Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Əртүрлі дене сапаларының даму механизмдерінің өзара



Pdf көрінісі
бет117/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   258
Əртүрлі дене сапаларының даму механизмдерінің өзара 
байланысы
Жүйелі жаттықтырудың ең бастапқы кезеңдерінде барлық дене 
сапалары бір мезгілде жетілдіріліп отырса, кейінірек бұл даму 
əртүрлі дəрежеде өтеді. Кейбір жаттығу түрлерінде олардың да-
муы баяуласа, басқаларында керісінше, жетіле түседі, ал кейбір 
жаттығуларда бір дене сапасының дамуы басқаларының дамуына 
кедергі келтіруі де мүмкін. 
Күш, жылдамдық жəне төзімділіктердің өзара байланысы 
олардың физиологиялық механизмдерінің, олардың физиологиялық 
қорларының ортақтығымен анықталды. Алайда, бұл ортақтық 
толық емес болғандықтан олардың өздеріне тəн дамуы, көрінуі 
жəне жойылып кетуі бойынша айырмашылықтары болады. Дене 
сапаларының көрінуі мен өзара байланысының барлық жағдайлары 
негізінде орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) шартты жəне шарт-
сыз рефлекстік қызметі, ОЖЖ орталықтарының бір-бірлерімен 
өзара қызметтері арасындағы жəне осы орталықтардың ішкі секре-
ция бездерімен координациясы (үйлесімділігі) жатады. Кез келген 
дене сапасының өндірілуі қимыл бірліктерінің жұмысынан баста-
лады, олар тура жəне кері (жүйкелік жəне гуморалдық) байланыс-


225
тар есебінен жетілдіріле түседі жəне тиісінше қимыл бірліктерінің 
жүйелі қызметтері тоқтатылған кезде жойылып отырады. Жаттығу 
нəтижесінде жоғарылап отыратын күш, жылдамдық (шапшаңдық) 
жəне төзімділік жаттығуды тоқтатқаннан кейін бастапқы деңгейге 
оралады. 
Барлығынан тезірек шынығу жолымен қалыптасқан жылдамдық, 
баяуырақ күш жəне одан да баяурақ төзімділік жойылып отырады.
Мəселен, жүйелі түрде 5 ай бойы орындалған жаттығудан кейін 
қозғалыс темпі бастапқы деңгейге 4-6 айдан кейін, бұлшық ет күші 
18 айдан соң оралса, ал төзімділік белгілі шамада 2-3 жыл бойы 
сақтала алады. Тəулік барысында күш, жылдамдық жəне төзімділік 
15-30 %-ға ауытқып отырады, əсіресе, ұйқы алдында жəне ұйқыдан 
тұра салған бетте өзгерістер аса үлкен болады (Қимыл сапаларының 
жасқа сай дамуы 12-тарауда баяндалады).


226


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет