Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Көмірсудың тəуліктік қажет мөлшері



Pdf көрінісі
бет196/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   258
Көмірсудың тəуліктік қажет мөлшері
Адамның жасы
Көмірсу мөлшері, г/кг
6 айдан 1 жасқа дейін
113
1-1,5 жас
160
1,5-2 жас
192
3-4 жас
233
5-6 жас
252
7-10 жас
324
11-13 жас
382
жігіттер
422
қыздар
367


386
Балалар тəулігіне тағаммен 4-7 жаста – 280-300 г, 8-13 жаста – 
350-370 г, 14-17 жаста 450-470 г көмірсу қабылдау қажет.
Ересек адамдарға қарағанда балаларда көмірсу алмасуының 
реттелуі азырақ жетілген. Бұл көмірсу ресурстарының неғұрлым 
баяу мобилизациясымен, сонымен қатар жұмыс кезінде 
көмірсу алмасуының қажетті қарқындылығын сақтап тұруда 
аз қабілеттілігімен көрінеді. Мəселен, 500 м жүгіру, 5 км кросс 
сияқты қызу спорттық əрекеттер кезінде ересектерге қарағанда 
жасөспірімдер мен бозбалаларда қандағы қант деңгейі жиірек 
төмендейді. Əсіресе, бұл ұзақ уақытта орындалатын монотон-
ды (бірсарынды) жаттығуларға тəн. Эмоцияға қанық, сезімге бай 
сабақтар, сан алуан ойын жаттығуларын қолдану қандағы қанттың 
қалыпты деңгейінің сақталуына əкеледі. 
Су жəне тұз алмасу. Су бала денесі массасының 80%-ға жуығын 
құрайды. Организмнің дамуы барысында су мөлшері ересектердегі 
мөлшерге (дене массасының 68-72%-ы) дейін азаяды. Неғұрлым 
бала кіші болған сайын соғұрлым ол тез дамитындықтан оның суға 
деген қажеттілігі де арта түседі. Мəселен, суға тəуліктік қажеттілік 
1 кг дене массасына шаққанда 6 жаста 100-110 г, 14 жаста – 70-85 г, 
18 жаста – 40-50 г-ды құрайды. Жас артқан сайын тұтынатын судың 
салыстырмалы мөлшерінің азаюына қарамастан оның абсолюттік 
мөлшері артып отырады. Бұл жас өскен сайын бала денесінің 
массасының артуымен байланысты. Сондықтан тəулігіне пайдалана-
тын судың жалпы мөлшері ересектерге қарағанда балаларда азырақ 
болады. Мысалы, бұл көрсеткіш ересектерде 2200-2500 мл болса, 
ал 6-10 жастағы балаларда 1600-2000 мл-ды құрайды. Балаларға 
суды жылдам жоғалтып жəне оны тез қорға жинау қабілеті, яғни 
жоғары гидролабилділік қасиет тəн. Бұл су алмасуының жүйкелік 
жəне гуморалдық (эндокриндік) реттелуінің жеткілікті дəрежеде 
жетілмеуі негізделеді. 
Минералдық заттардың, олардың ішінде ең бастысы каль-
ций мен фосфор сүйек ұлпаларының қалыптасуында маңызы 
зор. Ол заттарға қажеттілік қарқынды өсу кезеңдерінде, əсіресе, 
жасөспірімдердің жыныстық жетілу кезеңінде арта түседі. Мысалы, 
кальцийге тəуліктік қажеттілік 6-7 жаста 0,3-0,5 г, ал жоғары мектеп 
жасындағы оқушыларда 1,0 г болады. 
Организмнің қалыпты дамуы үшін минералдық заттардың тек 
абсолюттік мөлшері ғана емес, олардың қатынасы да маңызды. 


387
Мəселен, мектепке дейінгі жастағы оқушылардың тəуліктік рацио-
нында кальций мен фосфордың мөлшері шамалас болуы тиіс болса, 
ал одан жоғары жас кезеңдерінде фосфор мөлшері екі есеге дейін 
артық болуы қажет (21-кесте). 
21-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет