Оқу құралы Қостанай 2016



бет59/62
Дата03.12.2023
өлшемі368,75 Kb.
#133231
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Байланысты:
Суюндикова Ж.Т. Адам экологиясының негіздері

Жер сілкінуі өзімен жер койнауындағы потенциал энергиясының аяқ асты босатылуын көрсетеді, онда барлық бағытта шашылған соқпа толқын мен берік тербелістің формасын иеленеді. Жер сілкінісінің тура нәтижесі қатарына – сейсмикалық толқын немесе беттің тектоникалық қозғалуынан жер қыртысының жылжуы. Екінші әсерінің арасында – жердің үстіңгі қабатының нығыздануы, көшкін, жарылулар, цунами, өрт және қар көшкіні.
Әлемде жылына 300мың жер сілкінісі тіркеледі. Жер бетінде 5минут сайын әрбір қирау 3-4 күнге алып келетін жер сілкіністері болып жатады. ЮНЕСКОның ресми мағлұматы бойынша жылына орта есеппен 15 000 мың адам жер сілкінісінің құрбаны болады, материалдық шығын жүздеген миллион долларды құрайды. Жер сілкінісінен көптеп зардап шегетін (барлық зардаптың 82%) әлемнің алты мемлекеті бар: Қытай, бұрынғы СССР, Жапония, Италия, Перу, Иран.
Көптеген жер сілкінісін көне уақыттан және XXғ басына дейінгі уақытта сипаттайтын жазбаларда, ғылыми-танымал кітаптарда, мақалаларда 23қаңтар 1556ж Шанси (Қытай) ауданындағы жер сілкінісі ерекшеленіп тұрады. Көзімен көрген адамның айтуы бойынша бүтіндей қалаларды сарғыш топырақтар сұйылтып өтті. Толқын таңғы сағат бестерде болғанда, тұрғындар үйде болды, сол себепті құрбан болғандар саны шамамен 830мыңдай адам болды. Сонымен қатар, Ямайкадағы(XVIIғ), Үндістандағы (XVIIIғ), Португали мен Италиядағы(XVIIIғ соңы) жойқын жер сілкіністері белгілі.
XXғ жер сілкінісінің күші, құрбан болғандар саны нақты көрсеткіштері жүргізілді. XXғ басындағы ең жойқын жер сілкіністерінің бірі – Калифорниялық (1906) болды. 1908ж. соңындағы Мессинедегі (Италия) жер сілкінісі кезінде 120 мың адам қаза болды.
Жапония мен Қытай тарихындағы қайғылы ізді XXғ. 20-30 жылдарындағы жер сілкінісі қалдырды. Тек 1930 жылы Жапонияда 5744 жер сілкінісі тіркелген болатын, яғни орта есеппен күніне 13 тен. 1920 ж. және 1932 ж. Қытайдағы жер сілкінісі 250 мың адамның жанын алды, ал 1932 ж. Жапониядағы жер сілкінісі 143 мың адамды құртып, 3,5 млн адамды баспанасыз қалдырды.
1948 ж. Ашхабада (Туркмения) жер сілкінісі болды. Мыңдаған адам қаза тапты, ал бұл көне қала түгелімен жойылып кетті. 1960 жылы жер сілкінісі апаты Чили қаласында болды, ал 1970 жылы Перуде.
Әлемде 1976 жылды «Қырғын апат жылы» деп атайды: ақпанда – Гватемалда жер сілкінісі болды, 22 мың адам опат болды; мамырда – Италияда, оның дүмпуі Европаның көптеген бөлігінде сезілген; XX ғ. ең ауыр қайғылы оқиға – Қытайда, Пекиннен 150 км оңтүстік-шығыстағы халық тығыз орналасқан Таншань ауданы. 110 соққы қарқыны 4 баллдан аса және 15 соққы 5 баллмен тіркелген болатын, 700 мың адам қаза тапты.
1988 жылдың желтоқсанында он мыңдай адамның жанын алып, Арменияда қайғылы жер сілкінісі болды. 1995жылдың 25мамырында Сахалин қатты жерасты соққысынан шайқалды, күш Рихтер шкаласы бойынша 7,5 баллға жеткен Нефтегорск ауылдық аймағында. 3000 адамнан 684 адам тірі қалып, 375 адам ауыр жарақат алды.
Қауіпті аймақтар жер сілкінудің ошағы маңында үлкен өлшемге жетеді. Бүлінген аймақтың шекарасы ошағыондаған, тіпті жүздеген кмге жойылуы мүмкін. Осылай 1985ж Мексикадағы жер сілкінісі кезінде ерекше болған. Оның ошағы Тынық мұхитында, Акапулько демалыс қаласынан алыс емес жерде орналасқан. Дегенмен, жер сілкінісі соншалықты қатты болғандықтан, мемлекет аймағының көптеген бөлігіне нұқсан келді. Көбіне оның астанасы Мехико көп зардап шекті. Рихтер шкала бойынша оның соққы күші 7,8 баллға тең болды. Ошақ көзінене 300км орналасқан Мехикода биік 250 ғимарат толығымен жойылып, 20мың адам жарақат алды. 1976 жылғы Гватемаладағы жер сілкінісі кезінде талқандайтын аймағы оның ошағынан 60кмге дейінгі радиуста таралды. Онда халықтың тұрғылықты жердің 95% жойылды, соның ішінде елдің көне астанасы Антигуа толығымен жойылды. 23мың адам қаза тапты. XXғ. жер сілкінісінің ортақ қиындығының себебі – милииондаған адамдардың қаза болуы, ал адамзаттың барлық тарихында – шамамен 75млн адам.
Жер сілкінісінің қирату салдарының бірі цунами (жапон тілінен аударғанда – «айлақтағы толқын») болып табылады. Цунами – бұл қатты су асты жер сілкінісінен туындайтын мұхиттағы сейсмикалық толқын. Соның өзінде уақыттың қысқа бөлігінде миллиардтаған тонна судың қозғалуына алып келеді. 700 – 800 км/сағ жылдамдықпен жүгіретін ұзын емес толқындар туындайды, ал кейде 1000 км/сағ дейін жетуі де мүмкін. Ашық мұхитта кеме үшін цунами мүлдем қауіпті емес, себебі оның биіктігі бір метрге жетпейді, ал ұзындығы бірнеше жүз киллометр. Бірақ ең қорқыныштысы – жағажай аймағына цунамидің келуі. Олардың қозғалу жылдамдығы тез төмендейді, және толқын энергиясы биіктігінің өсуіне барады ( тар шығанақтарда цунами 40-60м биіктікке жетеді). Жағаға құлай бұл толқындар жолындағының бәрін шайып алып кетеді. Бұндай жағдай 1960 ж. Чилиде болды, 1964ж. – Аляскада, 1975ж. – Гавайда. Көбінесе цунами Тынық мұхитында (сондықтан да мұнда Гавайға әр қашан алдын-ала хабарлап қызмет көрсететіндер тағайындалған) орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет