Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Қозғалыс белсенділігі жеткіліксіздігінің адам организміне



Pdf көрінісі
бет223/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   258
Қозғалыс белсенділігі жеткіліксіздігінің адам организміне 
ықпалы
Орталық жүйке жүйесінде гипокинезия мен гиподинамия жүйке 
орталықтары аралық өзара байланыстардың жоғалуын тудырады, 
бірінші кезекте нейрон аралық синапстарда қозудың өтуі бұзылуынан 
асинапсия туындайды. Мұнда психикалық жəне эмоциялық сфе-
ра өзгеріске ұшырайды, сезім мүшелерінің қызметі нашарлайды. 
Қозғалыстарды басқарудың ми жүйелерінің зақымдалуы қозғалыс 
əрекеті координациясының нашарлауына əкеледі, моторлық коман-
да берілуінде қателіктер туындайды, бұлшық еттің ағымдағы күйін 
бағалап жəне əрекет ету программасына коррекция енгізе алмайды.
Бұлшық ет көлемінің, салмағының жəне олардың жиырылу 
қабілетінің төмендеуімен, яғни бұлшық ет талшықтарының атрофия-
сымен көрініс беретін қозғалыс аппаратында біраз дегенерациялық 
құбылыстар байқалады. Бұлшық еттердің қанмен жабдықталуы, 
энергия алмасуы нашарлайды. 


443
76-суретАТФ-аза ферменті белсенділігі өзгерісі (Images courtesy of John 
Faulknerand Timothy White)
76-суретте ұзақ уақыт қозғалыс жеткіліксіздігінен АТФ-аза 
ферменті белсенділігі мен бұлшық ет талшықтарының өзгерістері 
көрсетілген.
Жұмыс кезінде, əсіресе, статикалық төзімділік жаттығуларында 
бұлшық ет күші, дəлдігі, шапшаңдығы мен төзімділіктің төмендеуі 
орын алады. Локомоциялар кезінде массаның жалпы орталығының 
тербелісі күшейіп, жүгіру мен жүру барысында қозғалыс тиімділігін 
шұғыл төмендетеді.
Қозғалыс белсенділігі жеткіліксіз болғанда тыныс алу ӨТС, 
тыныс тереңдігінің, тыныс алудың минуттық көлемінің жəне мак-
сималды өкпелік вентиляцияның азаюымен сипатталады. Жұмыс 
кезінде оттектік сұраныс пен оттектік қарыздылық шұғыл артады. 
Негізгі алмасу төмендейді. 
Жүрек-тамыр жүйесінің де қызметі бұзылады. Жүрек бұлшық 
етінің атрофиясы туындайды, миокард қоректенуі нашарлайды. 
Нəтижесінде жүректің ишемиялық ауруы пайда болады. Жүрек 
көлемінің азаюы жүректің қанды аз айдауына (систолалық жəне 
минуттық қан көлемінің төмендеуіне) əкеледі. Мұнда жүректің жиы-
рылу жиілігі дене жүктемесі кезіндегі іспеттес тыныштық күйде де 
жоғарылайды. 
Əлсізденген қаңқа бұлшық еттері (үлкен қан айналым 
шеңберімен) қанның венамен қайтарылуына тиісті шамада ықпал 


444
ете алмайды. Олардың жиырылу қабілетінің жеткіліксіз болуы не-
месе мүлдем жиырыла алмауы ауырлық күшіне қарсы тұра аяқтан 
жүрекке қарай кан ағымын жеңілдететін «бұлшық ет насосы» 
қызметінің жойылуына əкеледі. Осы «перифериялық (шеткі) жүрек» 
жақтан көмектің болмауы жүректің қан айдау жұмысын одан əрі 
қиындата түседі. Қан айналым уақыты айтарлықтай арта түседі. Қан 
айналымдағы қан көлемі азаяды. 
Төмен дене жүктемелері мен тыныс алу тереңдігінің біраз 
ұлғаюы орын алған жұмыс кезінде қан ағымына «тыныс алу насо-
сы» да септігін тигізе алмайды. Өйткені кеуде қуысында төменгі 
қысымның сору əсері мен диафрагма жұмысы жойылған. Қозғалыс 
белсенділігінің төмендеуінің барлық аталмыш салдары қазіргі 
əлемде жүрек-тамыр ауруларының аса көбеюіне əкеліп соғып отыр. 
Эндокриндік жүйеде ішкі секрециялық бездер қызметінің 
төмендеуі байқалады жəне олардың гормондар өндіруі азаяды.
Акинезия 
жағдайларында 
организмнің 
барынша 
ауыр 
зақымдалуы жүреді жəне жүрек соғу жиілігі, дене температурасы 
жəне т.б. қызметтер тəуліктік биоырғағының деңгейлестіруі орын 
алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет