Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Жүйке-психикалық шектен тыс ширығу, əрекеттің



Pdf көрінісі
бет224/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   258
Жүйке-психикалық шектен тыс ширығу, əрекеттің 
бірсарындылығы (монотондылығы) жəне олардың адам 
организміне ықпалы
Адам организміне спортпен шұғылдану психикалық шектен тыс 
ширығу тудыратын үздіксіз өзгермелі жағдайлар аясында уақыт 
тапшылығы жағдайындағы жұмыстан бастап жүйке жүйесі тонусын 
елеулі төмендететін ұзақ бірсарынды жұмысқа дейін сан алуан та-
лаптар қояды.
Жүйке-психикалық шектен тыс ширығу
Спорттық күрес жағдайы, əсіресе, ситуациялық спорт түрлерінде 
(спорттық ойындарда, жекпе-жекте) адамда жүйке-психикалық шек-
тен тыс ширығуын тудырады. Қысқа уақытта, көбіне, секундтың 
оннан жəне жүзден бір бөлігінде спортшы қорытып үлгеруге тиісті 
ақпараттың көп көлемі, оның жарысқа шығуының жоғары мотиваци-
ясы змоциялық стрестің туындауына, ал ерекше күрделі жағдайларда 
– дистреске əкеледі. 


445
Стресс – ортаның күші мен қасиеті əртүрлі факторларына жауап 
ретінде туатын организмнің арнайы емес реакциясының жиынтығы.
Организмде күйзеліс кезінде жаңа жағдайларға икемделудің жал-
пылама реакциялары байқалады. Мұндай стереотипті жауаптардың 
жиынтығын Г.Селье бейімделудің жалпы синдромы деп атаған бола-
тын. Ол: абыржу, төзімділік (резистенттілік) жəне түгесілу (əлсіреу) 
сияқты 3 сатыдан өтеді.
1. абыржу сатысы естен тану «шок» (шұғыл вегетативті ре-
акциялар) жəне оған қарсы (қызметтік қорлардың мобилденуі) 
кезеңдерінен тұрады;
2. резистенттілік (төзімділік пен жоғары жұмысқа қабілеттілік) 
кезеңі;
3. түгесілу жалпы функциялық күйдің төмендеуі, патологиялық 
реакциялардың дамуы жəне ең ақырында организмнің тіршілігінің 
тоқтауына əкелетін кезең. 
Аталмыш 
кезеңдер 
көп 
жағынан 
адаптация 
үдерісі 
(физиологиялық абыржу, бейімделушілік жəне дизадаптация) 
кезеңдерімен ұқсас келеді. Айырмашылығы адаптация үдерісі тек 
бейарнайы ғана емес, арнайы бейімделу реакцияларынан да тұрады 
(Бейімделу туралы толығымен 2-тарауда баяндалған). 
Жүйке-психикалық шектен тыс ширығу адам мен əлеуметтік та-
лаптар сай келмегендігінен болады. Бұл көбінесе өндіріс жағдайын-
да, қызмет бабында жиі кездеседі. Шектен тыс белсенділік, 
тығырыққа ұшырауы, т.с.с. психикалық факторлар жүйке жүйесінің, 
жүрек-қан тамырларының жəне басқа тіршілікке маңызды 
мүшелердің қызметін төмендетеді. Соның нəтижесінде организмнің 
ауруға төзімділігі, яғни иммундық қасиеті төмендеп, биологиялық 
қоры азаяды. 
Стресс факторларына сыртқы, ішкі кездейсоқ шамадан тыс əсер-
лер жатады. Тосыннан кездейсоқ əсер болғанда организм тығырыққа 
ұшырайды, адамның қанында адреналин, кортизол гормондары 
көбейіп, қаны тасып, жүрегі қобалжып, еріксіз іс-қимылдары туады. 
Кортизол гормонын халық арасында «өлім» гормоны деп те атайды. 
Организмнің төзімділігі артып, тығырықтан шығу амалы жасала-
ды. Стресс көпке созылғанда адамның денсаулығына зиян келтіреді: 
қанның қысымы артады, жүрек соғу ырғағы жеделденеді, ішек-
қарынның қозғалысы күшейеді, зат алмасуы баяулайды, иммундық 
жүйенің бейімделгіш төзімділігі төмендейді.
Спортта стрестік жағдайлар əртүрлі көрініс беруі мүмкін. 


446
Физикалық стресс спортшының жоғары қарқындылықты қимыл 
əрекеті кезінде туындайды, алайда, эмоциялық күйзелістерге еш 
қатысы жоқ. 
Эмоциялық стресс жарыс кезінде жүйке-психикалық шектен тыс 
ширығумен көрініс береді жəне организмнің қызметтік қорларының 
мобилденуі мен айтарлықтай психикалық, вегетативтік жəне 
гормондық реакциялар тудырады. 
Организмдегі барлық құбылыс орталық жүйке жүйесі мидың 
қозуынан басталатыны белгілі. Кез келген жағымсыз құбылыс ал-
дымен, мидың елегінен өтеді. Келесі кезекте оған эндокриндік жүйе 
қосылып, бүйрек үсті бездері гормондар бөле бастайды.
Дене жаттығулары кезіндегі адреналин, норадреналин, глю-
кагон, кортизол жəне глюкоза концентрацияларының өзгерістерін 
жаттығуға дейінгі мəнмен салыстыру барысында адреналин мен 
норадреналиннің жоғарылап, ал кортизол деңгейінің сəл төмендеп 
барып, 30 минутқа дейін дереу көтеріліп, одан соң қайтадан біртіндеп 
азаюын байқауға болады (77-сурет).
Осымен бір мезетте вегетативті жүйке жүйесі жұмысын бас-
тайды, тыныс жиілігі артады, артериялық қан қысымы көтеріледі, 
жүрек соғысы жиілейді, аритмия жоғалады десе де болады, зат 
жəне энергия алмасу күшейеді, ЭМГ амплитудасы артады, қаңқа 
бұлшық еттерінің жиырылу күші жоғарылайды, ЭЭГ-да тыныштық 
ырғағы (альфа-ырғақ) азаюы жəне тета-ырғақ көрінуі, бета-
ырғақтың белсенуі байқалады, зейін концентрацияланады. Сонымен 
стресті жағдайға бейімделуге, қарсы тұруға көмектесетін көптеген 
өзгерістер жүзеге аса бастайды. Бұл аталмыш реакциялар жоғары 
жұмысқа қабілеттілікті қамтамасыз етеді. 
Организмді жұмылдыратын жəне тілекті тиімділікпен біріктіре-
тін тиімді стресс – эустреспен қатар дистресс те кездеседі. Дис-
тресс – іс-əрекеттің орындалуына кедергі келдіретін, организмнің 
жұмылу деңгейін төмендететін стресс. Эустресс барысында таным 
үдерістерінің жəне өзіндік сананың белсенділігі, шындықты, есті са-
налау жүзеге асады. Дистресс негізінде адам түрлі физиологиялық 
ауруларға шалдығуы ықтимал, мидың кейбір бөлімдерінің қанмен 
жабдықталуы нашарлайды, жүректің жиырылу жиілігі сирейді, 
артериялық қан қысымы төмендейді, қимыл реакцияларының 
уақыты ұзарады жəне қозғалыс белсенділігі төмендейді. Спортшы 
бірнеше мəрте стресс алса, спорттық зақым алу (травматизм) жиілігі 
артады. 


447


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет