7
Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды қазақ тіліндегі көнерген
аталымдарды
араб, парсы, монғол, орыс
сияқты
тілдермен салыстырып
зерттеудің тиімділігін мойындау керек. Өйткені, Ә.Қайдаровтың: «қос
сөздердің лексикалық құрамында әртүрлі тілділік байқалады» [6, 9 б.],
−
деп
көрсеткеніндей, қазақ тіліндегі көнерген аталымдардың жиынтығында да
көптеген халықтың сөздері ұшырасып отырады.
Түркімен тілінде жазылған материалдарда көнерген аталымдардың
лексикалық, семантикалық топтарына тоқталады.
Халық шаруашылығы мен
мәдениетіне байланысты көнерген аталымдарды (бұл тілде де архаизм мен
историзмнің ара-шегі толық ажыратылмаған) бірнеше салаға бөледі:
1) тұрмысқа байланысты көнерген сөздер:
жуваз, хужре, балахана
т.б.;
2) кәсіппен байланысты сөздер:
зәргер
(зергер); 3) әртүрлі
дәреже-атақтарды
білдіретін сөздер:
қазы, мүрзе
(мырза),
онбеги
(онбасы),
йүзбашы
(жүзбасы)
т.б.; 4) діни ұғымға байланысты сөздер:
намаз, ораза, зекат
(зекет) т.б.;
5) өлшеу мен санға байланысты сөздер:
батман
(батпан),
гадақ
(қадақ),
шайы
(бес тиын),
аббасы
(жиырма тиын) т.б.; 6) саяси-қоғамдық терминдер:
шура
(үкімет),
бейнелмилел, батрачком
т.б.; 7) ғылымның жеке салаларына
байланысты терминдік сөздер:
сарф
(морфология),
нахув
(синтаксис),
жумле
(сөйлем) т.б.; 8) соғыс ісіне байланысты көнерген сөздер:
серкерде, сурнай,
сирме
т.б. [7, 55-56 бб.].
Мұнда көрсетілген көнерген аталымдарды ары қарай бөле берсе, жіктеліп
кете береді. Кәсіпке байланысты көнерген аталымдарға түркімен тілінде
зергер
деген бір ғана мысал келтірген. Егер бұларды кәсіп түріне
байланысты
сараласа, мал кәсібіне байланысты
: шопан, зеңгі, ойсыл
Достарыңызбен бөлісу: