Оқу пәнінің мазмұны Шешендік өнер туралы түсінік


Мақсаты Ұлттық шешендік өнердің жиналып, зерттелуі жайлы мәлімет беру. Жоспар



бет9/20
Дата29.05.2022
өлшемі0,77 Mb.
#35869
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі а мола облыс

Мақсаты Ұлттық шешендік өнердің жиналып, зерттелуі жайлы мәлімет беру.
Жоспар:
Қазақтың шешендік сөздерін алғаш жинап, жариялаушы ғалымдар.
Әдебиетші ғалым С. Негимовтің "Шешендік өнер" зерттеуі жайлы
Кілт сөздер: ауыз әдебиеті, би-билік, соттық-құқықтық, оқу құралы, тапқырлық, өткірлік, адамгершілік.

Қазақтын шешендік — тапқырлық, нақыл сөздерін алғаш жинап жариялаушы ғалымдардың бірі Ыбырай Алтынсарин. Ол өзінің, «Хрестоматиясына», «Ізбасты», «Байұлы» «Жаныбек батыр», «Жиренше шешен» дейтін тапқырлық - шешендік сөздерді енгізіп, оларды оқуға ұсынды.


Тапқырлық даналығының балаларды тапқырлықка, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбиелік мәнін дұрыс түсінген ағартушы оны кезінде қажетке жарата білген.
Қазақтың шешендік сөздерін жинап, халық шешендігін бағалаған адамдардың бірі — белгілі ғалым, В. В. Радлов. Ол қазақ ауыз әдебиетінің нұсқаларынан өзі құрастырған жинаққа бірнеше шешендік нақыл сөздерді енгізіп, кітаптың кіріспесінде былай дейді: «Қазак тілі— исламнің бүлдіргіштік әсеріне ұшырамай түпкі таза түрін - түркі сыйпатын сактап қалған тіл. Рас, мұнда да бірен - саран жат сөздердің енгені байқалады. Бірақ ол сөздер қазақ тілінің үндестік заңына бағынып, бірыңғай халык тілінің қорына қосылған. Қазақ тілінің осы тазалығы мен табиғилығы, сондай-ақ көп таралғандығы бұл тілдегі мұраларды менің көбірек жинап, оған әдебиет нұсқаларын кұрастырган жинақтардың, толық бір томын арнауыма себеп болды. Оның үстіне қазақтың басқа бауырластарына қарағанда сөзге тапкырлығы мен шешендігі де маған әсер етті» -деген еді.
Мұнда зерттеуші халык шешендік өнерінің, дамуына тағы бір себеп болған факторды — қазақ тілінің «тазалыгы мен табиғилығын» дұрыс аңғарған.
Осы сияқты қазақтын, шешендік — тапқырлық сөздерінің алғашкы қағазга түскен нұсқаларын А. Васильевтің, Ә. Диваевтыц, М. Көпеевтің, т. б. қолжазбаларынан, кейбір мерзімді баспасөздердіц беттерінен де ұшыратуға болады. Алайда революцияға дейін шешендік сөздер арнайы жиналған да, зерттелген де емес.
Тек Октябрь социалистік революциясынан бері ғана қазақ әдебиетінің баска салалары сияқты шешендік сөздер де жиналып, зерттеле бастады. Бірақ газет-журналдарда жарияланған кейбір нұсқаларын айтпағанда, жоғарыда айтылғандай, жинакталып дербес кітап боп басылған жоқ.
Шешендік сөздерді ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде алғашқы зерттеушілердің бірі —М.Әуезов. Қазак әдебиетін, тарихын жасауға арналған бір еңбегінде М. Әуезов «Билер айтысы» деген арнаулы тақырып енгізіп, шешендік сөздердің кейбір түрлерінен мысалдар келтіреді. Шешендік сөздерді зерттеу, оның ауыз әдебиетінде алатын орнын, халықтық сыйпатын анықтауда бұл алғашқы еңбектің мәні зор. Еңбектің «Қазақ әдебиетінін, тарихы» дейтін шолуында айтылатын: «Ауызша әдебиеттің ішінде елдің белгілі ұғымын білдіретін, жалпы дүниеге көзқарасын сездіріп, өткенді қалай түсінуін көрсететін сөздің барлығы да бір-ақ адамға тиісті емес, ол көптің өнері, жалпақ елдің сыбағасына тиетін өнер туысы»,— дейтін қорытындының шешендік сөз-дерге де катысы бар.
Одан бері, отызыншы жылдары шешендік сөздерді жинау, зерттеу ісіне үлкен үлес қосқан адамдардың, бірі — Сәкен Сейфуллин. Сәкен «Қазақ әдебиеті» дейтін кітабына «Билердің сөздері» деген тарау енгізіпг шешендік сөздерді дербес жанр деп қарады.дамдар өзінің қа-жетіне, өмірдің тілегіне орай өзгертіп құбылтып, жаңартып - жаңғыртып отырған.
Ш. Уәлиханов "Сот реформасы жайындағы жазбалар" еңбегінде шешендікті өнер түрғысынан емес, би-билік, соттық-құқықтық жағынан қарастырған. Шоқан мен Абайдың ойларынша, билерге әдет заңдарын білумен қатар шешендік өнерді меңгеру басты маңызды міндеттердің бірі саналған. А. Бай-тұрсынов өзінің "Әдебиет танытқыш" еңбегінде шешен сөзге тұңғыш рет жан-жақты сипаттама береді. Ал өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап, бүкіл саналы ғүмырын шешендік өнерді дәріптеуге, шешендік сөздерді жинақтауға, зерттеуге арнаған ғалым — Б. Адамбаев. Оның шешендік өнерге байланысты "Қазақ шешендік өнері" (1984), "Алтын сандық" (1989), "Шешендік сөздер" (1990), "Тозған қазды топтанған қарға жейді" (1991), "Шешендік сөздер" (1992), "Шешендік өнер" (1999), т.б еңбектері жарық көрді. Р.Сыздықованың "Шешендік сөздің зерттелуі" еңбегі өз алдына бір төбе.
Сондай-ақ әдебиетші ғалым С. Негимовтың "Шешендік өнер" зерттеуі де — шешендік өнер саласындағы құнды еңбектердің бірі. Еңбек оқу құралы ретінде ұсынылады. Аталмыш еңбекте ұлттық шешендік өнердің табиғатын терең талдауға ұмтылыс бар. Ұлттық әдебиет, мәдениет, фольклор тарихындағы елеулі ескерткіштер сөз болып, шешен, билер мұрасындағы шешендік өнерге қатысты ой-пікірлер таразыланған.
Шешендік өнер арқылы қалыптасқан билер педагогикасы, өнегесі қазақ тілінің сөйлеу мен ойлау қабілеттерінің ең биік шыңы болды. Олардың аузына бүкіл халық қарады, тағылым алды. Осындай тәлімгерлік құқықтан айырылып қалғасын, оның тағылымы да зерттелінбеді. Тіпті Ә. Мәметоваға "билерді мақтады" деген айып тағылды.
Ұлтының ұлы мұраттары мен ұлылығы, ірілігі мен бірлігі, саналылығы мен пәктігі, есендігі мен еркіндігі, намысы мен ынтымағы үшін, тәуелсіздігін қорғау, тұтастығын сақтау, қорғаныс қабілетін күшейту жолыңда күш-қуатьш, білім-білігін сарқа пайдаланған, ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермеген сол бір заманның жарқырап туған жарық жұлдыздары, мемлекет мәмлегерлері Үйсін Төле бидің, Қаздауысты Қазыбек бидің, айыр тілді Алшын Әйтеке бидің таспадай еріліп, кестедей төгілген тұрлаулы тұжырымды билік кесімдері, үлбіреген нәзік сезіммен, жан толқытарлық ғажайып құлшыныспен, терең тебіреніспен айтылған айшықты да асыл ойлары аспандай көнермейді, көктемдей қартаймайды.
Осы уақытқа шейін шешен-билердің мейлінше дәл, ұтымды сөздері көркем сөз ретінде қарастырьшып келгені белгілі. Негізінде, шешен-билер мемлекет тағдырын шешетін шынайы тұлғалар. Мемлекеттің көсегесінің кегеруі, дамуы нағыз шешен-билердің тегеуірінді өнерімен, өнегесімен, қызметімен тамырлас. Ол — тәртіптің тұтқасын ұстаушы, ұлтының салт-дәстүрін, рухани болмысының қасиеттерін, ерекшеліктерін бойына дарытқан текті тұлға, ереже-қағидаларына жүйрік әрі жетілдіруші дархан дарын, әлеуметті ілгері сүйрейтін, қызғыштай қорғайтын, жақсылыққа үндейтін үлгілі ұйымдастырушы.
Сандаған ғасырлар мен замандарды шолар болсақ, coнау Шыңғыс хан тұсында жасаған Майқы би Төбейұлынан (1105—1225 жылдар шамасы) бастап, ойымызға Аяз би Жаманұлы (XI-XII ғ. ғ.), Мөңке би (1207—1259), Едіге би (1354—1419), Бәйдібек би (1356—1419 жылдар шама­сы), Әз Жәнібек (1406—1473), Жиренше шешен, Шоған би (1584—1642), Әнет би (1626—1723), Қадірғали би (1530—1605 ж. ж.), Досай, Ескелді, Балпық, Есей, Бекболат, Тайжан, Тоқсан, Жанкісі, Ақтайлақ, Бөлтірік, Са­ры, Сырлыбек, Қарауыл Қанай би, Мәтжан, Қазанғап, Шоң, Шорман, Байдалы, Қараменде, Зілқара, Алшьшбай, Жанқұтты, Байкөкше, Бала би, Ноғайбай, Бөгенбай батырдың ұрпақтары Саққұлақ пен Бапан сияқты "талғанда тіреу, сасқанда сүйеу" болған шешен-билер есімдері opaлады. Олар қазақ жеріиде әділдіктің салтанат құруы үшін һәм қиянат-зұлымдықтың арам шөптей қаптап кетуіне қарсы үшан-теңіз қажыр-қайрат жұмсаған. Кемеңгерлікке, кісілікке құрылған билік.
Ұлттық мәдениет тарихындағы кесек тұлғаның бірі — Есім ханның немересі, Салқам Жәңгірдің баласы Тәуке хан 1680—1718 жылдарда хандық тізгінін мығым, бекем ұстаған. Халқының ынтымақшыл, ұйымшыл болуына ұшан-теңіз қажыр-қайрат жұмсаған. Шәкерім Құдайбердіұлының "Қазақтың түп атасы" деген еңбегіндегі деректерге зейін қойсақ, оны "Әз Тәуке", "адамзаттың данасы" деп атаған.
Тәуке болып ханымыз, Рахат тауып жанымыз, Он сан алаш бірігіп, Ойран болды жауымыз — дейтін халық өлеңінде нұрлы бейнесі келісті сомдалған. Ол "хандық кеңес" пен "билік кеңестің" мәнін, қызметін күшейтті. Ташкент шаһарының іргесіндегі Күлтөбеде (және де Битөбе, Қарақұм дейтін жерлерде) үш жүздің басын қосып, мемлекеттік дәрежедегі күрделі мәселелерді шешіп отырды. Яғни мемлекет тағдырын басты мәселе етіп қойды. "Күлтөбенің басында күнде кеңес" (1684—1710, 1711—1723 жылдар арасы) деген ұлағатты сөз осыдан қалған.
Тәуке хан тұсында (1680—1718) атақты "Жеті Жарғы" дүниеге келген. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, Тәуке хан қырық атадан үздік шыққан 40 биді таңдап, солармен ақылдасып, қорытындысында "Жеті Жарғыны" жүйелеген. Солардың ішінде үш жүзден шыққан қара судан қаймақ қалқыған, таңдайынан жарылған әйгілі билер Үйсін Төле би, Қаздауысты Қазыбек, Әйтеке ел есінде сақталған. Және де осынау қасиетті іске Тобықты Әнет би, Жағалбайлы Шеген би, Шақшақұлы Жәнібек, Есет, Қырғыз елінен Қоқым би, Қара Шыбын би, Қарақалпақтан Сасық би араласқан. Тәуке хан Қоқым би мен Сасық би арқылы сол елді басқарып отырған.
Тәуке хан тарих сахнасына Билер кеңесін әкелді. Бұл халықтың жуан ортасынан шыққан үздік ойлы, дарынды, тапқыр тілді, алғыр ұйымдастырушылардың қалыс қалмауына даңғыл жол ашты.
Тәуке ханның ұйымдастыруымен толықтырылған, жинақталған, жүйеленген "Жеті Жарғы" Ресей тарихында "Тәуке хан заңдары" деп айтылады. Сондай-ақ ол халық мұрасының жанашыр жинаушысы, қазақтың ру-тайпаларьшың таңбаларын, ұрандарын бір ізге түсіруші де. Тәуке ханның "Жеті Жарғысы" Қасым хан (1511—1523) мен Есім ханның (1598—1645) ережелері, билік-кесімдері негізінде жасалған. Әлмисақтан бері, "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" деген мінсіз, кіршіксіз қанатты сөздер баршамызға аян.
Қасым ханның ережелерінде мынадай түйінді әдет-ғұрыптық қағидалар қамтылған:
1. Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауы).
2. Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыстарына жаза).
3. Әскери заң (аламан міндеті, қосын жасау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат).
4. Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, xaлықаралық қатынастарда сыпайылық, әдептілік).
5. Жұртшьшық заңы (шүлен тарту, ac, той, мереке үстіндегі ережелер).
Ал Тәуке хан бұларға 6. Жесір дауы және 7. Құн дауын қосқан.
"Жеті Жарғы" заңына шариғат ережелерінің әсері болғанын атап айтқан дұрыс. Мұнда "Бір еркектің төрт әйел алуына болады", "ұрғашының жарым басы кем, екі әйелдің куәлігі бір еркекке тең", "еркекке толық құн, әйелге жарты құн" деген кесімді сөздер ислам дінінен ауысқан.
"Жарғы" сөзі көне қыпшақ тіліңде "жарлық" деген тұлғада айтылады. XIII—XIV ғасырларда жазылған "Ко­декс Куманикус" жазба ескерткішінде "Жарғы" айтыс-тартыс, дау, әмір ету, әдет-ғұрып заңдары дейтін ұғымды білдіреді. Яғни "Жеті Жарғы" жеті жүйеден, жеті тараудан, жеті бунақ-баптан тұратын жарлықтар, билік-кесімдер, жоба-нұсқалар болса керек.
"Жеті Жарғыда" мынадай өрнегі өшпес өнегелі баптар берілген:
1. "Түркі халықтарының мүддесін сатып, опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын".
2. "Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын".
3. "Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын".
"Жеті Жарғының" тілі өте жатық, ықшам. Оймақтай сөзде мағына, мәнер, салмақ, мөлдір тазалық мейлінше мол. Мәселен: "әділ билік — алтын таразы", "жетпеген билік жеті ұлықтың есігін ашады", "батыр айғақ, балуан куә", "қысасқа қан, оқысқа құн", "мойнына қосақ, артына тіркеу", "семсер астында серт жүрмейді", "иілген басты қылыш кеспейді", "алдыңа келсе атаңның құнын кеш", "мал ашуы-жан ашуы", "алдырған албырт анасының қойнын ашады", "қойманы не көрген алады, не көмген алады", "ердің құны екі жүз жылқы", "ат тұяғын тай басады", "аға өлсе, жеңге мұра", "ерден кетсе де елден кетпейді", "судың түбін шым бөгейді, даудың түбін қыз бөгейді", "арам жемейік, адал өлейік", "бүлінгеннен бүлдіргі алма".


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет