Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет188/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

Мұхамеджан Сералин (1872-1929) - жазушы, ақын, публицист, журналист. Қазақ жазба әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан. «Айқап» журналының бас редакторы.
Отыншы Әлжанов (1873-1918) - көрнекті қоғам қайраткерлерінің бірі. «Киргизская степная газета» бетінде қазақ халқының тарихы мен мәдени, этнографиялық өмірі жайлы 40-тан астам мақала жазған. «Алашорда» үкіметінің мүшесі, Алаш идеясы үшін қолына қару алып та күрескен.
Смағұл Сәдуақасов (1900-1933) - көрнекті мемлекет қайраткері, жазушы, публицист, әдебиет сыншысы, экономист. Ол небәрі 33 жыл өмір сүріп-ақ, өзін мемлекет қайраткері, жастардың жетекшісі, Қазақстандағы кооперативтік қозғалыстың ұйымдастырушысы, қазақ театрын құрушы ретінде көрсете білді.
Қайретдин Болғанбаев (1893-1937) - белгілі көсемсөзші, ағартушы, қоғам және мемлекет қайраткері.



«Осы баяндалған жағдайды ескере келіп, қырғыздар (қазақтар. - авт.) былай деп санайды:

  1. ІІІаруаларды Ресейден қоныс аударуды және оларға арнап жер бөлуді тоқтату керек, әуелі онсыз да өздеріне жер жетпей қиналып отырған қырғыздарды жерге орналастыру қажет.

  2. Қырғыздар өздерінің ежелгі қоныстарына орналасуы тиіс. Оларды басқа жаққа көшіруге болмайды.

  3. Қырғыздардан тартып алынған жерлер олардың өздеріне қайтарылуы тиіс.

  4. Қырғыздардан тартып алынған және орыс шаруалары құнарсыз деп тастап кеткен жерлердің барлығы да қырғыздарга қайтарылатын болсын...

  5. Қырғыздар малдарын айдап, бір орыннан екінші орынға көшіп-қонған кезінде олар орыс шаруаларының жер телімдері арқылы еркін және ақысыз өтетін болсын.

  6. Қыстауларға ұйытқыған бораннан пана болуы және малды аман алып қалу үшін олардың төңірегіндегі ормандар сол қалпында түгел сақталуы тиіс.

  7. Қырғыздарға орыс шаруаларымен тең жағдайда орман телімдері де берілуі керек.

  8. Қолда бар барлық суаттар мен құдықтар мүмкіндігінше қырғыздардың иелігінде қалуы тиіс; қоныс аударып келген шаруалардың оларды қайтарып беруі не тастап кетуі мүмкін болмаған жағдайда қыр- ғыздардың жаңа құдық қазып алуы үшін тиісінше ақы төленуі немесе оларды қазына есебінен қазып беру керек...



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет