Оқу пәнінің мазмұны Шешендік өнер туралы түсінік


Шешендік өнердің ауыз әдебиеті үлгілеріндегі көрінісі



бет3/20
Дата29.05.2022
өлшемі0,77 Mb.
#35869
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Шешендік өнердің ауыз әдебиеті үлгілеріндегі көрінісі. Әр халықтың бір-біріне ұқсамайтын этномәдениеті, ғасырлар бойы қалыптасқан халықтық педагогикасы, озық дәстүрі болады. Халық педагогикасында жинақталған бай қазынамыз - балалар әдебиеті, ертегілер, батырлар жыры, жұмбақтар, жаңылтпаштар, аңыздар, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, әдет - ғұрыптар, салт дәстүрлер. Соның бірі шешендік өнер — халықтың ғасырлар бойы жинақтаған ұрпақ тәрбиесі жөніндегі ой-пікір, білім тәжірибелер жиынтығы.
Шешендік сөздердің тегі мен түрі, мазмұны мен құрылысы. Фольклортанушы - ғалым Ә.Қоңыратбаев шешендік сөздерді заңдық, нақылдық, философиялық, сатиралық деп жіктесе, Б.Адамбаев шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау деп жіктеген.
Мәнерлеп оқудың ерекшелігі. Әрбір адам ана тілін білумен қатар, өз тілінде мәнерлеп сөйлеуге машықтану, сөздің мәнін жете түсіну, оның табиғатын тану керек. Сөйлеуші өз сөзін тыңдаушыға бейнелі, айқын да анық, әсерлі жеткізу үшін көп машықтану керек. Сол себепті сөзбен жұмыс істеуге ерекше күш салу керек. Қажетті материалдар ретінде көбіне прозалық көркем шығармалар қолданылады. Шығарманы оқығанда, шығарманың мақсатын тыңдаушыға жеткізу үшін оның идеясын түсіне білу және сезіну керек.
Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жолы. Сөйлеу мәдениетін қалыптыру әдістері мен амалдары. Сөйлеу мәдениеті мәселесіне арналған дәрістер мен машықтық сабақтар шешендіктануда ерек-ше орын алады. Сөйлеу мәдениеті - бұл шешендіктану негізі, түпқазығы. Сөйлей білу шеберлігі бастапқыда тілдік нормаларын білуді, сөздің дәлдік, орындылық, мәнерлілік талаптарына сәйкестігі сөзді дұрыс орналастыра білу білігін қажет етеді.
Шешендік өнерді меңгерту жолдары. Шешен сөйлеудің табиғатын тексергенде ең негізгі, ең басты мәселе — сол шешен адамның жаратылысы, табиғи психофизиологиялық қасиеттері, ерекшеліктері, жүйке талшықтарының жүйесі. Әсіресе миға алуан түрлі, сан қилы хабарлар жеткізетін жүйке талшықтарының сезімшіл, қозғаушы, тітіркендіруші қасиеттері, көру, сезу, есту қабілеттері, образдар ассоциациясын тудыру, сыртқы дүние әсерлерін қабылдау — шешен болмысыныц өзге-шеліктерін анықтайтын көрсеткіштер.
1 Тақырып : Шешендік өнер туралы түсінік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет