Оқу пәнінің мазмұны Шешендік өнер туралы түсінік


Мақсаты: Шешендік өнер туралы мәлімет беру. Жоспар



бет4/20
Дата29.05.2022
өлшемі0,77 Mb.
#35869
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Мақсаты: Шешендік өнер туралы мәлімет беру.
Жоспар:
1. Шешендік өнер - қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы.
2. Шешендік өнердің көрнекті өкілдері


Кілт сөздер: шешендік сөз, ел аузында сакталған, ауыз әдебиеті, өлең-жырлар, нұсқа, қоғамдық - әлеуметтік сипаты, көркем қара сөздер.


Шешендік сөз немесе шешендік өнер - ежелгі Грекия мен Рим заманынан бермен қарай көптеген халықтардың мәдени, рухани, өмір тіршілігіндегі өнердің бір түрі. Грек шешендiк өнерiнiң игi әсерi арқасында көне Римде де бұл өнер дами бастады. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi III ғасыр Рим мен Грек елдерiнде эллиндiк дәуiр деп аталып, әдеби-мәдени құндылықтардың алмасуымен сипатталады. Бұл сипат шешендiк өнерге де тiкелей қатысты. Байырғы салалары: бейнелі сөз, шешендік сын, шешендік өсиет, шешендік нақыл, шешендік дау, шешендік толғау. Әр қайсының әсерлі өңі, сұлулығы, татымдығы, дуалылығы, зерделігі адам ой жүйесіне, жан-дүниесіне, сезіміне мықты қозғау салады, жүрек тебірентеді. Тыңдау­шы­ның еркі мен сезімін билейді, толғандырады.
Шешендік сөздер ағып тұрған поэзия, тұнып тұрған философия. Ақ өлеңмен өрілген сөз тұнығы: сырлы теңеу, астарлы сын, жинақы ой, жұмбақты меңзеу, қисынды толғам, тылсымды талай. Бәрі тіл құдіретінің, пікір түйінділігінің, таңғажайып ой толғағының әмбебап туындысы.
Өмір құбылыстарына байламды шешендік сөздер орны-орнына қойылса шебер шендестіріледі. Сырланып, әрленіп, татымы нәрленсе ойды шалқытып, сезімді тербеп адам көңілін ұйытады.
Сұлу, өрнекті әр шешендік сөздің өзіне тән терең мағыналы және астарлы жүктемесі бар. Жүйелі, байыпты айтылса досқа пір, дұшпанға зіл, шат көңілге шабыт, қам көңілге демеу, батырға айбынды ұран болар әрі тәтті, әрі қатты, әрі майда, әрі өткір алмас тіл.
сақталған. Шешендік - ұшқыр ойдың қас қағымда тілге оралымдылығы, байламы; дер кезінде дәл мағынасын дөп басар бейнелілігі; мәнді, ойлы сөздердің мәйекті мақал мен мәтелге айналуы; дау-дамайда қазылық, мәмілегерлік; ара қатыста елшілік, жаугершілікте бітімгерлік; ұрпаққа, қалың қауымға өсиет. “Алажағым кетсе де, айтажағым кетпесін” дейтін қазақтың сөзге қонақ беруі.
Шешен (жезтаңдай, ділмар, айыркөмей, орақ ауыз, от тілді, сөзуар, тапқыр) - тілге жүйрік,сөз қисынын тауып айтатын халық қалаған сөз шебері. Ел-жұртты елеген, халқы қалаған азаматтарды ардақтаудың ана тілімізде атаулары мен дәріптеу, бейнелеу сөздерін айтып тауысу қиын. Оны қазақ теңеп те, бейнелеп те, асқақтатып та айта білген. Ел намысын қорғаған ерлерді "нар", "арыстан", "арыстан", "ерім", "азаматым" деген сияқты теңеулермен мадақтап, ардақтаумен бірге әділді "қара қылды қақ жарған"; шешенді "ердің құнын екі ауыз сөбен шешкен"; шеберді "темірден түйін түйген"; жомартты "атын түсіп беретін мырза"; адалды "сүттен ақ, судан таза"; сұлуды "ай мен күндей"; әдептіні "қыз мінезді жігіт"; бәйбішені "бес биенің сабасындай"; баланы "тойған қозыдай"; бойжеткенді "оймақ ауыз, күлім көз", деп дәріптеген.Жақсы адамдарды көріп, білмесе де сырттай сүйініп, ұрпағына үлгі еткен. Олар ауылына келгенде баласының аузына түкіріп, отырған жеріне аунатып алған.Ел сыйлаған адамдар есімі халық жадында мәңгі
Шешендік сөз мынадай талаптарға жауап беруі керек.
Белгілі бір әлеуметтік мәні бар тақырыпты қозғайтын және шаршы топ алдында ауызша айтылған сөз болу.
Әңгіме өзегінің дәлелі (аргумент) болуға тиіс, соның арқасында тыңдаушыларға бір нәрсені әуелі түсіндіріп, содан соң ойлантып, ақырында белгілі бір харекетке ұмтылдыруды көздеуі қажет.
Тыңдаушыларға жақсы әсер етіп, құлақ құрышын қандыратын, сүйсіндіретін эстетикалық қасиеті болуы игі. Шешендік сөз дәстүрінің қажеттігі ауызша сөйлеудің аясы, кеңіген сайын арта түсуде. Жиналыс, мәжіліс, құрылтайларда, пікірсайыс жиындарда, семинар, симпозиумдарда шешендік өнер өте қажет.

Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы — шешендік сөздер ақындық айтыс секілді қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін көркемдік қасиеттерін көрсететін жанр.


Шешендік дегеніміз белгілі бір уақиғаға байланысты тапқырлықпен, көркем тілмен айтылған және жұртшылық қабылдап, елге тараған белгілі, үлгілі ойлар, тұжырымдар.
Әдетте, шешендік өнер айтыс-тартыста дамиды. Сондықтан, ердің құны, елдің тағдыры талқыланатын парламент сарайлары мен сот залдары шешендік өнердің ежелгі мектебі болған. Дүние жүзіне әйгілі шешендердің көбінесе, парламенттік кайраткерлер мен заң кызметкерлерінен шығатындығы кездейсоқ емес. Мәселен, атам-заманғы Афина шешені Демосфен мен Рим шешені Цицерон әуелі адвокат, кенін парламент мүшелері, басшылары болған. Ал XIX—XX ғасырлардағы орыс шешендері А. И. Урусов пен Ф. Н. Плевако заң қызметкерлерінен шыкқан. Сол сияқты қазақ шешендері Әлібек-ұлы Төле, Келдібекұлы Қазыбек, Әйтеке би, Датұлы Сырым, Қорлыбайұлы Досбол тағы басқалар қауым ішіндегі дау-жанжалдарды реттеуден бастап, елшілік — мәмлегерлік кызметтерімен белгілі болған адамдар.
Шешендік сөз - шебер айтылған ақыл, нақыл сөздер жаратылыста, қоғам өмірінде болған өзгеріс, құбылыстарды жіті көзбен байқап, бақылап айтылған халық ойының жемісі, қорытындысы.
Шешендік сөздердің қайсысы қай уақытта шығып, калай қалыптасқанын кесіп - пішіп айту киын. Алайда біз білетін қазақ шешендерінің атасы Жиренше. Ел аузында сакталған шешендік сөздердің ең көкесі де — Жиренше.
Аңыз әңгімелер мен өлең-жырлардың қайсысы бұрын шыққаны әлі аныкталмаған және арнайы зерттеуді керек ететін мәселе. Ал шешендік сөздер ақындық сөздер (өлең-.жырлар) мен көркем қара сөздердің (ертегі, әңгімелер-діц) алғашкы бөліне бастауын көрсететін аралық жанр сияқты. Алайда, қара сөз бен өлен сөздің бөлінуі - мен шешеидік сөз өнері өткінші бекер ретінде жойылып кетпеген, қайта өз алдына дамып, дербес жанр болып калыптаскан.
Шешендік сөздер ертегі - аңыздар меи халық поэзиясынан іріктеліп, сұрыпталып бөліне отырып, халықтық бірыңғай әдеби тіліміздіц калыптасуына жәрдемі тиген. Шешендік сөздердің сөйлемдік құрылысы мен сөздік құрамы, мазмүны, тұлғасы қазіргі әдеби тілімізден аса алшақ, емсс. Шешендік сөздер ауыз әдебиетінің басқа салаларымен косыла қазіргі колданылып жүрген сөздігіміздің негізгі коры мен ұйтқысы ссепті. Демек, шсшендік сөздерді зерттеп талдау, жинап — жариялау ана тіліміздің сөздік корын байытады, әдеби тілімізді дамытып, кеңейтеді; сөйлеу, жазу мәдениетімізді көтеруге пайдасы тиеді. Шешендік — тапқырлық сөздер бізге іріктеліп, сұрыпталып жеткен, тек жатталып, жазусыз сақталғандықтан сөздердің көбі ұмытылған, қайсы бірі жаңа дәуірге сай жаңа мазмүн, жарасымды түр тауып жаңарып, жаңғырып отырған. Бізге жеткен шешендік сөздердің ішінде белгілі адамдардың атынан айтылғандары көп. Бұл айтушылар қоғамдык дамудын әр түрлі сатысында өмір сүрген, әр топтан шыққан адамдар. Олар айтқан сөздерін сан құбылтып, өз көзқарасынан із қалдырған. Осындай айт Шешендіктің қалыптасу тарихы, әрине, күрделі мәселе. Осы мәселе төңірегінде, яғни шешендіктің қалыптасу тарихына, қызметіне, қоғамдық - әлеуметтік сипатына, түріне, сөйлеу әрекетіне қатысты көптеген шешімін табуға тиісті мәселелер бар. Олар:
Осы тұста қазақ шешендігінің тарихын дәуірге, кезеңге бөлуде белгілі шарттылықтың бар екендігін ескерген жөн.
Бұрын «Қазақ билерінің сөздері» делініп келген мұрада екі-үш нұсқасыз шешендік сөздер кемде-кем. Бұдан шығатын қорытынды — халық ауыз әдебиетінің ертегі— аңыздары мен өлең - жырлары секілді шешендік сөздер де көп нұсқалы. Енді бір есте болатын нәрсе белгілі жүйелі сөздердің қай-қайсысы болса да байтақ қазақ елінің барлык, түкпір-түкпіріне кеңінен таралғандығы және сол өлкеде өмір сүрген әртүрлі тарихи адамның атымен, белгілі бір уақиғамен байланысты айтылатындығы.
Осы уақытқа шейін сан ғасырлық тарихы бар ұлттық шешендік өнері, яғни би-шешендер мұрасы көркем сөз ретінде бағаланды да, әлеуметтік-қоғамдық мәні, мемлекет тағдырын шешудегі ересен қызметі елеусіз, ескерусіз қалды. Көне Эллада мен Рим елінде Демосфен, Цицерон сынды даңқты шешендердің тағдыры мемлекет тағдырымен төркіндес болғаны аян. Олар мемлекеттің көркеюіне, мәңгілік тұғырына жарқырап көтерілуіне, жақсылыққа, бақытқа, жарқын заманға ұмтылуына зор үлес қосты.
Римдіктер сөз зергерлерін төрт топқа жүйелеген. Олар:
1) шешендер; 2) философтар; 3) ақындар; 4) тарихшылар.
Риторика немесе шешендік өнер ғылымы "өнердің падишасы" ретінде саналған. Ол поэтиканың, логиканың, стилистиканың және грамматиканың өркендеуіне үлкен әсер етті.
Аталмыш оқу құралында әлемдік риторика ғылымының негіздері мен тәжірибелері, сондай-ақ Аристотель, Демос­фен, Квинтилиан, Цицерон, M. В. Ломоносов, А. Ф. Кони және т. б. көрнекті оқымыстылардың күрделі зерттеулері мұқият зерделенеді.
Риторика ғылымы төрт бөліктен түзіледі:a) ойлап табу, ойдан шығару, шығарымпаздық; ә) әшекейлеу; б) opналастыру және; в) орындау не айта білу (Ломоносов M. B. Краткое руководство к риторике).
Бұл орайда кітапта тақырып таңдау, міндет-мақсатты айқындау, материал жинау мен іріктеу, ретке түсіру, сөйлеудің композициясы мен логикалық құрылысы, айғақ-дәлелдер, сөзді айта білу шеберлігі мен дыбыстау мүшелерінің қызметі, аудитория мен шешеннің өзара байланысы, шешеннің сыртқы түр мәдениеті мен ым-ишарат, дене қимылдарын шебер пайдаланудың мәнісі, конс­пект жасау мен сөйлеуге жаттығудың сырлары, шешеннің мақсаты (сендіру, үйрету, тәрбиелеу) мен талдау, ойлай білу, тексеру қабілеті, шешен сөздегі логиканың заңдары, қабылдау мен түсінудің проблемалары (мотивтер, аудиторияның әлеуметтік құрамы, жас ерекшеліктері, білім-білік деңгейі), шешендік өнердің басқа ғылымдармен байланысы, шешендік өнердің тілдік, стильдік табиғаты, көркемдік кестесі талданады.
Сондай-ақ қазақтың шешендік өнері ұлттық прозаның дамуында, әсіресе, Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезовтің өнернамасында айқын керініс тапты. Сондықтан да шешендік өнер мен прозаның біртұтастығына да айрықша зейін аударылады.
Ең бастысы, қазақ мемлекетінің нығаюына, шарықтап түлеуіне ерекше еңбек еткен әйгілі би-шешендер, көреген көсемдер, көріпкел-абыздар Асан Қайғы мен Жиренше, Төле би мен Қаз дауысты Қазыбек, Алшын Әйтеке би мен Сырым Датұлы, Бөгенбай батырдың ұрпақтары Бапан мен Саққұлақ, Абылай ханның бас биі Қарауыл Қанай мен Ақтайлақ шешен, Байдалы мен Бөлтірік, Жанқұтты сынды дүлдүл ділмарлардың өнерпаздық келбеті кеңінен әңгімеленеді.
Ұлы ойшыл — ақын Абайдың билік-кесімдері, 1885 жылы Қарамолада жазылған ережесі, таңғажайып тапқырлыққа толы асқан шешендігі туралы да сөз болады.
Бір айта кететін жәйт, қазақтың би-шешендерінің даусы, түр-тұлғасы, өң-әлпеті, қимыл-қозғалысы, мінез-құлқы турасында жазылған ешқандай жазба деректер жоқтың қасы. Иә, ұлттық шешендік өнері өте биік дәрежеде дамығанмен, оның ғылымы кенжелеп қалғаны шындық. Солай болса да, Шығыстың ұлы ойшылы, отырарлық Әл-Фараби, Шоқан Уәлиханов, Алексей Левшин, Адольф Янушкевич, Василий Васильевич Радлов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Әминә Мәметова, Балтабай Адамбаев тәрізді оқымыстылардың пікір-толғамдары басшылыққа алынады.
Мүмкіндігінше, еңбекте әр тараудың соңында жаттығу сабақтары мен сұрақтары және ғылымы трактаттардан шағын үзінділер беріліп отырады.
Тегінде, ұлттық әдебиет тарихындағы осы оқу құралын алғашқы тәжірибе ретінде қабылдаған дұрыс деп ойлаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет