Оқулық Алматы, 013 (07) ббк 88. я7


Нәрестенің ересектермен қарым-қатынасы және оның алғашқы сөздері, нәрестенің ересектермен сөзін түсініп, тілдік қарым-қатынас жасауының мәні



бет30/86
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#14585
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   86
Байланысты:
китап

Нәрестенің ересектермен қарым-қатынасы және оның
алғашқы сөздері, нәрестенің ересектермен сөзін түсініп, тілдік
қарым-қатынас жасауының мәні


Нәрестенің сөйлеу қабілетінің дамуы

Нәрестелік кезеңде сөйлеу қабілетінің дамуы да басталады. Алғашқы жарты жылдықта сөзді есту қалыптасады, ал баланың өзі

қуанышты сәттерде дыбыстар шығарады, оны «уілдеу» деп атайды. Екінші жарты жылдықта көбінесе баланың әрекетімен байланысты қайталанушы дыбыстар пайда болады. Әдетте мағыналы ыммен былдырлай бастайды, бірінші жылының соңында бала үлкендер айтатын 10-20 сөзді түсінеді және өзінің алғашқы бірнеше сөздерін айта бастайды. Алғашқы сөздерінің пайда болуынан бастап, баланың психикалық дамуының жаңа кезеңі басталады.

Баланың болмысқа қарым-қатынасы әуелден бастап әлеуметтік қоғамдық қарым-қатынас болады. Үлкендер баланың қажеттілігін қанағаттандырып қана қоймайды, сонымен бірге оны заттармен қызмет істеуге үйретеді. Олар белгілі бір дәрежеде баланың мінез-құлқын бағалап, күлімсіреп, қостайды. Егер нәресте дұрыс істемесе, қабағын түйіп реніш білдіреді. Соның арқасында бала бірте-бірте жақсы әдетке үйренеді немесе болмайды сөзінің мәнін түсінеді. Қарым-қатынастың қажеттілігі сөйлеуге еліктеудің пайда болуының негізін қалайды. Өзімен үлкендер сөйлескен кезде бала тынышталып, көңіл қойып тыңдайды. Туғаннан кейін 3 айдан соң, баланың дені сау, көңіл-күйі жақсы болса, ол уілдеп дыбыс шығарады. Үлкендер балаға жақындап еңкейсе уілін күшейте түседі. Кейде бала өзі шығарған дыбысын тыңдайды да, өзіне- өзі еліктеп, өзі кенеттен шығарған дыбысын ұзақ қайталайды. Төрт ай шамасында бала дыбысты мейлінше анық шығара алады. Мысалы: оны тербетіп, «а-а-а! а-а-а!» деп әндеткенде тура сол дыбыс болмаса да, «ы-ы-ы!о-о-о!» деп міндетті түрде қайталайды. Сөйлеудің эмоциялық үнін бала тез түсінеді. Эмоциялық көңіл-күй баланың белсенділігін арттырады. Алғашқы жылдың екінші жартысында дені сау бала былдырлап, түрлі буындар мен дыбыстар шығарып, үлкендердің айтқан буындарын қайталап айтады. Былдырлау арқылы нәресте қарым- қатынас жасауға әзірлігін білдіреді. Жаңа сөздерді ажыратып, айта білуге үйренеді. Былдырлай жүріп бірте-бірте ерін мен тілдің қимылы және тыныс алуы жетіле бастайды. Осы әзірліктің нәтижесінде үлкендер мен қарым-қатынас жасай отырып, артикульяциялық аппараттары дамып, келешекте кез келген ұлттың тілін меңгере алады. Егер бала дүниеге келген алғашқы айлардан бастап, үлкендер сөзді оған деген өзінің көңіл-күйін білдіру үшін пайдаланса, шамамен нәрестелік шақтың жартысынан бастап, олар баланың айтқанын түсінуін дамыту үшін арнайы жағдай жасауы керек. Нәрестенің алғашқы сөзді түсінуі көріп, қабылдаудың негізінде жүзеге асады. Ересек адам нәрестеге әлде бір заттың атын атап, қайда деп сұрақ қояды. Сұрақ нәрестенің үлкен кісінің мінез-құлқына бағдарлау реакциясын тудырады. Әдетте аталған затты қолымен көрсетсе, сөйлеу мен көрсетудің арасында байланыс болып,

бала сөзді түсінеді. Бұл байланыстың қалыптасуы сұрақ берген кездегі үлкендердің дауыс ырғағына да байланысты. Мұның өзі баланың сөзді түсінудің бастапқы формасы болып табылады. Бұл қарым-қатынастың маңыздылығы сол, үлкендер сұрақ қойған кезде бала сол затты көзімен іздейді. Яғни үлкендермен қарым-қатынасты жалғастырғысы келеді. Үлкендердің сөзін түсінуге байланысты эмоционалдық қатынас жасау баланы зор қуанышқа бөлейді.

Үлкендердің сөзін түсініп және алғашқы сөзді айта бастағаннан кейін бала үлкендермен өзі байланыс жасап, оған жаңа заттарды үйретуді талап етеді. Сөйтіп нәрестелік шақтың соңында бала сөйлеуге ықластанып кіріседі, сөйлеу баланың үлкендермен қарым-қатнасын ұлғайтудың маңызды құралына айналады.

Бала алғашқы айларда өзінің тұйық дүниесінде тіршілік етуші ассоциальдық тіршілік иесі болып есептеледі. Сондықтан жаңа туған баланың шыр ете қалуын олар баланың өзіне жат, әрі жау болмыспен бетпе-бет кездескендігі, сасқалақтап, абыржып қалуы деп бағалайды.

Мәселен, З. Фрейд жарық дүниеге келген баланың шыр ете қалуын оның ана организмінен бөлінген сәтте болатын қамыға жылауы деп есептейді.

З. Фрейдтің айтуынша, осы сәттен бастап баланың инстинктік қажеттіліктері мен қоғамдағы өмір талаптары арасында тұрақты қақтығыс пайда болады. З.Фрейд бұл қақтығыстың психикалы өмірді қандай үздіксіз драммаға айналдыратынын пессимистік тұрғыда суреттейді.

З. Фрейдтің бұл идеясы бала туған сәттен екі жасқа дейін болмыстан мүлдем аулақ болады: оның ішкі дүниесі өз қажеттіліктерін ақиқат дүниеде емес, өздерінің қиялдарында, түс тәріздес толғаныстарында қанағаттандырудың тума қабілетімен шектеледі деп есептеген Ж. Пиаженің алғашқы еңбектеріне әсер етті.

З. Фрейд пен Ж. Пиаженің аталған қағидалары өткір сынға алынды. Француздың прогресшіл зерттеушісі А. Валлон шырылдап жылауды бірдемені алдын-ала сезу немесе соған байланысты өкіну ретінде психологиялық дәлелдеушілікті құрғақ бос қиял деп есептеді. Бала психикасының әуел бастан оқшаулануы жөніндегі Ж. Пиаже қағидасы өз кезінде Л. С. Выготский, ал кейінірек басқа психологтар тарапынан сынға ілікті және ғалымдардың зерттеулерінде алынған көптеген фактілер нәресте өмірі тұтастай үлкендерге тәуелді болатынын көрсетеді.

Үлкен адам баланың органикалық қажеттерін қанағаттандырады, тамақтандырады, шомылдырады, аударып салады. Үлкен адам баланың

белсенді психикалық өмірде де қажетін қанағаттандырады: нәресте өзін қолға алғанда, едәуір жадырап қалады. Үлкен адамның көмегімен кеңістікте қозғала отырып бала көптеген заттарды көруге, олардың бір- біріне қарай жылжуын байқауға мүмкіндік алады, ал мұның өзі оның сенсорлық тәжірибесін қалыптастырады. Сол сияқты есту, сипап сезу әсерлері де үлкендер тарапынан беріледі.

Л. С. Выготский баланың болмысқа деген қарым-қатынасы әуел бастан әлеуметтік қарым-қатынас болады деп атап өтті. Ол нәрестені осы мағынада толық әлеуметтік тіршілік иесі деп атау керек, өйткені оның өмірі кез келген жағдайда көзге көрінсе де, көрінбесе де басқа адам қатысып отыратындай болып ұйымдастырылған дейді.

Үлкен адам баланың заттық дүниемен қарым-қатынас жасауында дәнекерші болып көрінеді. Үлкен адам қатысып отырған кезде бала көбінесе затпен қарқынды қимылдар жасай бастайды да, ал жанында үлкен адам болмаса, затқа қызығуы жоғалады. Баланың белсенділігі үлкен адамның әрекетімен көтермеленіп отырған кезде және бала үлкен адамды бірлескен әрекеттерге шақырғанда баланың үлкенмен қарым-қатынасының негізгі формасы бірлескен іс-әрекетке айналады. Баланың әлеуметтік реакциясы бүкіл нәрестелік шақ бойына дамып отырады. Сергек күйдегі бала үлкен адаммен қарым-қатынас жасауға әрқашан дайын тұрады.

Қарым-қатынас шеңберінде сөздің алғашқы шарттары пайда болады. Екінші айда-ақ былдырлаудың алғашқы белгілері байқалып, кейінірек еліктеу жолымен одан ана тілінің фонемалары көріне бастайды. Бір жастың аяғына қарай нәресте кейбір сөздерді түсіне бастайды. Бұл түсінгендік аталған зат тұрған бала басын бұруы немесе үлкендер атаған қимылды жасауы түрінде көрінеді. Дәл осы кезде бала алғашқы сөздерді дауыстап айта бастайды. Сонымен, үлкен адаммен қарым-қатынас жасау үдерісінде, бір жағынан, баланың қажеттіліктері пайда болып, біртіндеп дамиды, екінші жағынан оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері туады.

Бірден сөйлеп кететін нәресте де кездеседі. Міне, тіл шығатын жасырын кезеңі 3 айға созылады. Дағдарыстың үшінші аффекті (ашу- ыза)

Э. Кречмер мұны қимыл деп атайды. Оны бұлай түсіндіруге болады. Нәрестелік кезеңде кездесетін дағдарысқа байланысты баланың алғашқы тілімен айтқанда өзін басқаларға қарсы қою, өзін-өзі ұстай алмау көріністері пайда бола бастайды

Э. Кречмердің бұл құбылысы көріністерді гипобуликалық қимыл деп айту себебі олар ерік қимылына жатады да, ерік әрекетінің даму

барысында сапалық тұрғыдан мүлдем басқа кезеңде көзге елестетіп ерік пен аффекті бөлінбейді.

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:


  1. Жаңа туған жөргектік кезеңнің бала психикасының дамуындағы маңызы

  2. Нәрестелік және бөбектік кезеңдегі баланың анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз

  3. Нәрестелік кезеңдегі психикалық дамуға шартты және шартсыз рефлекстің ықпалыңызына талдау жас

  4. Нәрестенің ересектермен қарым-қатынасы және оның алғашқы сөздері туралы не білесіз?

  5. Нәрестенің ересектердің сөзін түсініп тілдік қарым-қатынас жасауының мәні неде?

  1. тапсырма

Әдетте жаңа туған баланың аяқ-қолының, басының қимылы ырықсыз болады.

Сұрақ: Осы құбылысты қалай атауға болады? Оның мән-жайын анықтаңыз. Анасы осы кезде нәрестені қалай киіндіруі керек?

  1. тапсырма

Бастапқы шартты рефлекс дегеніміз не? Олар нендей жайттармен байланысты? Анасының қандай іс-әрекеттері баланың бойында жағымсыз әдеттерді қалыптастырады?

  1. тапсырма

«Жандану комплексі» дегеніміз не? Бұл кезеңдегі баланың дамуына үлкендердің ықпалы қандай?

  1. тапсырма

Көптеген ата-аналарды нәресте туған бетте-ақ дыбысты ести ме? деген сұрақ алаңдатады. Олардың алаңдауы заңды ма? Егер нәресте естімесе, келешекте сөйлеуін қалыптастыруға болар ма еді?

  1. тапсырма

4 айлық Саянның анасы серуен кезінде де, үйде де үнемі дауыстап сөйлеп, ән айтады. Көршісі оған: «Сен сөйлегенмен, ол ештеңе түсінбейді ғой» дейді.

Сұрақ: Саянның анасының әрекеті дұрыс па? Бала психикасының дамуына үлкендер сөзінің әсері қандай?

Тест тапсырмалары:



  1. «Жандану кешенінің» мәні:

  1. балада ересек адамның келуіне қарай арнайы эмоционалдық қимылдық жауаптың орындалуы

  2. қозғалмалы обьектілерге реакциясы

  3. заттық қимыл әрекет

Д) жас кезеңдерін анықтау

Е) барысында импульсивтік қимылдары тежеліп көру және естудің шоғырлануы байқалады



  1. Жаңа туған кезең мен нәрестелік кезең аралығында пайда болатын әрекеттің алғашқы түрі:

  1. қарым-қатынас

  2. заттық әрекет

  3. бейнелеу

Д) ойын әрекеті

Е) еңбек әрекеті



  1. Бір жас кезеңнен екінші жас кезеңіне өту:

  1. біркелкі және дағдарыспен

  2. үзілістермен

  3. біркелкі

Д) динамикалы

Е) дағдарыспен



  1. Жаңа туған нәрестенің көретін жағдайы

  1. эмбрионалды

  2. шалқасынан жату

  3. ішімен жату

Д) оң жағымен жату

Е) сол жағымен жату



  1. Жаңа туған нәрестенің өмір әрекеті нені айқындайды?

  1. адамға тән мінез-құлықтың жаңа формасын, жаңа тәжірибесін шексіз игеру

  2. бағдарлау рефлекстері

  3. күн тәртібін сақтау

Д) динамикалық стереотип

Е) органикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру



  1. Жандану комплексі, нәрестенің алғашқы әлеуметтік реакциясы, психикалық дамудың көрсеткіші ретінде қай кезеңде пайда болды?

  1. 1,5-2айда

  2. 6 айда

  3. өмірінің алғашқы аптасында

Д)3-4айда

Е) 4 айда



  1. «Жандану комплексінің» пайда болуы қай жас кезеңдерінің шекарасы:

  1. жаңа туған кезең мен нәрестелік кезеңнің

  2. мектепке дейінгі мен бастауыш сынып оқушысы кезеңдерінің

  3. нәрестелік кезең мен сәбилік кезеңнің

Д) бастауыш сынып оқушысы мен жеткіншектік кезеңнің.

Е) сәбилік кезең мен мектепке дейінгі кезеңнің



  1. Бала өмірге қандай шартсыз рефлекстер жүйесімен келеді?

  1. қорғаныс, бағдарлау, тамақтану

  2. қорғалыс, қимылдық, тамақтану

  3. қорғану, қимылдық, эмоционалдық

Д) бағдарлау, қимылдық, эмоцияналдық

Е) бағдарлау, тамақтану, эмоцияналдық



  1. Жармасу қимылын бала қай айда игереді?

  1. 5 айда

  2. 4 ай

  3. 3 ай

Д) 1 ай

Е) 2 ай


  1. Жаңа туған нәрестенің алғашқы эмоциясы неден көрінеді?

  1. айғайынан

  2. рефлекстерден

  3. нәресте көп ұйықтайтындықтан

Д) қимыл белсенділігінен

Е) жандану комплексінен



  1. Нәрестелік кезеңдегі бала психикасының даму
    ерекшеліктері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет