Бақылау сұрақтары:
Риторика дегеніміз не?
Шешендік өнердің қалыптасу тарихы жайлы мәлімет беріңіз.
Шешендік өнер қандай кезеңдерге бөлінеді?
Әдебиеттер:
Г.Қосымова. Қазақ шешендік өнерінің негіздері. Білім баспасы, 2003ж.
Тіл мәдениеті. Шешендік өнер: Оқулық / Б.Қ.Қапасова.-Алматы, 2014-224б.
№2 практика тақырыбы: Шешендік өнер тарихы, Риторика.
Мақсаты: Шешендік өнер тарихы туралы жазылған ғылыми еңбектермен таныстыру, конспектілеу жұмыстарын жүзеге асыру.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Шешендік өнердің қалыптасу тарихы.
2. Шешендік өнердің екі кезеңі.
Тапсырма: ұсынылған ғылыми еңбекке шолу жасап, қажетті мәліметтермен танысқаннан кейін ұсынылған тақырып бойынша қысқаша түсінік жазып, өз ойыңызды қорытып, пікір алысу жасаңыз. Ел алдындағы еңбегі мен жұрт аузында сақталған шешендік сөздерінен мысалдар келтіріңіз.
Әдістемелік нұсқау Ерте заманда шешендік өнер Мысыр, Вавилон, Ассирия, Қытай, Үндістан елдерінде өркендеп дамыған. Осынау өнердің үзілмес тарихы Көне Грекиядан басталады. Шешендік өнер қоғамдық қажеттіліктен туды, құлиеленушілік қоғамда әлеуметтік даму өрістеп, демократияның жандануына жойқын қозғаушы күш ретінде тарих сахнасына шықты. Б. з. д. V гасырдың екінші жартысында грек-парсы соғысынан кейін, Афинада жане оның қоғамдық өмірінде мемлекет істерінде, саясат май-данында маңызды факторға айналды.
№3 Тақырып: Римдегі шешендік өнер.
Мақсаты: Римдегі шешендік өнер жайлы мәлімет беру. Риторика дегеніміз не?
Шешендік өнердің қалыптасу тарихы жайлы мәлімет беріңіз.
Шешендік өнер қандай кезеңдерге бөлінеді?
Жоспар:Римдегі шешендік өнердің негізін қалаушы.
«Риториканың негізі — философия, стилистика, ойшылдық».
Даналық, сөз сұлулығы жайлы пікірлер.
Кілт сөздер: философия, ой-толғау, көне гректер, ішкі дүние, айқындылық, диалектиктің тапқырлығы. "Риториканың румдық теориясы" Марк Фабий Квинтилиан (шамамен 35 жылы туып, 100 жыл шамасывда қайтыс болған). Квинтилиан шешендік өнердің теориялық және тажірибелік мәселелерін бүге-шігесіне дейін талдаған. Ол болашақ шешенді қалай тәрбиелеу, риторика мектебіңде дәрістерді қалай өткізу, грамматика, философия, өнер, қүқ пәңдерін оқыту, көркем шығармаларды қалай мәнерлеп оқу және дарынды шешендер, жазушылар, ақындар хақында кесек-кесек ойлар өрбітеді.
Марк Туллий Цицерон (6. з. д. 106—43) шешендік өнердің теориясы хақында үш гылыи трактат жазып қалдырған. Цицерон "шешеннің тағдыры — мемлекет тағдырымен төркіндес. Адамзат баласының даналық мәйектерін толық меңгерген әрі сөздің таңғажайып қуатын өткір сезініп, даңқ тұғырына көтеріледі, көптің құрметіне бөленеді және мемлекетке бақыт әпереді, жақсылыққа кенелтеді деп жазады. Және шешендік "диалектиктің тапқырлығы, философтың ойы, ақынның тілі, заңгердің еске сақтау қабілеті, трагиктің даусы..." болуға тиісті. Шынайы шешен, тума талант халық өмірі мен әдет-ғүрып, салт-сана дәстүрлеріне мейлінше жетік болуы керек" деп түйіндейді.
Риториканың негізі — философия, стилистика, ойшылдық. Философияның өзі мынадай қабаттардан түзіледі: жаратылыс құпиясы, ойлаудың нәзік қырлары, тұрмыс-тіршілік пен мінез-құлық сырлары. Міне, шешендік өнердің қамтитын аясы осылар. Цицеронның алдындағы өнерпаздар әртүрлі сазға ие сегіз түрлі сөйлеу ерекшеліктерін байқаған: 1) маңызды, 2) кекесінді, 3) хабарлы, 4) оралымды, 5) түсіндірмелі, 6) үзілмелі, 7) екпіңді, 8) әншейін. Оның пікірінше, шешен сөздің мазмұнын айқындау үшін үш шарт қажет: 1) зеректік, 2) ғылым, 3) ынта.
Ғылым сенің керегіңді қайдан іздеп, қайдан табатыныңды көрсетіп береді. Басқасы талпыныс, ойлау, жітілік, табандылық, зейін арқылы табылады. Халықтың асыл қасиеттері, мемлекеттік шаралардың аса мәнділігі, жиналған топтың құлшыныс-зауқы шешеннің сөзіне ерекше екпін, әрлілік үстейді деп жазады.
Цицерон адамның еске сақтау қабілеті табиғаттың сыйы деп қорытады. Соңдай-ақ адамның есту қабілетіне, сөйлеудің тайға таңба басқандай анықтық сипатына көңіл бөледі.
Цицеронның алдында өткен Эпикур мен Аристотельдің жазуынша, сөз саптау мәдениетінің ең үздік көрсеткіші — айқындылық. Шешен айтқан сөзін өзі қалай түсінсе, тыңдаушылары да сондай түсіну керек.
Тілдің анықтылығы тілді терең және саналы оқып үйрену барысында, қоғам мен отбасында сөзді дүрыс қолданушылардың ықпалы арқасында, ана тілін қүрметтейтін ортада өскенділіктің әсерінен және бұрынғы өткен шешендер мен ақындардың туындыларын оқу үстінде жетіліп, шыңдалады. Ойлау мен сөйлеу ғылымын, яғни сөз қуатын көне гректер даналық деп атаған. Сөз сұлулығы дегеніміз жаңалығы мен дәмділігі, маңыздылығы мен нәзіктігі, көріктілігі мен сезімге кемелдігі.
Цицерон ескірген немесе жаңадан енген сөздерге, философия мен риториканың ара-қатынасына, ырғақ келісіміне ой жарығын түсіреді. Айтулы шешен сондай-ақ жан-дүниенің қозғалыстары дене қимылымен ұштасуы керек деп жазады. Әрине, мұндағы қимыл сахналық болмау керек, ойды, пікірді, сөзді мазмүн жағынан ишаратпен, тұспалмен, түсіндіріп, толықтыру қажет. Денемен бұрылғанда сахнадағы ойыншыныкіңдей болмау керек,
сондай нағыз ерге тән сенімді қимыл болуға тиісті, яғни қару ұстаған жауынгердей қолдың саусағы тым ойнақшымағаны дұрыс, сөзге демеу болғаны жөн, қолдың алға ұсталуы, шешендіктің жебесіндей, табанның жерді соққылауы құлшыныспен сөйлеген тұстардың не басында, не аяғында болғаны қонымды. Мәселенің мәселесі адамның жүзінде. Барша қуаттың ұясы — көз. Орындаудың қозғаушы күші — жан дүниесі болса, жанның бейнесі — бет, оның ішіндегі ерекшесі — көз. Бұл дененің бірегей, ең жалқы үздік мүшесі. Өйткені ол көңіл-күй толқындарын, өзгерістерін, елеусіз реңктерін мейлінше толық, жетік, жан-жақты жеткізетін құдіретті мүше.
Сөз сөйлеу — әсем, шебер орындаумен тамырлас. Бұл біздің денеміздің тілі іспетті. Және ой әлемімен үйлесуі қажет. Ал көз болса, бүл жылқы мен арыстанға табиғат сыйлаған жал, қүйрық, қүлақ сияқты. Бұлар ішкі дүние құбылыстарын бейнелеуге мүмкіншілік береді. Ойлы сөйлеп, мәнерлі жеткізуде дауыстан соң, бет-жүз, ал ол көз арқылы көріктенеді деп ой толғайды атақты шешен.
Шешендердің жүйрік ой толғауы тыңдаушылардың талғамына тәуелді. Ол 1) не айтатынын, 2) қай жерде айтатынын және 3) қалай айтатынын жете түсінуге тиісті. Дауыс мәнері тақырыптың табиғатынан туындағаны абзал. Сөздің мазмүяы адамның жүзінен берілуі және ол әр сөздіц мағынасын айна-қатесіз жеткізуі керек.
Мәні мен сәні үйлеспеген бірде-бір сөз шешеннің аузынан шықпағаны жөн. Сөйлеудің сүлулығын күшейтетін мыиадай көркемдік тәсілдер бар: 1) сөздің жағымдылығы мен 2) ырғақты жарасымдылығы.
Біріншіден, қазақ шешендерінің сөздері жазбаша емес, ауызша айтылып дүниеге келеді де, одан кейін бірден-бірге жатталып, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді.
Екіншіден, айтыла келе бастапқы нұсқа қалып өзгертіліп отыруы мүмкін.
Үшіншіден, шешеңдік сөздер кейінгі айтушылар тарапынан қажетіне қарай өзгеріп қолданылып отырған. Шешендік сөз ақындар айтысы сияқты сөз тартысы дау үстінде, ел тағдыры талқыланған ұлы жиын кеңес кезінде, оңаша ой толғау не сұхбат, әңгіме-дүкен барысында арнау, сәлем, өсиет түрінде де өмірге келген.
Шешендік сөздер көбінесе түсінік сөзден басталады. Түсінік сөзде айтылмыш шешендік сөздің немен байланысты, қандай жағдайда туғандығы мен кім айтқаңдығы баяндалады. Шешендік сөздің, айтылар ойдың негізі – мазмұн. Сөз нақтылы, нені айтса да сендіретіндей, иландырып қарсыласын мойындататындай дәлелді айтылған. Жазба әдебиетіміз дамыған кейінгі дәуірде шешендік сөздер саптан шыққан жоқ. Заманға сай жаңа мазмұн, жарасымды тұр тапқан шешендік сөз нұсқалары көбейді.
Қазақ халқы - тілге бай халықпыз. Қазіргі ақпараттық технология заманында - мына мəтінді ой түрткі сөздерді ғаламтордан кездестіруге болады:
1. Қазақ – ол сен, ол мен, олар біздер. Бізге - ешкімнің алдында ақталудың қажеті жоқ, қазақ ұлты – ұлы ұлт.
2. Барша адамды алла жаратты, әлеуметтік теңсіздікді адам жаратты.
3. Түн болғанмен, күн ешқашан сөнбейді.
4. Көп естісе құрғақ сөзге құлақтың еті үйреніп кетеді.
5. Кейде қорқудың өзі ерлік.
6. Біреудің үстінен күлсеңіз, ол жылайды деген сөз емес.
7. Сөзге тоқталу мен еру екі бөлек нәрселер.
8. Кемсітудің өзі кемшілік.
9. Уақытты қайтару мүмкін емес, бір нәрсе екінші рет қайталанса қызық емес.
10. Сіз біреуді сыртынан жамандасаңыз, өзгенің көзімен сізде сондайсыз.
11. Жас баланы тәрбиелеу оңай, егер сіз дұрыс тәрбие алсаңыз.
12. Өмірді түсінбеймін дейсіз, онда неге құранға шын сенбейсіз..
13. Ең алдымен адам өзін алдамау керек, сонда сізде алданбайсыз.
14. Шын бақытты білмесеңіз, оны неге іздейсіз.
15. Ана тілін білмеген адам - жетіммен тең.
16. Жанашыр болыңыз, себебі сол жағдай сіздің басыңызғада келуі мүмкін, үстінен күлсеңіз әрине.
17. Өзіңізге мен кіммін? - деңізші, ішкі түйсік өзі айтады.
18. Шексіздіктіңде шегі бар, шексіздікті де бір шектік етіп алуға болады.
19. Сабыр сақтау үшін адамға, бір сәтке ғана өзін – өзі ұстау жеткілікті.
20. Махаббат – бар адамдарда, қалған тіршілік иелері не болып жатқанын түсінбейді де меніңше, түсінсе оларда некеге тұрушы еді біз сияқты.
21. Жаман адамда жақсы болып көрінгісі келеді.
22. Ғаламның үлкендігін - сіздің ойша есептеген ең үлкен аумақтың, жай ғана бір нүкте болып қалған кездегі өлшемді айтуға болады.
23. Біреуді ақымақ деу ақымақтық, себебі әркім тек өзін көреді.
24. Әр адам сенімсіз екендеріне - сенімді, демек сенім бар.
25. Өсекті – соны таратушылар ғана айтады, қалғаны жай тыңдайды.
26. Қиындықты сезінсеңіз, оған дейін жеңіл болғанын білесіз.
27. Өзіңізді ешкімнен биік санамаңыз, төмендеп кетесіз.
28. Сыртынан қарағанда, қант пен тұздың айырмашылығы жоқ.
29. Өмірде әділдік бар болса, әділетсіздік болатын еді.
30. Үнсіздік – айқайдан жаман, не айтқанын ешқашан біле алмайсың, сөйлесе жалған болсада айтылды, ол – факт.
31. Біз оңбай алданғанбыз, жерден шыққан тас пен темірді – алтын, алмас деп атап, алдап сатқан.
32. Жаратушы күш – әлемдегі бүкіл ересек адамдарды « бес жасар бала » - деп есептегендегі, бізге қарап тұрған ересек кісінің, бізге түсіндіре алмай жатқаны сияқты сезіледі.
33. Жүрек елшісі – тіл, тіл – елшісі сөз, сөз – елшісі ой, ой – елшісі біз.
34. Ашкөздік – өзі емдей алатын, біле тұра емдемейтін адамның жан ауруы.
35. Ұлтжандылық – ерлерге тән қасиет, ездер – елін сүюдің орнына, айдаққа еріп жек көруге тырысады.
Шешендік шендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады.Халық мақалдарында: "Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді", "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ", "Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді", "Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды", – деп сөзді айтушыға да, оған құлақ қоюшыға да биік талап қойған. Демек, шешеннің ең негізгі құралы – сөз. Ол тындаушының жүрегіне жетіп, ерекше сезімге бөлеген.
Сөз туралы Бөлтірік шешен: "Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт, кімге, қай жерде, қай кезде, қалай сөйлейтініңді біл", – деп толғайды. Бұлар – "Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін, жауласқан елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылатып, жылағанды жұбата алатын даналық сөздер иесі". Мұндай сөз білетін, жөн білетін адамға ел ісіне араласуға, халық атынан сөйлеуге құқық берілген. Шешендік өнер — көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында талай айтыс-тартысқа түсіп, жалықпай жаттығу арқылы жетілетін өнер. Шешендік өнердің қиындығы туралы Бұқар жырау: ...Көш бастау қиын емес – Қонатын жерде су бар. Қол бастау қиын емес – Шабатын жерде жау бар. Шаршы топта сөз бастау қиын – Шешімін таппас дау бар, –
деп дұрыс аңғартады.
Достарыңызбен бөлісу: |