерімбет пен Нұртуған шығармаларындағы
көнерген
аталымдардың
фонетика-семантикалық,
морфологиялық
ерекшеліктеріне талдау жасап, сөзжасамдық тәсілдерге жіктеп, метафоралану
үдерісін тілдік деректер арқылы дәйектеледі.
Монография
нәтижелері қазақ тіл біліміндегі
көнерген аталымдардың
теориясын дамытады, уәжділік, аталым теориясына үлес қосады, сол
арқылы көнерген аталымдардың заңдылықтары айқындалады. Көнерген
аталымдарға этимологиялық талдау және функционалды-семантикалық
сипаттама негізінде жасалған жаңа тұжырымдар тарихи лексикология
мәселелерін теориялық тұрғыдан дұрыс шешуге септігін тигізеді. Сонымен
қатар қазақ тіл біліміндегі көнерген аталымдардың
мағынасын ашуда жаңа
бағыт береді. Ерімбет пен Нұртуған тіліндегі көнерген аталымдар ұлттық
сөздік қорымыздың сүбелі қабатын құрайтын тілдік бірліктердің мағыналы
жүйесі болып табылады. Себебі, олар қазақ тілінің лексикалық қорын
диахрондық және синхрондық тұрғыдан зерделеуге мүмкіндік береді.
Ақындар тіліндегі көнерген аталымдардың сөзжасамдық тәсілдері
арқылы жасалуы, аталымның семантикалық өрісін дамытатын өнімді
тәсілдердің бірі.
Cонымен қатар жалпы қазақ тіліндегі көне ұғымдар жайында дерек беретін
анықтамалық материалдар жоқтығы ескеріліп, «Қазақ
тіліндегі көнерген
аталымдар лұғаты» деген тараумен көнерген аталымдардың түсіндірмелі сөздігі
беріліп отыр. Сөздікте мүмкіндігі болғанша көнерген аталымдардың шығу
төркіні, этимологиясы да басқа тілдермен салыстырыла зерттелді. Әрине,
сөздікте қазақ тіліндегі көнерген аталымдардың бәрін қамтыды дей алмаймыз.
Дегенмен, қалың жұртшылық сүйіп оқитын шығармаларындағы мағынасы
көмескіленген, әсіресе кейінгі ұрпаққа түсініксіз кейбір көнерген
аталымдардың мағынасын түсінуге көмектеседі.
5
Монография қазіргі қазақ тіл білімінде көнерген аталым теорияларына
сүйеніп жазылғандықтан, сол бағыттағы зерттеулерге қосылған үлес
болып
саналады. Еңбектің негізгі материалдары мен теориялық тұжырымдарын
жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде лексикология, тарихи
грамматика, этнолингвистика салалары бойынша оқытылатын дәрістер мен
семинарларда, арнайы курстарда пайдалануға болады. Сонымен бірге,
қазақ
тіліндегі көнерген аталымдарға арналған қосымша сөздік жалпы оқырман
қауымға кейбір шығармаларда кездескен түсініксіз көнерген аталымдарды
ұғынуға көмекші құрал ретінде ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: