Оқу құралы Қостанай 2016


Антропогендік қызметтің нәтижесіндегі экологиялық апаттар



бет60/62
Дата03.12.2023
өлшемі368,75 Kb.
#133231
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Байланысты:
Суюндикова Ж.Т. Адам экологиясының негіздері

Антропогендік қызметтің нәтижесіндегі экологиялық апаттар. Адамның ойланбаған іс – әрекеті уақыт өте келе жер бетіндегі қиын экологиялық іс-әрекеттерге жиі алып келді, тіпті кейде көптеген топ адамдардың тіпті бүтіндей халықтардың өмір сүру бейнесін өзгертетін. Жайылымдардағы ормандарды және егістіктерді өртеу уақыт өте келе кең ормандардың өртену салдарына айналды. Ауылшаруашылық жануарлардың көптеген түрлеріне жайылатын жерлер жоқ. Адамдардың іс-әрекеті өткенінде гүлденіп тұрған Сахараны шөл далаға айналдырды, бидайдың атамекені тасты шөлге айналды – Тигр мен Ефраттың арасындағы аймақ, өткен ғасырда қойлар мен ешкілер Пелопонесса тау шатқалдарындағы өсімдіктерді жойып жіберді.
ХХ ғасырдағы қарулы соқтығысулар әскери емес жарақттармен бірге жүрген. Егер екінші дүниежүзілік соғыс кезінде азаматтар әскери іскерлік құрбандарының 50% құраса, Вьетнамға қарсы американдық агрессия барысында бұл көрсеткіш 70% құраған, ал Израильдің Ливанға басып кіруі (1982) кезінде 90% дейін артқан. 1971 жылғы Үнді-пакистан жанжалы кезінде 10 млн жақын адам өз жерлерін тастауға мәжбүрі болып, қайтыс болған.
1983 жылдың наурыз айында ирак-иран соғысы барысында Навруздағы (Иран) екі қалқымалы мұнай скважиналары бұзылса, күніне 1000 т артық мұнай Парсы шығанағына төгіліп отырған. Нәтижесінде, шығанақ айнасын түгелге дейін жауып тастаған мұнай дағы пайда болып, оның көп бөлігінде барлыққа жуық су ағзалары қырылған болатын. Кең байтақ аймаққа тұщы суды жеткізетін теңіз суын тұщыландыратын қондырғыларға қауіп төнді. Катарда ішетін суға деген баға литріне 1 долларға дейін көтеріліп кеткен.
Үстіртін бағалау кезінде халықтың өмір сүру жағдайы бойынша жағымды деңгейге жатқызылуы мүмкін жалпы өлім коэффиценті төмен аймақ көптеген жағдайда аса жағымсыздар қатарынан табылады. Ресейді мысал ете отырып, ондай аймақтарға Магадан-Камчат облыстарын жатқызуға болады, ондағы жалпы өлімнің төмен коэффиценттерін мұнда жас ұрпақтың тұруымен түсіндіреді. Егер Магадан облысында жастық құрылым Батыс Еуропадағыдай болса (стандарттау кезінде еуропалық стандарт қолданылды), онда бұл жердегі өлім Ресейдегі ең жоғарғы деңгейлілердің бірі болар еді.
Өлім мен туу ара қатынасы халықтың туындау үдерісін анықтайды, ол адамдар ұрпақтастығының үзілмеуін қамтамасыз етеді. Халықтың туындауы терминіне халықтың табиғи қозғалысы түсінігі сәйкес келеді. Халықтың табиғи қозғалыс көрсеткіштері аталған аймақтағы халық санының табиғи құбылыстар (өлім мен туу) нәтижесінде қаншалықты өзгергендігін көрсетеді.
Адам популяциясының өмір сүру қабілеті мен денсаулық сапасы көрсеткіштерінің бірі болып өмір ұзақтығы (туу мен өлім арасындағы аралық) табылады. Демографияда халық өмірі ұзақтығының бірқатар сипаттамалары қолданылады.
Өмірдің орташа ұзақтығын анықтау негізінде өлім кестелерін құрастыру жатыр. Бұл кестелер бір уақытта туғандардың өлу кезектестігі ретін анықтауға (шынайы немесе шартты ұрпақтың) мүмкіндік береді. Жас бойынша өлімнің мәні белгілі бір жасқа дейін өмір сүру мүмкіндігін есептеуге мүмкіндік береді, ал ол аталған жасқа дейін өмір сүргендер мен белгілі бір мерзім (1 жыл, 5 немесе 10 жыл) ішінде қайтқан адамдар,яғни келесі жастық топқа дейін жете алмағандар арасындағы ара қатынас болып табылады
Мұндай есептеулер аталған жастық топтың сүрілген өмір жылы санын анықтау үшін қажетті болады. Осы шама негізінде келешек өмірдің орташа ұзақтығын (немесе өмірдің орташа күтілетін ұзақтығын) анықтауға болады, яғни туған адамдардың аталған ұрпағының немесе белгілі бір жастағы құрдастардың келешекте қанша өмір сүретіндігін анықтауға болады.
Кез келген адамдар қоғамында болатын демографиялық үдерістер әрбір осы қоғам мүшесінің демографиялық мінез-құлқынан құрылады.
Адам экологиясы бойынша зерттеулерде адамдар қоғамының демографияық жағдайын өзгертуге немесе сақтап қалуға бағытталған өзара байланысты іс-әрекеттер мен мінез-құлықтар жүйесі ретінде қарастыруға болатын демографиялық мінез-құлық сұрақтары маңызды орын алады.
Демографиялық мінез-құлық халықтың табиғи туындауымен (туу мен өлу) де, көші-қонымен (көші-қон мінезі) де, өзінің денсаулығына деген қатынасымен (өзін-өзі сақтау мінезі) де байланысты іс-әрекеттер бойынша анықталады. Нәтижесінде демографиялық үдерістер көрініс беретін демографиялық мінез-құлық адам экологиясы мәселелері бойынша аймақтық зерттеулер жүргізу кезінде аса үлкен қызығушылықты тудырады.
Демографиялық мінез-құлықтың маңызды құрушысы болып баланың некеде немесе некесіз тууын немесе одан бас тартуын жанамалайтын іс-әрекеттер немесе қатынастар жүйесі ретінде белгіленетін репродуктивті мінез-құлық болып табылады. Адамдар қоғамының әрбір мүшесінің репродуктивті мінез-құлқы толық репродуктивті айналымды құрайтын ұрықтану жүктілік, тірі баланың тууы тәрізді репродуктивті жағдайлардың жүзеге асуына мүмкіндік береді.
Тууды реттеу немесе репродуктивті айналымның әрбір буынының болуына кедергі жасайтын іс-әрекеттерді қамтамасыз ету механизмі тууды отбасы ішілік қадағалау, отбасыны жоспарлау тәрізді репродуктивті мінез-құлық құраушылары табылады. Егер репродуктивті айналым қандай да бір кезеңде үзілсе (контрацептивтерді пайдалану, жасанды түсік, күтпеген түсік, өлі туу), онда мұндай айналым толыққанды емес деп аталады. Балаға деген қажеттілік деңгейі қаншалықты төмен болса, әйел адамның (орташа алғанда 18-ден 43 жасқа дейін) репродуктивті кезеңінің соншалықты көбірек бөлігі үзікті репродуктивті айналыммен байланысты болады.
Репродуктивті мінез-құлықтың үш негізгі түрі бар: көпбалалық – 5 және одан да көп баланы қажет ету; орташа балалық – 3-4 баланы қажет ету; аз балалық – 1-2 баланы қажет ету. Отбасындағы балалардың орташа саны бала туу қарқынының көрсеткіші ретінде әрбір аймақтағы, облыстағы және т.б. туу деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Тұлға мен отбасының репродуктивті мінез-құлығы қоғамның ұлттық, туысқандық дәстүрлері, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі әсерінен қалыптасады.
Балаларды қажет ету – халықтың репродуктивті мінез-құлығының ең инерциялық бөлігі. Халық туындауының репродуктивті мінез-құлқы демографияда некелік атауына ие болған халық ішіндегі некелік (жарлық) жұптардың қалыптасу үдерісімен тығыз байланысты. Некелік алғашқы және қайталама некеге тұруды ескереді және жесірлену және ажырасу үдерістерімен бірге халықтың некелік құрымының туындауын анықтайды. Ол некеге қабілетті халықтың әр түрлі топтарының ара қатынасына, аталған адам үшін мүмкін некелік әріптестер жиынтығына байланысты.
Некелікті әлеуметтік-мәдени нормалар шарттайды және реттейді, оны реттеудің заңды, әлеуметтік және экономикалық механизмдері болады. Некелік үдерісін бағалаушылар ішінде барлық некеге қабілетті халықтың бүкіл топтарының некеге тұру қарқынын да, белгілі бір уақыт мезетіндегі халықтың некелік құрылым сипаттамасын көрсететін коэффиценттер кең таралған.
Некелік деңгейі белгілі бір көлемде аталған қоғамда некеге отыру жасын белгілейтін заңды нормаларға байланысты. Әр түрлі елдердегі заңдарында неке жасы 12-14-тен 21-22 жас аралығында. Некелік үдерісі үшін ажырасудың заңды және діни келісімдері мен олардың үдерістік күрделіліктері аса маңызды.
Демографиялық мінез-құлықты сипаттаушы және адам экологиясын зерттеулері үшін өте маңызды құбылыстарға халықтың көші-қоны болып табылады. Көші-қон ретінде халықтың тұрғылықты орнын мәңгілікке немесе қандай да бір уақыт аралығына ауыстыра отырып, қандай да бір территория шекарасы арқылы көшуі түсіндіріледі.
Көші-қон халықтың құрылымына қатты әсер етеді, себебі оның әр түрлі топтары бірдей қатыспайды. Әдетте 30 жасқа дейінгі жастар, бойдақ немесе отбасылы, бірақ балалары жоқ адамдар көшеді. Балалары бар отбасылар, әсіресе орташа жастан асқан адамдар сирек көшіп-қонады. Сондықтан көші-қон халықтың келу мен кету орындарындағы жастық құрымды қарама-қарсы бағытта бұзады. Халықтың келу орындарында халық «жасарады», себебі онда жастар саны артады, ал көшіп кету орындарында керісінше, жастар саны азаяды да, қартайғандар саны артады. «Жас» және «кәрі» халық ішінде туу, өлу және мың адамға шаққандағы табиғи өсім деңгейлері ерекшеленетіндігі белгілі.
Бейбіт уақыттағы халықтың көші-қоны әдетте өмір жағдайына, өндірістің территориялық орналасуы мен ондағы жұмыс орындарының болу-болмауына байланысты. Еңбек ресурстарының жеткіліксіздігі жұмыс таңдау кезіндегі әр түрлі мүмкіндіктерді анықтайды, ал ол кез келген жеке адам үшін тұрғылықты жер таңдау кезіндегі өмір сүру жағдайын барынша мәнді етеді.
Еңбек ресурстары артқан кезеңдерде жұмыс орнын таңдау азаяды және жұмыс орындары еңбекке қабілетті халық арасында жоғарырақ құндылыққа ие бола бастайды. Бұл жағдайда көші-қон өндірістің орналасуымен тығыз байланысты, ал өмір жағдайының әсер етуі екінші орынға ысырылады.
Еліміздің әр түрлі халықтары тұрғындардың көші-қондық белсенділігімен бірге жүрген тарихи жағдайларды басынан кешірген. Сібір аудандары халқының көшуіне негіз болған төңкерісалды және экономикалық реформалар, адамдардың көп бөлігін 20-50 жылдары солтүстік аймақтарға зорлап көшіру, 60-70 жылдары жаңа қалалардың салынуы – осының барлығы тұтас аймақтар мен қалалардың жастық құрылымының бұзылуымен байланысты әр түрлі көптеген мәселелердің пайда болуына апарды.
Соңғы жылдары халықтың көші-қоны ел өмірінің барлық жағдайларына әсер етті: КСРО-ның ыдырауы, мемлекеттердің зайырлану үдерісі, әскери ұлттық жанжалдардың пайда болуы, эконмикалық және саяси дағдарыс. Этникалық дискриминацияны басу арқылы жүзеге асатын күйзелістік көші-қон кеңінен таралды – ол мәжбүрлеп көшу деп те аталды. Көші-қонның жаңа түрі де пайда болды – экологиялық. Оның жарқын мысалы – Чернобыль апатынан зардап шеккендерді сол аудандардан адамдарды өз қалауларымен көшіру.
Адамдар туындауының алғашқы түрі архетүр деп аталады. Ол иемдену экономика жағдайында өмір сүріп жатқан класқа дейінгі қоғамда басым болған. Туындаудың бұл түрі үшін халық санының аздап қана көбеюімен бірге жүретін өлім мен туу көрсеткіштерінің жоғары деңгейі тән.
Адам қоғамының осы кезеңінің өзінде белгілі бір кезеңдерде жыныстық қатынастарға тыйым салған, өмір бойы жесірлік және т.б. тәрізді әр түрлі табу ретінде адам тууы үдерісін әлеуметтік қадағалаудың механизмдері болған.
Ауыл шаруашылығының, экономиканың және оған негізделетін қоғамдық өмір түрлерінің пайда болуы және дамуы халық туындауының түрін біршама өзгертті. Туу кенеттен артып, өлу азайды. Ол халықтың өсуіндегі қоғам талаптарын қанағаттандырды. Халық туындауының мұндай түрі дәстүрлі деп аталады. Оған некеге ерте тұру және туудың жоғарылығы тән (туудың жалпы коэффиценті 1000 адамға шаққанда 50 және одан да артық адам).
Дәстүрлі туындау кезіндегі өлім жағдайлары екі құраушы бөліктен құралды: табиғи себептер нәтижесінде жағымды кезеңдердегі өлім және аштық, табиғи апаттар, соғыс, оба кесірінен пайда болатын апаттық өлім. Өмір сүрудің орташа ұзақтығы 20 мен 30 аралығында болды және 35 жастан сирек асып отырды.
Туындаудың заманауи немесе пайдалы түрі қоғамның тарихи дамуындағы жаңа бұрылыстар әсерінен пайда болады – аграрлық экономикадан индустриалдыққа өту. Туындаудың аталған түріне туудың төмендігі, өлімнің төмендігі, өмір ұзақтығының біршама артуы тән

Ел

Жыл

Күкірт диоксиді

Азот оксиді

Көміртегі оксиді

Көмірсутегі

Ресей

2000

5407

1698

4998

3535

Австрия

1996

49

170

996

429

Бельгия

1994

236

154

368

161

Ұлыбритания

1994

2581

1001

647

1466

Германия

1994

2932

927

2602

1394

Дания

1994

143

120

188

64

Ирландия

1994

150

65

100

133

Испания

1994

1939

469

1949

345

Италия

1994

1303

790

2756

-

Нидерланды

1994

115

198

360

227

Португалия

1994

237

99

446

134

АҚШ

1997

17126

10608

-

-

Финляндия

1994

108

105

113

111

Франция

1994

835

362

2374

1092

Швеция

1994

97

361

-

-

Стационарлық көздерден шығатын атмосфераны ластандыратын ең таралған заттар, мың.т.
Экономикалық дамыған, бай елдер үшін халық туындауының пайдалы түрі тән, ал дамушы елдер негізінен туындайдың дәстүрлі түрін қолданады. Біздің ғаламшарымызда қазіргі уақытқа дейін халық туындауының архитүрі басым адамдар популяциялары сақталынып қалған.
Туындаудың дәстүрлі түрінен замануи түріне ауысу заңдылықтарын жоғарыда келтірілген сандар айқын көрсетеді.
Осылайша, дамушы елдерде сәби өлімінің көрсеткішінің жоғары болуымен және өмір ұзақтығы орташа алғанда 60-тан аспайтын табиғи өсімнің жоғары көрсеткіштері байқалады. Дамыған елдерде керісінше, табиғи өсім төмен, ал өмір сүрудің орташа ұзақтығы орташа алғандағы 71 жасқа жетеді.
Осылайша, әр түрлі аумақтағы демографиялық жағдай халықтың демографиялық, ал дәлірек айтқанда, репродуктивті мінез-құлығын анықтайтын тарихи жағдайлардың тұстас тізбегінің әсерінен қалыптасады.
Өндірістік дамуға тартылмаған аймақтар (мысалы, Чукот автономиялық округі) туудың дәстүрлі нышандарымен де (туу деңгейі жоғары, табиғи өсімнің оң мәнін сақтауға мүмкіндік береді), күрделі экономикалық жағдайдың (өлімнің артуы мен сәби өлімі көрсеткішінің жоғары деңгейі) әсерімен де сипатталады.
Осылайша, елдердегі экономикалық және саяси тұрақсыздық кезінде халықтың туындау түріне қарамастан, туудың төмендеуі, өлімнің жоғарылауы, яғни халықтың депопуляциясы байқалады.
Депопуляция деп қандай да бір елдің немесе аумақ тұрғындарының абсолютті санының азаю немесе болашақтағы ұрпақ саны қазіргіге қарағанда аз болу үдерісі аталады. Депопуляция оба, табиғи апат, қарқынды көші-қон үдерістері салдарынан пайда болуы мүмкін демографиялық күйзеліс формаларының бірі ретінде қарастырылады.
Осылайша, мысалы, 1991 жылдан бастап 1995 жылға дейін Еуропаның 22 елінен (ТМД елдері есептелінбеді) халық санының азаю үдерісін бақылаумен болды.
Халықтың жастық құрылымы
Демографиялық үдерістерге әсер ететін, әр түрлі аумақтарда жүзеге асатын келесі фактор болып халықтың жастық құрылымы табылады, ол халықтың әр түрлі жастық топтарға бөлінуін қарастырады. Жастық құрылым әрбір белгілі бір жастағы екі жынысты да тұрғындардың пайызын көрсетеді.
Демограф ғалымдарәйелдер мен еркектердің жалпы санын 5- немесе 10-жылдықтар бойынша бөле отыра, халықтың жастық құрылымының диаграммасын құрастырады. Кей кездері барлық халықты үш негізгі топқа: 0-14 жасқа дейін – продуктивті кезеңге дейін жас; 15-44 – продуктивті жас және 45-85 жас және одан әрі қарай – пострепродуктивті жас. Жастық құрылымның графикалық бейнесін пирамида ретінде қарастырылған.
Осылайша, біздің ғаламшарымызда адам тарихының бүкіл ұзақтығында халық саны тұрақты түрде өсіп келе жатыр. Бұрындары байқалғандай, қазіргі уақытта әлем халқы санының артуы жаһандық сипаттағы ең күрделі экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. Ол ең маңызды мәні бар жаһандық аймақтық болжамдар ішінен адамның экожүйесін басқару үшін демографиялық болжаулардың орны ерекше екендігін көздейді.
Жақында ғана мұндағы жағдай біршама айқын болған, демографиялық жарылыспен байланысты мәселелер шешілетінде болып көрінген. Алайда бүгінде, әлемнің демографиялық суреті қиындап, күделіленіп кетті. Бұл елдердегі геодемографиялық ұстаным, геодемографиялық жағдай әр түрлі болуы соншалық, арнайы дайындалған, ал кей жағдайда қарама-қарсы бағытталған шешімдер қабылдауға мәжбүр етеді.
Соңғы үш жарым ішінде 1992, 1993, 1994 және 1995 жылдың 6 айы уақыт аралығында Ресей Федерациясы халқының төмендеуі (Мемлекеттік комитет мәліметтері бойынша) жылдар бойынша 207, 805, 905 және 450 мың адам болып белгіленді. Салыстыру үшін: бірінші дүниежүзіік соғыстың 3,5 жыл ішінде отандық әскердің қайтпас шығыны 1,4-1,8 млн болған, ол Ресейдің 1917 жылдағы халық санының 1% құраған (Корешкин А.И., 1998).
1995-1996 жылдары депопуляциялау үдерістері елдің белгілі 78 аймағының 70-ін қамтыған, ондағы ресейліктер саны 94%. 1994-1995 жылдары қайтқандар саны туғандар санын 1,7 есе артқан, ал 1996 жылы – 1,6 есе. Солтүстік-Батыс, Орталық және Орталық-Қара теңіз аудандарында ең жағымды аймақ болып Санкт-Петербург, Ленинград, Иванов, Новгород, Псков, Тула, Рязань, Ярослав, Мәскеу және кейбір басқа облыстар табылады – қайтқандар туғандарға қарағанда 2,1-2,8 есе артық тіркелген.
Кейбір аймақтардағы халық санының төмендеуіне қарамастан, Ресейде халықтың табиғи өсімінің арту көрсеткіші сақталынып қалды. Ол Солтүстік Кавказ Республикасы есебінен (Дағыстанда елдегі халық санының табиғи өсімінің ең жоғарғы көрсеткіштері тән) жүріп отырады, онда көпбалалы отбасылар дәстүрі сақталған, сондай-ақ өндірісті аудандар (Түмен облысы, Ямал-Неміс автономиялық шеңбері, Якутия-Саха Республикасы) басқаларға қарағанда экономикалық дағдарысты азырақ сезінеді.
Ресейдің жастық құрылымы демографиялық үдерістердің жағымсыз салдарының мүмкін болуын болжауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта балалар санының меншікті үлесі зейнетақыдағы еңбекке қабілетті адамдарға қарағанда төменірек. Сәйкесінше, 10-20 жылдан кейін еңбекке қабілетті адамдар саны зейнеткерлерге қарағанда азырақ болады, ал ол әлеуметтік-экономикалық мәселелердің себебі болуы мүмкін.
Осылайша, дамушы елдерде сәби өлімінің көрсеткішінің жоғары болуымен және өмір ұзақтығы орташа алғанда 60-тан аспайтын табиғи өсімнің жоғары көрсеткіштері байқалады. Дамыған елдерде керісінше, табиғи өсім төмен, ал өмір сүрудің орташа ұзақтығы орташа алғандағы 71 жасқа жетеді.
Осылайша, әр түрлі аумақтағы демографиялық жағдай халықтың демографиялық, ал дәлірек айтқанда, репродуктивті мінез-құлығын анықтайтын тарихи жағдайлардың тұстас тізбегінің әсерінен қалыптасады.

Табиғи құбылыс немесе апат Өлім қауіпі


АҚШ шеңберіндегі топан су 2,2*10-6
Торнадо (АҚШ орталығы мен батысы) 2,2*10-6
Дауылдар (АҚШ) 8*10-7
Жер сілкінісі (Калифорния) 1,7*10-6
Найзағай (Ұлыбритания) 1*10-7
Көлік апаты (АҚШ) 1*10-7
Радиоактивті заттарды шығару 1*10-7
Бөгеттердің бұзылуы (Голландия) 1*10-7
Мұнай мен химиялық заттарды тасымалдау 2*10-8
Халық сауаттылығы мен қамтамасыздығының орташа деңгейде болуы. Дамыған елдердегі туу коэффиценті әдетте дамушы елдердегіден қарағанда төменірек, сонымен қатар қамтамасыздану және сауаттылық көрсеткіштері біршама жоғары;
Балалардың отбасындағы еңбек құралы ретіндегі ролі. Балалар бүкіл отбасының еңбек іскерлігіне белсенді араласатын дамушы елдерде (әсіресе ауылдық жерлерде), туу коэффиценті әдетте жоғары және дамуға бейім;
Балалар тәрбиесі мен білім алуының қымбат тұруы. Экономикалық дамыған және міндетті білім алуы бар және балалар еңбегі заңмен қорғалатын елдерде туу коэффиценті төмен. Бұл елдерде бала тәрбиесі қаражатты қажет етеді, себебі олар ересек жасқа жеткенге дейін жұмыс істей алмайды;
Әйелдердің білім алу және жұмысқа орналасу мүмкіндігі. Әйел адам білім алу немесе үйден тыс жерде жұмыс жасау мүмкіндігінен айырылған кезде туу коэффициенті артады;
Урбандалу. Қала халқының туу деңгейі ауыл тұрғындарына қарағанда төменірек. Ол жоғарыда сипатталған үдерістердің халықтың репродуктивті мінез-құлқына әсеріне байланысты.
Сәби өлімі. Туу деңгейі медициналық қызметтің балалардың тірі қалуын қамтамасыз ете алу мүмкіндігіне тура тәуелді. Медициналық көмек төмен дамыған елдерде ата-аналар балалар санын арттыру арқылы баланы жоғалтып алудан «сақтануға» мәжбүр;
Некеге тұрудың орташа жасы. Туу коэффициенті некеге тұру жасын 25-ке дейін шектеу салдарынан біршама төмендейді. Ол фертильді кезеңнің ұзақтығын (15-44 жас) он жасқа дейін кемітеді;
Жеке және мемлекеттік зейнетақылық қамтамасыздандыру жүйелерінің қолжетімділігі. Сенімді зейнетақылық қамтамасыздандыруы бар елдерде туу коэффициенті төмендейді, себебі ата-аналар өздерінің қарттығын қамтамасыз ету үшін балан қажет етпейді;
Ұрықтандыруды болдырмайтын құралдардың қол жетімділігі. Бұл құралдардың кең қол жетімді болуы кезінде туу коэффициенті төмендейді;
Мәдени және діни дәстүрлер. Контрацепция және отбасы жоспарлау әдістері ұлттық дәстүрлер мен діни тұжырымдарға қарама-қарсы келуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет