Оқу-әдістемелік құралы) Семей 016 (075. 8) Ббк 54. Ж 43



бет18/42
Дата14.09.2022
өлшемі1 Mb.
#39141
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42
Байланысты:
Оқу әдістемелік құралы

Салыстырмалы диагноз: - тері жабындыларымен шырышты қабықтардың рецидивті ісінуімен, гипотиреоз, тұрақты бет мойынның ісінуі, Мелькерссон-Розенталь синдромы, созылмалы идиопатиялық есекжем, анасарка, генетикалық дефект комплементтің С1 ингибиторының жетіспеушілігімен жүретін тұқымқуалаушылық ангионевротикалық ісіну ауруымен жүргізіледі.
Есекжем және Квинке ісінуінің зертханалық зерттеулері:
-ЖҚА
-ЖЗА
-Қанның биохимиялық анализі: С-реактивті белок, жалпы белок, билирубин жалпы және тура, АЛТ, АСТ, қанда глюкозаны.
-Ревматологиялық сынама: АНА, С-реактивті белок,
-Фекалийді бактериологиялық зерттеу.
-Ауыз жұтқыншақ және басқада инфекциялық ошақ бар жерден жағынды алу.
-Паразитологиялық тексерулер (аскаридоз, лямблия, токсокар, эхинокок, описторхоз, трихинелла, H. Pylori антигендеріне антиденені анықтау.)
-Вирусты гепатит маркерлеріне тексеру.
-Іш қуысын УДЗ.
-Терілік сынамаларды жүргізуге мүмкіндік болмаса, жалпы IgE және арнайы IgE – антиденелері анықталады.
-Ремиссия кезінде терілік сынамаларды (тозаңдық, тұрмыстық, эпидермальді, тағамдық, саңырауқұлақтық аллергендермен, дәрілік заттармен) жүргізу қажет. Терілік сынаманы аурудың өршу кезеңінен кейін 1 ай өткен соң ғана жасау қажет.
-Лор, стоматолог, гастроэнтеролог мамандарының кеңесі.
Есекжем мен Квинке ісінуінің емі:
Медикаментозды емес ем:
-Гипоаллергенді диета
-Тағам күнделігін жүргізу (тағамдық аллергияда)


Медикаментозды ем:
-Антигистаминді препараттар
-Гистаминнің Н-2 антагонист рецепторлары
-Глюкокортикостероидтер
-Лейкотриенді рецепторлардың антогонистері
-Кальций каналдарының блокаторлары
-Сорбенттер
-Жасуша мембранасының стабилизаторы
-Ішектің микробиоценозын жақсарту мақсатында- эубиотиктер
-Асқазанды шаю және тазарту клизмасы- қалдық аллергендерді асқазан-ішек жолынан шығару мақсатында.
Нұсқаулар: тағамдық аллергендер тобында-элиминациялық шаралар – диетотерапия (дұрыс тамақтану), күн тәртібін сақтау- таза ауада көбірек демалу, ағзаны шынықтыру, ағзаның қарсы тұруын күшейту шаралары, созылмалы инфекция ошағын жою. Ағзадан гельминттер табылса –құрттарға қарсы ем жүргізу [3,19].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет