Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет235/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   258
Дене массасы индексі
Дене массасы индексі
Мəні
16 жəне одан төмен
Дене массасының аса тапшылығы
16-18.5
Дене массасы тапшылығы
18.5-25
Қалыпқа сай (норма)
25-30
Артық салмақ
30-35
Бірінші дəрежелі семіздік
35-40
Екінші дəрежелі семіздік
40 жəне одан жоғары
Үшінші дəрежелі семіздік
Дене массасының индексі арқылы адам салмағының артықтығы 
туралы пікір айту дұрыс емес. Мысалға, спортшылардың дене 
массасының индексінің жоғары болуы бұлшық ет массасының 
жоғарылығымен түсіндіріледі. 
Ғалымдардың зерттеуі бойынша 25-27 аралығындағы шамаға 
тең дене массасының индексі бар адамдардың ғұмыры басқаларға 
қарағанда əлдеқайда ұзақ. Сонымен қатар спортта да жетістіктерге 


468
жету дене мөлшері, дене бітіміне көп байланысты. Дененің таза 
салмағы мен организмдегі май мөлшерінің де маңызы зор. Əр 
спорт түрі үшін идеалды дене типі бірдей болмайды. Мысалы, алыс 
қашықтық желаяқтары үшін дене массасының минимум мəнге ие 
болуы маңыздырақ болса, ал «неғұрлым қуаттырақ болса, соғұрлым 
жақсырақ» қағидасын ұстанатын «сумо» күрескерлері барынша 
салмақтарын арттыра түсуге тырысатыны белгілі, яғни күш пен 
қуаттылықты талап ететін спорт түрлерінде таза дене салмағының ар-
туы құптарлық болса, циклдік спорт түрлерінде артық дене салмағы 
спорттық нəтижелерге теріс əсер етеді. Кейбір спорт түрлерінде, 
мысалы, футболда спортшылар əртүрлі салмақпен де жетістіктерге 
жетіп отырады. Ал басқа спорт түрлерінде, мысалға күресте дене 
массасына қатаң талаптар қойылып отырады. Осыған орай көбіне, 
спортшылар жарысқа қатысу үшін қысқа уақыт аралығында салмақ 
«қууға» тырысып жатады. Көпшілігі оның денсаулыққа, болашақ 
спорттық əрекеттеріне ықпалын толық білместен ауыр диеталарға 
«отырады», ашығады. Өте төмен калориялы «қатаң» диеталар 
кезінде дене массасының көп бөлігі майды емес, суды жоғалту 
арқылы жүзеге асады. Мұндай диеталар көмірсуларды пайдалану-
ды шектеу салдарынан олардың организмдегі қорларының түгесілуі 
орын алады. Көмірсулармен бірге судың көп мөлшері жоғалып, 
дегидратацияға əкеліп соғады. Организмнің энергия көзі ретінде 
бос май қышқылдарын пайдалануға көшуі кетозға əкеледі, ал бұл 
суды жоғалтуды одан əрі күшейте түседі. Ашығу немесе төмен ка-
лориялы диеталар, резіңкелі киімдер киіп дене жүктемелерін орын-
дау, саунаға бару, сұйықтық қабылдауды максималды шектеу, т.б. 
су мөлшерін айтарлықтай жоғалтуға əкеліп, организмде көптеген 
өзгерістер тудырады (36-кесте). Нəтижесінде:
– қан айналымдағы қан көлемі азаяды;
– артериялық қан қысымы төмендейді;
– субмаксималды жəне максималды систолалық көлем мен мак-
сималды жүректің қан айдауы кемиді;
– бүйректің қанмен жабдықталуы төмендейді;
– жылу реттелу үдерісі бұзылады. 
Жедел диеталар көмегімен дене салмағын жылдам жоғалтуға 
мүмкін болса, оның қайта қалпына келуі де тез болады. 


469
36-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет