Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)
2012 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты » атты Қазақстан халқына Жолдауында тіл мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Бұл құжатта ел келешегінің кемелділігіне тұғыр болар аса маңызды идея көтерілді. Ол – «Мәңгілік ел болу» идеясы. Дәл осы құжатта бұл идеяны жүзеге асырудың тегеурінді тетігі негізделді. Ол – мемлекетшілдік рух қалыптастыру туралы тұжырым. Осы тетіктің қозғаушы күші де анықталды. Ол – мемлекеттік тіл, яғни қазақ тілі. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерудің шарты көрсетілді. Ұлт болашағына қызмет етудің бірден -бір көрсеткіші де, Қазақ мемлекетінің іргетасын бекітуге мүдделілігінің берік дәлелі де бүгінгі жас ұрпақтың мемлекеттік тілге қатынасы екендігі тайға таңба басқандай айқын айтылды.
«Әдебиет – халық өмірінің айнасы». Қазақ әдебиеті бүгінгі ақын-жыраулардың шығармалары ғана емес, оның сандаған ғасырлық тарихы бар. Қазақ әдебиетінде халық басынан кешірген әр кезеңнің бет -бедері, жетістігі мен ауыртпашылығы, тұрмыс-тіршілігі мен ойлау жүйесі жатыр . Адамзат құдіретімен жасалған тарихи ескерткіштер мен мәдени, әдеби мұралар – даналықтың көзі, ұлттың шежіресі, халықтың өмір тәжірибесі. Осы мұралар арқылы қалыптасатын тарихи сана жастарды «ойлай алатын адам» дәрежесіне көтереді. Өткен ұрпақтың қол жеткізген жетістіктері қандай ұстанымдарға сүйеніп жүзеге асырылды; қашан, қайда, қалай құрды деген сауалдарға жауап іздеу арқылы қоғамдық ортаны тануға; адамзаттың тілі арқылы қандай ұлы шығармалар жазылды деген ойларға жетелеп, өздігінен талдау-қорытынды жасауға үйретеді.
10 -11-сыныптардағы оқу процесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
бұйрығымен өзгерістермен толықтырулар енгізілген):
жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті» пәнінен типтік оқу бағдарламасы қолданылады;
жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті» пәнінен типтік оқу бағдарламасы.
Пән бойынша оқу жүктемесі:
қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша:
10-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағат; 11 -сыныпта аптасына 3 сағаттан, барлығы – 102 сағатты құрайды. - жаратылыстану-математика бағыты бойынша:
10-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағат; 11-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағатты құрайды.
Пәнді оқытудың вариативті бөлігі қосымша оқу бағдарламасы арқылы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде жүзеге асады.
Жазба жұмыстарына (шығарма) қойылатын талаптар (29-кесте).
29-кесте – 10-11-сыныптарға ұсынылатын жазба жұмыстарының саны
Сыныптар
Жазба жұмыстар түрлері
Оқу тоқсандары
Барлығы
І
ІІ
ІІІ
ІҮ
Қоғамдық-
гуманитарлық бағыт
10
Шығарма
2
2
2
2
8
Сыныптан тыс оқу
1
1
1
1
4
Барлығы:
3
3
3
3
12
11
Шығарма
2
2
2
2
8
Сыныптан тыс оқу
1
1
1
1
4
Барлығы:
3
3
3
3
12
Жаратылыстану
-математикалық бағыт
10
Шығарма
2
2
2
2
8
Сыныптан тыс оқу
1
1
2
Барлығы:
3
3
2
2
10
11
Шығарма
2
2
2
2
8
Сыныптан тыс оқу
1
1
2
Барлығы:
3
3
2
2
10
Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Оқушыдан көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, әсерлі, көркем тілмен жүйелі баяндауы талап етіледі.
Оқушы шығармасының құрылысы: тақырып, жоспар, эпиграф (мүмкіндігіне қарай, міндетті емес), кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерден тұрады.
Шығарманы жазуға қойылатын негізгі талаптар:
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
тақырыпты оқушының өз ойы және өз сөзі арқылы және жазып отырған тақырыбынан алшақтамай, оның мазмұнын нақты аша білуі;
артық баяндау, дәлелдемелерге жол бермеу;
шығармадағы болған жайды баяндауға аз сөзге көп мағына сыйғызу;
шығарманың барлық бөліктері тақырып және негізгі ой арқылы бір-бірімен байланысты болу;
шығарманның кіріспе және қорытынды бөлімін қоса алғанда тұтас жұмыстың 4/1 бөлігіндей болу шарт;
міндетті түрде жоспар болуы және мазмұнның осы жоспарға сай болуы
шарт;
барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды
жасау;
шығармада қолданылған жазушының өмірбаянына, әдеби шығарманың жазылу тарихына, тарихи оқиғаларға, кейіпкерлерге қателіктер жіберілмеуі керек;
оқушының жұмысы стильдік біртектілігі мен тіл шеберлігіне қарай бағаланады.
Оқушы шығармасының көлемі түрлі жағдайларға: стилі мен жанрына, тақырыптың мазмұны мен сипатына, олардың жалпы дамуына байланысты болғандықтан кестеде берілген шығарма көлеміне мұғалім үлгі ретінде қарауы қажет (30-кесте).
30-кесте. Шығарма көлемі мен уақыты
Сынып
Көлемі (оқушы дәптерінің беті)
Уақыты
10
6-8 бет
90 минут
11
6-8 бет
90 минут
Сыныпта жазылатын шығармаға сабақ кестесінен қатарынан екі сағат беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |