Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Спорттық практикадағы ептілік түсінігі



Pdf көрінісі
бет115/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   258
Спорттық практикадағы ептілік түсінігі
Ептілік дене сапасы қабілеттердің күрделі кешенінен тұрады. 
Ептілік – біріншіден, жаңа қимыл əрекеттері мен қимыл дағдыларын 
түзу қабілеті (қимыл дағдысы элементарлық емес, бір-бірімен байла-
нысты бірнеше фазалардан тұратын кешенді біртұтас қимыл актісі); 
екіншіден, жағдайдың өзгеруіне байланысты бір типті қозғалыстан 
екіншісіне жылдам ауыса алу жəне күрделі координациялық 
қозғалыстарды орындау болып табылады, яғни ептілікті:
– бірінші, қозғалысты кеңістікте дəл жəне үйлесімді орындау 
мүмкіндігі;
– екінші, қозғалысты кеңістікте дəл жəне үйлесімді орындауды 
қысқа мерзімде орындай алуы;
– үшінші, қозғалысты кеңістікте дəл жəне үйлесімді орындау-
ды қысқа уақыт аралығында жəне өзгермелі жағдайда орындай алуы 
сияқты үш сатыға бөліп қарастырады. 
Үшінші жағдай ең күрделісі болып табылады.


220
Бірінші сатыда дəлдік, екіншіде дəлдік пен жылдамдық, үшіншіде 
дəлдік жəне жылдамдық өзгермелі жағдайда орындалады.
Ептілікті қалыптастырудың жолдары:
– жаңа қозғалыс түрлеріне тəрбиелеу;
– бұлшық еттердің үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
– барлық жағдайда тепе-теңдікті сақтауға үйрету (Д. Оңғарбаева 
жəне əріпт., 2013).
Сонымен, ептілік бір жағынан адамның күтпеген жағдайларда 
қимыл əрекеттерін тез арада қалыптастыра алатын белгілі бір 
шығармашылық қабілеті, ал басқа жағынан оның координациялық 
(үйлесімділік) мүмкіншіліктері деп түсіндіріледі. 
Иілгіштіктің даму заңдылықтары мен механизмдері
Иілгіштік немесе икемділік үлкен амплитудалы буындарды 
қозғалта білу қабілеті, яғни буын қозғалмалығы ретінде анықталады. 
Буындар – араларында «үзіктер», яғни буын қуысы болатын 
сүйектердің үзікті қозғалмалы байланысуы. Адамның иілгіштік 
қабілеті деп дене жаттығуларын үлкен амплитудалық жағдайда 
орындай білуін айтады. Ол арнайы гониометр құралдарыарқылы 
өлшенеді.
Ол қозғалыс аппаратын басқара білу қабілетіне жəне оның 
морфологиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне (бұлшық ет 
тұтқырлығына, сіңірлердің серпімділігіне (эластикалығына), 
омыртқа аралық дискілер күйіне) байланысты. Иілгіштік дене са-
пасы баланың 15 жасқа дейінгі уақытында өзінің табиғи қалпымен 
өседі, одан кейінгі уақытта бұл қабілеттілік төмендей бастайды. 
Сондықтан иілгіштік қабілетті ерте бала жастан тəрбиелеу пайдалы 
болып келеді. Бұл дене сапасы сыртқы қоршаған ортаның темпера-
турасына да байланысты өзгереді, тамақтанғаннан кейін төмендейді. 
Иілгіштік сапасы бұлшық еттерді қыздырған кезде жақсара түседі, 
ал суықта нашарлайды. Күш пен иілгіштік бір-біріне кедергі болып 
жататын кездер де байқалады, бұл жағдайды арнайы жаттығулар 
арқылы реттеуге болады. Ол ұйқы кезінде жəне қажу жағдайында 
төмендейді. Иілгіштік мөлшері таңертең минималды болып, түс 
кезіне таман (12-17 сағатта) максимум мəнге жетеді. Иілгіштіктің 
артуы сөре алдыңғы қозу күйінде жүректің жиырылу жиілігі 


221
жоғарылаған кезде, бұлшық еттерден қан ағысы жылдамдағанда 
көрініс береді жəне бой жазу нəтижесінде олардың қыздырынуы 
орын алады.
Иілгіштіктің активті жəне пассивті түрлерін ажыратады: 
1. Активті иілгіштік буындардағы ерікті қозғалыстар кезінде 
көрінеді, яғни буындардың бұлшық еттер көмегімен ең жоғарғы ам-
плитудада жұмыс жасай алу мүмкіндігін айтады. Үлкен амплитудада 
жұмыс жасау қабілетіне арнайы бұрылу, сілтеу, созу жаттығуларын 
орындату арқылы іске асырады. 
Жаттығу кезінде қосымша салмақтарды пайдалану жаттығула-
рын енгізуге ерекше көңіл бөлу қажет. Қосымша салмақтарды пай-
далану буынға, бұлшық еттерге инерциялық қозғалыс созу əсерін 
беру арқылы іске асырылады.
2. Пассивті иілгіштік сыртқы күш əсерінен бұлшық еттердің со-
зылуы кезінде байқалады, яғни сыртқы күшті пайдалану арқылы 
(мысалы, адам күшін) үлкен амлитудаға жетуге бағыттап қолданады. 
Осы жаттығулардан басқа статикалық жаттығулар да кеңінен 
қолданылады. 
Статикалық жаттығуларды орындау кезінде буынның ең шекті 
амплитудада жұмыс жасауын қозғалыссыз жағдайда ұстап тұру 
қадағаланады. Жаттығуларды статикалық жағдайда орындау 
пассивті түрге қарағанда, иілгіштікті арттыруда тиімді болып сана-
лады.
Буынның қозғалмалылығын кемітетін сол буынның жанындағы 
бұлшық еттер болып табылады. Сондықтан алдымен буын 
жанындағы бұлшық еттердің созылғыштығын (эластикалығын) арт-
тыру қажет. Бұлшық еттердің созылғыштығы сол бұлшық еттердің 
дұрыс босай алмау жағдайынан болады, сондықтан бұлшық еттерді 
босаңсытуға арналған жаттығуларды көп беру қажет.
Ерлермен салыстырғанда əйел адамдар сіңір-бұлшық ет 
аппаратының жоғары икемділігіне ие, осыған орай оларға көлденең 
шапқа отыру сияқты көптеген күрделі жаттығуларды меңгеру оңайға 
түседі. Кемел жас пен егде жастағы тұлғаларда барлығынан бұрын 
омыртқа икемділігі төмендегенмен, саусақ пен алақан икемділігі 
бəрінен ұзақ сақталады. Егде жаста инволюциялық (кері даму) 
өзгерістер сіңір шоқтарының дезорганизациясы (құрылымының 
бұзылуы) мен сіңірлердің серпімділік қасиеттерінің кемуіне əкеледі. 
Сонымен қатар шеміршектердің эластикалық қасиеттері аталмыш жас 
кезеңінде төмендей бастайды.


222


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет