19
бөлшектерін атауға және белгілеуге қабілетті тілдік бірліктердің қалыптасу,
жасалу үрдісі. Ал атау – зат пен құбылысты ұғымдық тұрғыдан басын біріктіріп
таңбалаудың, яғни аталым үрдісінің нәтижесінде пайда болған лексикалық
бірліктер» [36, 164 б.] − деп нақты тұжырым жасаған. Ғалым аталым үдерісін
екі кезеңге бөліп көрсетеді: біріншісі – жасалымның
негізі болатын уәжділік
белгіні таңдау, екіншісі – сол уәжділік белгінің негізінде тілдік тұлғаны таңдау.
Аталым үрдісінде негізгі нысандағы көңіл бөлінген басты белгі сол заттың
атауы болып қалыптасады [36, 106 б.].
Сонымен қатар ғалым А. Салқынбай «Қазақ тілінің сөзжасамы» еңбегінде
«атау» теориясын ономасиологиялық және семасиологиялық аспектіде
қарастырылуын атап өтеді: «атау ономасиологиялық аспектіде анықталғанда
заттың болмысы (денотат), атаудың мәні (сигнификат) қатынасы арқылы
түсіндіріледі, сөйтіп маңызды, басты мән ретінде
болмыс табиғатын зерттеу
арқауы болады. Семасиологиялық аспектіде анықталғанда атаудың мәні таным
тәсілдері мен болмыстың атын айқындауы негізінде қарастырылады».
Ғалым аталымдық үдерісті кезеңдік деңгейде өтетініне орай, әдеттегідей,
алғашқы және екіншілік номинация деп бөліп қарайды. «Номинациялық
процестің белгілі уақыт деңгейінде өтетініне орай, оны екіге бөліп саралауға
болады. Әрі бұлайша бөлу жалпы тіл білімі теориясында қалыптасқан үрдіс:
алғашқы немесе біріншілік номинация; екіншілік номинация. Алғашқы немесе
біріншілік номинация тек тарихи аспектіде сөздердің этимологиялық шығу
төркінін зерттеу барысында айқындалатын аталымдардың
ең көне мағыналық
сипаты ретінде танылады. Архитұлғалардың көрінісі мен архисемасын терең
тарихи зерттеулер нәтижесінде мөлшерлеп пайымдауға болады. Қазіргі ғылым
жетістігі архитұлғалар мағынасының күрделі, ауқымды семалардан құралғанын
көрсетіп отыр» [37, 38-43 бб.].
Тілімізде жаңа лексемалардың қалыптасуында негізгі мотивемалар
қатысып, бір ұғымды білдіретін атаулардың тілдік айналымға енуіне негіз
болады. Бұдан
Достарыңызбен бөлісу: