Оқу құралы Шымкент -2022


Ұстаздың оқушылар қауымымен қарым-қатынасының



бет4/43
Дата27.01.2023
өлшемі182,05 Kb.
#63378
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
МОЛДАБЕК Қ дентология

Ұстаздың оқушылар қауымымен қарым-қатынасының мәнділігін ғалым, психолог А. Г. Асмоловтың «Экономикалық дамуына көп көңiл бөлiп, мұғалiм мен бала мүддесiн шеттететiн мәдениеттiң өрiсi оңбайды. Бiрақ бәрiнен де қауiптісі – адам баласының жан дүниесiнiң рухани дағдарысы. Мүмкiн бiз бiр кезде ең бай, экономика жағынан барлық игiлiкке ие болармыз, бiрақ оның қажетi не, егер этикалық жағынан ұлтымыз әлем дамуының жабайы деңгейiнде қалса? Ал тығырықтан шығатын жол қайда? Бұл тығырықтан шығатын жол тек қана жалпы адамзаттық нормаларды сақтау және бала әлемiмен өз тiлiнде қарым-қатынас қалыптастыру арқылы ашылады» деген пiкiрi ашады. 
Оқушылармен ынтымақтаса отырып, адамгершілік және рухани мәдениетті, оның тамаша үлгілерін қарым-қатынас мәдениетіне айналдыру, соның негізінде жеке басқа тән құндылықтарды жинақтап жасап шығару, сол арқылы тәрбиелік үдерісте оқушының жеке басының белсендігін қамтамасыз етіп, әдептілік мінез-құлық нормаларын оның бойына сіңіру, қалыпты дағдыға айналдыру – мұғалімге қойылатын негізгі талап. Баланың білімге деген қызығушылығына, ой-қиялына, азаматтық борыш сезіміне, өз бетінше әрекет етуге тырысушылығына, шығармашылығына сүйенген жағдайда ғана оқушының еркіндігі көрініс табады. Еркін істеген істің, алған білімнің өрісі кең, табысы мол болады. Бұл заңдылыққа сәйкес педагог баланың басқа адамдармен алуан түрлі қарым-қатынаста өзіндік «Менін» саналы түрде көрсетуіне мүмкіндік тудырады, өз-өзіне баға беруіне, іс-әрекетіне сын көзбен қарауға үйретеді. Мұндай қажеттілікке сай қандай қарым-қатынас үлгі бола алады? 
Бір 45 минуттың ішінде қаншама жағымды, жағымсыз жағдайлар туындайды. Қас-қағым сәтте соның бәрін алдын-ала болжап, дұрыс шешім тауып, әрекет жасау терең психолого-педагогикалық білім жүйесін, тапқырлықты, көрегендікті, шығармашылықты талап етеді.
Мұғалім қарым-қатынастың әр сәтінде өзінің әрекеттерін саналы бақылауды естен шығармауы қажет. Саналы бақылаудың екі түрі бар: белгілеуші бақылау және реттеуші бақылау. Белгілеуші бақылау дегеніміз – адамның жан-жақта болып жатқан жағдайды көріп, тыңдау кезінде өзінің іс-қимылдарына сырттай көз тастап, белгілеп, санасында, есінде ұстауы. «Өз ісіне өзі есеп беру» қабілеті осындай бақылауға негізделген.
Реттеуші бақылау адамның іс-әрекеттерін басқарып, қылықтарын өзінің түсінігі бойынша заң және мораль талаптарына сәйкес бағындыра білу қабілеттерінде байқалады. Мұнда мұғалімнің деонтологиялық әлеуетінің мөлшері анықталады.
Қорыта келгенде, оңтайлы қарым-қатынасты болдыру үшін мұғалім тұлғасында:
- сырттан келген мәліметті сараптап, бағалай білу ептілігі;

  • дәл бағыттап, айқын, бейнелі сөйлей білу қабілеті,

  • оқушының (не оқушылардың) көзқарасына, қимыл әрекетіне, мәнеріне қарай оның ішкі сезімдерін түсіне білуі, баланың жүзін оқи білу қабілеті,

  • психологиялық күйін меңгере білу, әр алуан психологиялық кедергілерді жеңе білу, әрқашан шат көңілді әрі оптимист бола білу қасиеті,

  • өз мінез-құлқын басқара білуі,

  • бақылаушылық, зейінін басқаға аудара білу қабілеті,

  • гностикалық ептілігі,

  • оқушылармен вербальді, вербальсіз қарым-қатынас жасай білу ептілігі болуы қажет.
    Түйіндей келгенде, педагогикалық қарым-қатынас өнері мұғалім тұлғасының педагогикалық мәдениеті және қарым-қатынас техникасы деген екі құрастырушы бөліктен тұрады

  • Көптеген ғалымдардың (Н.В.Жутикова, Г.М.Кертаева, М.И.Лисина, Л.И.Охитина және т.б.) зерттеулеріне сүйенсек, ұстаздың қарым-қатынастық шеберлігіне байланысты сауалнамалар нәтижесі бойынша олардың көбі өз пәнін түсіндіруімен ғана шектеледі. Басқа мәселелерге қызығушылық танытпайды. Мысалы, ТМД елдерінің білім беру жүйесіндегі әкімшілік органдары өкілдерімен жүргізілген сауалнамаларға оқушылардың берген жауаптарынан мына үзінділер ең жаманы емес, бірақ ең жиі кездесетін көріністі ашады: «Химия пәні бізге қызықсыз, себебі мұғалім сабақ барысында тақырыптан басқа мәселеге көңіл аудармайды. Одан басқасы оны қызықтырмайды», «Біздің сынып жетекшіміз жаңа мұғалімге бір қыз жөнінде: «Бұл ақымақтан ештеңе сұрамаңдар, бәрібір түк білмейді» депті». Бұл нәтижелерден соң «оқушылар көп жағдайларда ұстаздардың өз пәнін жетік біліп, түсіндіруіне емес, балалармен жағымды қарым-қатынас орната алмайтындығына шағымданады» деген пікір туындайды

Халық даналығында: «Айтушы ақылды болса – тыңдаушы дана болады», «Мұғалімге қатаң болған жақсы. Мейірімді болған одан да жақсы» делінсе, А. П. Чехов: «Баланы мейіріммен меңгере алмаған адам қаталдықпен де бағындыра алмайды» деген екен .Осының бәрі мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың демократиялық стилін жақтайды. Бірақ күнделікті тәжірибеде ресми қабылданған еркін демократиялық білім берудің мақсаттары мен жиі кездесетін педагогтардың авторитарлы мінез-құлқының арасында талай алшақтық байқалады. Мұның себебі – педагогтардың оқушылармен демократиялық стильде қарым-қатынас орнатуға айтарлықтай дайындықтарының болмауы. Көбіне педагог оқушыларға айтқан ақылды сөзімен емес, күнделікті жүріс-тұрысымен, мінез-құлқымен әсер етеді. Сондықтан қазіргі ұстаз өсіп келе жатқан ұрпақты авторитарлы, антидемократиялық бағдарлар мен тәртіп әдістеріне еліктетеді. Әрине, ол мұны әдейі мақсатпен істемейді. Тек білгені – сол. Бұл – демократиялық, құқықтық қоғам құрылысына зиян келтіретін қауіпті құбылыс. Сол себепті педагогтардың оқушылармен еркін, әлеуметтік, демократиялық қарым-қатынас құруға бетбұрыс жасау қажеттілігі – кезек күттірмейтін мәселе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет