Дүниежүзі тарихы
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы оқушыларға әлем тарихы бойынша жеткілікті білім алуға және тарихи процестердің мәні мен тарихи фактілердің маңызын түсінуге, проблемаларды шешуге, жағдаятты сыни бағалау және шешім қабылдау, сондай-ақ түрлі тиімді коммуникацияны жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Мектепте «Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытудың негізгі мақсаты ғылыми гуманистік көзқарасы бар, әлеуметтік белсенді, жан-жақты шығармашыл тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Пәнді оқыту кезінде барлық сынып оқушыларының жұмыс жасауы және үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін жеке, жұптық, топтық жұмыстарды
ұйымдастыруды қолдану ұсынылады.
Тарих сабағын жоспарлау және ұйымдастыру кезінде оқытудың
тәрбиелік компоненттеріне ерекше назар аударған жөн.
«Дүниежүзі» пәнінің мазмұнынын оқыту «Мәңгілік Ел» патриоттық
актісін жүзеге асыруға және тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын ұғынып түсіну, әлеуметтік болжау (бүгінгі күн жағдайының мәнін, өткеннің инварианттылығы мен болашақтың баламалығын түсінуден), өз іс-әрекеті үшін тарихи жауапкершілік, тұлғаның, азамат пен патриоттың қалыптасуына, ғасырлар бойы қалыптасқан жалпыадамзаттық құндылықтарды бекітуге ықпал етеді.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру олардың тарихи қалыптасқан мәдени, дiни және ұлттық салт-дәстүрлерімен танысу барысында құндылық бағыт-бағдарлау; тарихи бiлiмiн күнделiктi өмiрде қолдана бiлу; тарихи танымның әдiс-тәсiлдерiн меңгеру, әртүрлi дерек көздерiмен өз бетімен жұмыс iстеу; сыни ойлау дағдыларын дамыту; білім процесінде тарихи фактілер мен құбылыстарды түсіндіру; қазіргі кезеңдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және халықаралық проблемаларды талдай білу; негізгі оқиғалар, құбылыстар мен тарихи дамудың процестерінің мәні туралы түсіну қабілеттерімен анықталады.
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша базалық білім мазмұны, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптары, пәнді оқыту міндеттері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасында анықталған.
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесінің төмендегі көлемі белгіленген:
6-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 7-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 8-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 9-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
Ежелгі дүние тарихы қалыптылығы, тұтастығы және логикалық түрде аяқталуымен сипатталып, жүйелі түрде оқу пәні ретінде 6-сыныптан басталады. Тарихты оқыту оқушылардың тұрақты білім беру жүйесін қалыптастыру үшін
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
адамзат жүріп өткен тарихи жолдары,оқиға-хронологиялық деңгейде қолайлы шарттар арқылы жүзеге асырылады
Келесі сыныптарда күрделі материалдарды, негізгі ұғымдарды, іскерліктер және қажетті дағдыларды қабылдау неғұрлым алтыншы сынып оқушыларында қалыптастыру өте маңызды.
Орта ғасырлар тарихы пәнін оқыту осы кезеңдегі қоғам дамуының заңдылықтары мен ерекшеліктері болып табылады.Бұл адамзаттың әлеуметтік, мәдени, мемлекеттердің дамуы және Еуропадағы саяси феодалдық қатынастардың қалыптасуы. Орта ғасырлар тарихын оқыту қазіргі заманғы адам үшін өте маңызды болып табылады, өйткені бұл кезеңде көптеген ұлттық мәдениеттер мен құндылықтардың пайда болуына байланысты. Мұғалім сол уақыт кезеңінің ерекшелігі туралы түсінік беруі; білім беру процесінде оқу пәнінің орнын анықтауы; курс құрылымының анықтамалық және оқулықтың әдістемелік аппаратымен, міндеттерімен таныстыруы; жаңа оқу пәніне қызығушылығын арттыруы тиіс.
Орта ғасырлар тарихын оқыту 7- сынып оқушыларын тарихи оқиғалар мен ұғымдарды талдау және салыстыру дағдыларын дамытады, осы тарихи дәуір қоғамының бөлігі ретінде қарапайым адамның өмірі бақылауға мүмкіндік береді.
Қазіргі заманғы өркениет құрған жаңа заман немесе дәуірді оқыту 8-сыныпта басталады.
Пәннің бұл кезеңдегі материалдары оқушыларды аграрлық дамудан біртіндеп индустриялы дамуға арналған тақырыптармен таныстырады. Жаңа тарихты оқытудың нәтижесінде, мұрағат материалдарын анықтау, сондай-ақ шын мәнінде тарихи оқиғалар мен жаңа процестерді талдау және салыстыру өткен дәуірден және қазіргі заманғы оқиғалар ережелері оқушылардың іздеу және пайдалану дағдыларын қалыптастырады.
9-сыныпта оқытылатын "Қазіргі заман тарихы" курсы оқушыларға ХХ ғ.басы мен ХХІ ғ. ең маңызды процестерге, құбылыстарға, ұғымдарға баса назар аударылып, адамзат дамуының жалпы бейнесі туралы түсінік қалыптастырады (Еуропа және Америка, Азия және Африка саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани -мәдени дамуынан бастап, 1914-1918 жылдардағы бірінші дүниежүзілік соғыс және ең алдымен қазіргі заманғы құрылғылардың пайда болуын түсіну және түсіндірумен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |