Оқу сауаттылығы Кепілдік талоны (1с)



бет3/12
Дата11.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#136974
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
5. Жұмыс күші (3)
Диаграммада белгілі бір елдегі еңбекке жарамды халықтың құрылымы көрсетілген. 1995 жылы бұл елдің халық саны шамамен 3,4 миллион болған.

Ескертпе:
1. Халық саны мыңдықпен (000) көрсетілген.
2. Еңбекке жарамды халық дегеніміз – 15 пен 65 жас аралығындағы адамдар. 
3. «Жұмыс күшінің құрамына кірмейтіндер» – жұмысты белсенді іздемейтіндер және (немесе) жұмыс таба алмай жүргендер.
Жұмыс күшінің құрылымы туралы ақпарат ағаш тәрізді диаграмма түрінде берілген, алайда оны басқа тәсілмен мысалы, ауызша сипаттау, дөңгелек диаграмма, график немесе кесте түрінде ұсынуға болатын еді.
Диаграмманың ағаш тәрізді түрі келесі деректерді мынадай деректерді ұсынуға қолайлығына байланысты таңдалды:

A. Уақыт ағымындағы өзгерістер


B. Елдегі жалпы халық саны
C. Әр топқа кіретін санаттар
D. Әр топтағы халық саны
6. Тұмау (4)
«АКОЛ» ұйымының қызметкерлеріне арналған тұмауға қарсы ерікті иммундау бағдарламасы
Қыстыгүні тұмау жұқтыру оңай екені баршаға аян. Тұмауратсаңыз бірнеше күн бойы ауыратыныңыз да белгілі.
Онымен күресудің ең жақсы тәсілдерінің бірі – тән саулығын күту. Күнделікті жаттығу және құрамында көкөнісі мен жемісі көп тағамның қажет мөлшерін жеу, ең алдымен, иммунитеттің осы кең тараған вируспен күресуіне көмектеседі.

Мұндай ауруға қарсы қосымша профилактикалық құрал ретінде «АКОЛ» ұйымы өз қызметкерлеріне тұмауға қарсы екпе егуді ұсынуға шешім қабылдады. 17 қарашадан бастап жұмыста апта бойы жұмыс күнінің бірінші немесе екінші жартысында екпе егетін медбикемен келісім жасалған. Екпе егу тегін және ұйымның барлық қызметкеріне қолжетімді.
Сондай-ақ ешкімге міндеттелмейді, яғни әркімнің өз еркінде. Екпе егуге шешім қабылдаған әрбір қызметкер аллергиясы жоқтығын және екпе еккен кезде болар-болмас жанама әсер болуы ықтимал екенін түсінетінін куәландыратын құжатқа қол қоюға тиіс.
Медициналық нұсқаулыққа сүйенсек, иммундау тұмау тудырмайды. Алайда оның шаршау, аздап дене қызуының көтерілуі және қолдың ауыруы секілді жанама әсер тудыруы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет