1997-1999жж. 20%-дық тұрғындар тобының ақшалай кірісінің ортақ мөлшерінің үлестірілуі
Ақшалай кірістер
|
1997
|
1998
|
1999
|
Соның қатарында 20% тұрғындар тобының:
бірінші (ең аз кіріспен)
екінші
үшінші
төртінші
бесінші (ең жоғарғы кіріс)
|
6,0
10,2
14,8
21,6
47,4
|
6,1
10,4
14,8
21,1
47,6
|
6,2
10,6
14,9
21,0
47,3
|
Бақылау сұрақтары:
Қажеттіліктердің Н.Ф Реймерс бойынша құрылымы
Адамның биологиялық қажеттіліктері.
Адамның əлеуметтік- психологиялық қажеттіліктері.
əлеуметтік қажеттіліктер.
Идеалды жəне экзистенциалды қажеттіліктер.
Экономикалық қажеттіліктер
Сезінудегі адам қажеттіліктері.
Талқылау тақырыптары.
1) Адамдардың биологиялық қажеттіліктері генетикалық түрде алдын- ала анықталған ба? Адам өз денесінің ерекшеліктерін саналы түрде өзгерте алама?
2) Экологиялық дағдарыс жағдайынан шығу үшін адамның қажеттіліктерінің аясын өзгерту жеткілікті деген болжаммен келісесіз бе? Егер келіссеңіз, оны іске асыру үшін қандай ойлар ұсынар едіңіз? Қазір өз қажеттіліктеріңіздің жүйесін қайта қарап шығып, ғаламшардағы экологиялық дағдарысты жеңуіне көмектесуі үшін онда өзгеріс жасай аласыз ба?
9-тарау
ДЕМОГРАФИЯ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
Демография (грек.демос-халық) -халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін (туу,өлім,өмірінің ұзақтығы) қоғамдық-тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым.
Соңғы жылдары демографияның жаңа бағыттары-экологиялық демография немесе демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін бағыты қалыптасып келеді.
Адамзаттың сандық сипаттамалары
Қазіргі адамзаттың саны 6 млрд.адамға жақын.Табиғаттағы жануарлардың түрлерінің саны ортаның сыйымдылығымен шектеледі.Әдетте, ұсақ жануарлардың түрлерінің саны ірі жануарлармен салыстырғанда көп болады.Сүтқоректілердің түрлері үшін даралардың саны мен дене массасының арасында теріс корреляция байқалады.Дене салмағы 10-100 кг-ға дейінгі деңгей үшін түрдің санының максималды шамасы 107-104 аралығында болады.Адамның ең жақын туыстарының (адамтәріздес маймылдар) түрлерінің қазіргі кездегі саны-соңғы санға жақын.
Эксперттердің болжамдары бойынша Жерде 1 млн. Жыл бұрын өмір сүрген адам популяцияларының жалпы саны (Nomo erectus) 100 мың болған, Homo sapiens пайда болуына қарай –шамамен 500 мың; 30-20 мың жыл бұрын-шамамен 5 млн.
Біз жататын түрдің қалыпты саны 500 мыңға жуық болуы керек.Қазіргі кезде одан 10 мың есе артып отыр.
Көптеген мың жылдықтар барысында дүние жүзінің халқы өте баяу өсіп отырды. Б.з.д. 4 мыңжылдықтың басында ол шамамен 100 млн.болды, б.э.д. 1000 жылы 300млн-ға жақындаған,1500жылға қарай 425 млн-ға дейін өсті.Мұндай қарқынменөсу жылдың максимальды өсімі 0,7 пайызы сәйкес келеді,яғни жылына 10000-ға шаққанда жеті адам.Ұлы географиялық жаңалықтар кезеңінде халық санының қарқынының артуы экспоненциальды заңдылыққа жақындады.Кейін Жердегі адамдардың санының артуы гиперболалық сипатқа ие болды.1600 жылдан 1990 жылға дейін Жердегі халық санының өсуі дәлме-дәлдерлік (максимальды ауытқу 5 пайыз) гиперболалық эмпирикалық теңдеуімен сипатталады:
N=___2,1*1011______
2030-A 1
Мұндағы :A 1-біздің эрамыздағы жыл.
Бұл теңдеу бойынша 2030 жылы халық саны шексіз болуы керек.Бірақ бұл мүмкін емес,сондықтан халық саны осы кезеңге дейін өсіп келген заңдылық өзгеруі тиіс.Шындығында соңғы жылдары 80-жылдардың аяғынан бастап,салыстырмалы өсім артпай отыр.Халық санының өсуі сызықтық өсімге жақындады.
БҰҰ халық саны бойынша эксперттерінің болжамдары бойынша (1995ж.) бұл қарқын 2015 жылға дейін сақталады да, адам саны 7,5 млрд -қа жетеді.ХХ ғасырдағы адамзаттың санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды.Соңғы 100 жылдағы өсімге Жердегі өмір сүретін адамдардың жылдағы өсімге Жердегі өмір сүретін адамдардың ¾ сәйкес келеді.Ғасырдың екінші жарытысында әр он жыл сайын жылдық өсім шамамен 10 млн ға артып отырды. 50-жылдары 53,3 млн. болса,60-жылдарда -66,7 млн, 70- жылдарда -70,3 млн.,80-жылдарында -86,4 млн. адам.
Адамзат тарихы эволюциясының ерекше факторынан басқа халық санының шектен тыс артуын эпидемиялар мен аштықтан болатын өлім санының кемуімен түсіндіруге болады.ХХ ғасырда аталған факторларға гигиеналық және медициналық жағдайлардың жақсаруына байланысты дамушы елдердегі бала өлімінің кемуі де қосылады.
Әр түрлі елдер мен континенттердің халық санының өсуіне қосқан үлесі әр түрлі.Абсолюттік саны бойынша ең үлкен өсімді ірі азиялық елдер – Қытай,Үндістан,Индонезия берсе,ал ең жоғары өсу жылдамдығы Африка мен Латын Америкасында байқалған (8 кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |