Морфологиясында – қыпшақ тілдеріне тән септеу және жіктеу түрі сақталған; қыпшақы формалармен қатар оғыз тобына тән бірқатар етістік тұлғаларының қолданылуы кездеседі, мысалы, есімшенің – мыш тұлғасы, ----дық формасымен келетін етістік атауы (қимыл атауы);
Лексикасынада – оғыз тілдерінен енген кірме сөздерді екі топқа бөлуге болады: ескі оғыз-печенег және жаңаоғыз-осман сөздері; негізінен әдебиет арқылы (түрік тілі арқылы) енген араб-парсы сөздері; кеңес кезеңінде орыс, өзбек т.б. тілдерден енген интернационализмдер; жаңадан түрік тілінен енген және кеңес кезеңінен кейін пайда болған қыруар идеологизмдер кездеседі.
Қырым татарлары тілінде бір-бірінен қатты ерекшеленетін үш диалекті бар: орта (орта йолақ «орта жолақ» - ескі және оғыз элементтері бар қыпшақ-половец); солтүстік немесе дала диалекті, ол қыпшақ-ноғай тілдеріне біршама ұқсас келеді (ж дыбысының кездесуі (джеканье), еріндік дауыстылардың делабиалдануы (езулікке алмасуы/айналуы): кирек/әдеби, күрек «күрек»); оңтүстік немесе оңтүстік жағалауы диалекті (түрік тіліне жақын және оғыз тілдері тобына ұқсас).
Дәстүрлі жазуы ХІХ ғасырдың соңында Исмаил Гаспринский қырым татарлары тіліне лайықтап бейімделегн, араб әліпбейіне негізделген жазу.
1928 жылдан 1938 жылға дейін латын графикасы, содан кейін қосымша символдарсыз орыс алфавиті қолданылды, бірақ г, дж, қ, нъ таңбалары енгізілген болатын.
1996 жылдан бастап Түркиядағы қырым татарлары бұрыннан қолданып келе жатқан латын жазуы енгізілді.
Қырымшақ тілі
Қырымшақ (қрымчах) тілі шығу тегі жағынан қыпшақ тілі болғандықтан, түркі тілдерінің қыпшақ-половец топшасына жатқызылады. Алайда қазіргі қрымчақ ауызекі тілінде, әсіресе, жазба тілінде оғыз элементтері өте көп болғандықтан, қырымшақ тілін қыпшақ-оғыз аралас тілі деп атауға болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |