Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет185/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

4. Қазақстандағы алғашқы басылымдар. Бұл кезеңдеғі жарқын жетістіктердің бірі қазақтың ұлттық баспасөзі қалыптаса бастады. Қазақ тіліндегі алғашқы бұқаралық басылымдарды отаршыл билік органдары шығарды. XIX ғасырдың 60-жылдарында Қазақстандағы әкімшілік реформаларын жүзеге асырғаннан кейін, халыққа патша үкіметінің қазақ өлкесіндегі саясатын түсіндіру үшін баспасөз қажет болды. Алғашқы басылымның бірі - «Түркістан уәлаятының газеті» 1870 жылы Ташкент қаласында қазақ және өзбек тілдерінде шыға бастады. Ол Түркістан генерал-губернаторлығының баспасөз органы еді. 1888 жылы Омбыда Дала генерал-губернаторлығы «Дала уәлаятының газетін» шығара бастады. Бұл газеттер Ресей империясының қазақ өлкесіндегі саясатын түсіндірумен айналысты. Олар негізінен ақпараттық-анықтамалық сипатта бола тұрса да, оларда қазақ халқының тарихы, этнографиясы және ауыз әдебиеті туралы материалдар жиі жарияланып тұрды. Осы газет беттерінде қазақ зиялыларының көшбасшылары Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Көпейұлы және басқалардың алғашқы мақалалары жарияланды.
5. Қазақ журналдарының шығуы. 1911 жылы Орынбор губерниясының Троицк қаласында алғашқы қазақ журналы «Айқап» жарық көрді. Оның баспагері әрі редакторы белгілі ақын, прозашы және журналист Мұхамеджан Сералин болды. Журналды басып шығаруда қазақ халқының көрнекті өкілдері Б. Қаратаев, Ж. Сейдалин, Б. Майлин және басқалары елеулі рөл атқарды. Журналда жарияланған материалдарда қазақ халқының отырықшы өмір салтына көшуінің, өлкедегі халықтың білім деңгейін көтерудің көкейкесті мәселелері қозғалды. Алайда журнал 1915 жылы жа- былып қалды. Соған қарамастан, ол қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятуда, жаңадан қалыптасып келе жатқан зиялы қауымның басын қосып, топтастыра түсуде орасан зор рөл атқарды. Қазақ басылымдарын қаржыландыруға татар кө- пестері мен кәсіпкерлері елеулі үлес қосты.
1914 жылдан 1918 жылға дейінгі аралықта Омбы қаласында қазақтың «Бірлік» атты мәдени-ағарту ұйымы жұмыс істеді. Оның жұмысына ақын, жазушы, ағартушы әрі драматург Қошке Кемеңгеров белсене қатысты. Бұл ұйымның органы қолжазба күйінде шығып тұрған «Балапан» журналы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет