Оқу-әдістемелік құралы) Семей 016 (075. 8) Ббк 54. Ж 43



бет19/42
Дата14.09.2022
өлшемі1 Mb.
#39141
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42
Байланысты:
Оқу әдістемелік құралы

АТОПИЯЛЫҚ ДЕРМАТИТ
Атопиялық дерматит - терінің созылмалы рецидивті аллергиялық ауруы, көбінесе балаларда ерте кезеңінде кеңінен таралған, тұқымқуалайды. Егер атопиялық ауру бір мезгілде әкесінде және шешесінде болса, аллергиялық аурулардың даму қалпы олардың балаларында 45% құрайды. Егер атопиямен біреуі ғана ауырса - 20% құрайды. Егер ата-анасы екеуіде сау болса, қауіп - 10%-ға дейін төмендейді.
Балалардың 50%-да атопиялық дерматит дебюті 1-ші жылында басталады, тағы 30% - да 1 жылдан 5 жасқа дейін. Көптеген жағдайда балалар экземасы, строфулусы, қышыманың жалғасы болып табылады.
Атопиялық дерматит – IgE тәуелді 1-ші типті механизммен жүреді.
Атопиялық дерматиттің даму себептері эндогенді және экзогенді факторлар болып табылады. Эндогенді факторларға атопиялық дерматитпен ауыратын балалардың 70-75%-да тұқым қуалайтын жоғары бейімділік жатады. Экзогенді факторлар, триггерлер және олардың әсерін күшейтетін факторлар.
Триггерлерге аллергендер және аллерген емес себептер жатады.
[2,7].
Атопиялық дерматит дамуының қауіп факторлары

  • өзінің және отбасылық аллергологиялық анамнезінің болуы;

  • анасының жүкті кезіндегі және омыраумен емізу кезінде диетаны сақтамауы;

  • жүктілік кезінде анасының темекі шегуі;

  • баланы ерте жасанды тамақтандыру;

  • теріні дұрыс күтпеу;

  • вакцинацияны дұрыс жүргізбеу;

  • өмірдің жағымсыз жағдайларымен жағымсыз әлеуметтік және экологиялық факторлары;

  • жүктілік кезінде антибиотиктерді қабылдау;

  • тумасынан асқорыту жолдарының бұзылыстары, энзимопатиялар, ішектің дизбактериозы.

Патогенезі


Атопиялық дерматиттің патогенезінде IgE – қатысты аллергиялық серпілістер маңызды роль атқарады. Пайда болу себептері әртүрлі аллергендерге байланысты. Балалардың алғашқы өмірлерінде атопиялық дерматит тағамдық аллергиямен байланысты. Жиі аллерген болатын тағамдар: сиыр сүті, жұмыртқа, дәнді дақылдар, балық, құстың еті, теңіз өнімдері, соя. Жас өскен сайын тұрмыстық және тозаңдық аллергендердің ролі жоғарлайды. Аллергиялық қабынуды қолдайтын факторларға жататын инфекциялық антигендер, олардың ішінде st. аureus-тің экзотоксиндері маңызды роль атқарады [2,9].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет