Алматы қаласының 1000 жылдығы (1016–2016);
Қазақ батыры, әскербасы Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлының 440
жылдығы (1576-1656);
Қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі Қазбек би Келдібекұлының 350 жылдығы (1667-1764);
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресте әйгілі батырларының бірі Тама Есет Көкіұлының 350 жылдығы (1667-1749);
Қазақтың батыры, талантты қолбасшы Қабанбай батыр Қожақұлұлының 325 жылдығы (1692–1770);
Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен Сырым Датұлының 275 жылдығы (1753—1802);
Бөкей Ордасындағы халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры Исатай Тайманұлының 225 жылдығы (1791-
1838);
Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, ұлттық мектебінің негізін қалаушы Ы. Алтынсариннің 175 жылдығы (1841—1889);
Бөкей Ордасында қазақтың тұңғыш мектебі ашылғанына 175 жыл
(1841-2016);
ХХ ғасырдың басындағы Ұлт көшбасшысы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Ә. Бөкейханның 150 жылдығы (1866-1937);
Қазақтың мемлекет және қоғам қайраткері, шығыстанушы, білімді заңгер Барлыбек Сыртановтың 150 жылдығы (1866-1914);
Қазақтың тұңғыш бейресми Конституциясы «Қазақ елінің Уставына» 105 жыл (1912-2017);
«Оян қазақ» өлеңінің жарық көргеніне 105 жыл (1911-2016);
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығы (1916–2016);
Алаш Орда үкіметі құрылғаны 100 жыл (1917-2017);
Қазақтың қаһарман батыры, ақын, жазушы Баубек Бұлқышевтың 100
жылдығы (1916–1944);
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы (1986-2016);
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы (1991-2016).
Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге
асады:
-базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда;
-таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;
-оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу; -кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
арттырып , алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |