Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


ЖЖЖ бойынша энергия шығынын есептеу (А.Buskirik бойынша)



Pdf көрінісі
бет232/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   258
ЖЖЖ бойынша энергия шығынын есептеу (А.Buskirik бойынша)
ЖЖЖ
Энер гия
шығыны
ЖЖЖ
Энер гия
шығыны
ЖЖЖ
Энер гия
шығыны
ЖЖЖ
Энер гия
шығыны
ЖЖЖ
Энер гия
шығыны
65
0,60
86
3,22
107
5,85
128
8,47
149
11,10
66
0,72
87
3,35
108
5,97
129
8,60
150
11,22
67
0,85
88
3,47
109
6,10
130
8,72
151
11,35
68
0,97
89
3,60
110
6,22
131
8,85
152
11,47
69
1,10
90
3,72
111
6,35
132
8,97
153
11,60
70
1,22
91
3,85
112
6,47
133
9,10
154
11,72
71
1,35
92
3,97
113
6,60
134
9,22
155
11,85
72
1,47
93
4,10
114
6,72
135
9,35
156
11,97
73
1,60
94
4,22
115
6,85
136
9,47
157
12,10
74
1,72
95
4,35
116
6,97
137
9,60
158
12,22
75
1,85
96
4,47
117
7,10
138
9,72
159
12,35
76
1,97
97
4,60
118
7,22
139
9,85
160
12,47


461
33-кестенің жалғасы
77
2,10
98
4,72
119
7,47
140
9,97
161
12,60
78
2,22
99
4,85
120
7,60
141
10,10
162
12,72
79
2,35
100
4,97
121
7,72
142
10,22
163
12,85
80
2,47
101
5,10
122
7,85
143
10,35
164
12,97
81
2,60
102
5,22
123
7,97
144
10,47
165
13,10
82
2,72
103
5,35
124
8,10
145
10,60
166
13,22
83
2,85
104
5,47
125
8,22
146
10,72
167
13,35
84
2,97
105
5,60
126
8,22
147
10,85
168
13,47
85
3,10
106
5,72
127
8,35
148
10,97
169
13,70
Табалдырықтық дене жүктемесі кезінде орын алған ЖЖЖ
электрокардиографиялық көрсеткіштер, артериялық қан қысымы 
дене жүктемелерін (жүру, жүгіру, ойын жəне т.б. дене шынықтыру 
түрлерін) мөлшерлеп беруде бастапқы мəліметтер болып табылады. 
Сауықтыру дене шынықтыруының адам организмі 
функциялық күйі мен бейарнайы төзімділігіне ықпалы.
ДДСҰ анықтамасы бойынша «Денсаулық – физикалық, рухани 
жəне əлеуметтік толық аман-есендік». Сондықтан денсаулық сақтау 
ісі – физикалық, психикалық, рухани жəне əлеуметтік жағдайларға 
жіктеледі.
Бүгінгі таңда Қазақстанда күн тəртібінде тұрған əлеуметтік 
маңызы зор мəселенің бірі – халық денсаулығы. Адам денсаулығы-
ның мəн-маңызына қазақ халқы ежелден көп көңіл бөлген; күнделікті 
өмірде денені күтіп ұстауға, тазалық сақтауға, дұрыс тамақтануға 
да өте қатты мəн берген. Қазақ халқының «Бірінші байлық – 
денсаулық», «Дені саудың – жаны сау», «Жаны саудың – тəні сау» 
деген мақал-мəтелдері адам денсаулығын күтуде терең тəрбиелік 
жəне философиялық маңызын осы күнге дейін жойған жоқ.
Денсаулықты сақтау, сауықтыру адамзаттың ерте заманнан 
көкейкесті мəселесі болды. Содан бері бірнеше əртүрлі сауықтыру 
жүйелері қалыптасты.
Дене жаттығуларын орындау адам организмі үшін: 
1. Арнайы əсер, яғни сол бір дене жүктемесіне бейімделу;
2. Бейарнайы, қосымша əсер – сыртқы ортаның қолайсыз 
жағдайларына төзімділікті арттыру сияқты екі түрлі ықпалға ие. 
Дене жаттығулары денсаулықты нығайтып, дененің өсуі мен да-


462
муына, жүйке жүйесінің қызметіне, адамның бір қалыптан екінші 
қалыпқа ауысу жылдамдығына, тірек-қимыл жүйесінің өсіп-
жетілуіне, оның қызметінің дамуына, қимыл-қозғалыстарының 
дұрыс бағытталуына, тіпті адамның ақыл-ой қабілетінің артуына да 
барынша ықпал етеді. Спорт ойындары мен жаттығулары арқылы 
жүйке жүйесінің қозу жəне тежелу қасиеттері реттеліп, шектеліп
бағытталады. Дене жаттығулары бұлшық еттердің қан айналы-
сын жақсартып, олардың жұмысына қажетті қоректік заттармен 
қамтамасыздандыру күшейеді де, адамның жұмысқа қабілеттілігі 
артады. Дене шынықтыру жаттығуларымен жүйелі түрде, яғни апта-
сына 6-8 сағаттан кем шұғылданбайтын адамдар сирек сырқаттана-
ды жəне оларда инфекциялық аурулар асқынусыз жеңіл əрі жыл-
дам өтеді. Спортшылардың салқын тию, қызып кету, радиация 
əсерлеріне төзімділіктері жоғары болғанымен, алайда ашығу мен 
кейбір улы (калий цианиді) заттарға нашар төзе алады. Организмнің 
неғұрлым аэробты мүмкіндіктері жоғары болған сайын, соғұрлым 
өлім-жітім көрсеткіштері төмен болатыны анықталған. Ер адамдар-
да салыстырмалы ОМП жеке дара мөлшерінің 2 есе жоғарылауы 
кезінде өлім-жітім шамамен, 3 есеге төмендесе, ал əйелдерде ОМП 
1,5 есе артуы өлімді 2 есеге кеміткен. Жануарларға жүргізілген 
зерттеу нəтижелері де жаттығу кезінде бейарнайы төзімділіктің 
артатындығын көрсетеді. Жаттықтырылмаған егеуқұйрықтардан 
тұратын бақылау тобымен салыстырғанда (жүзумен, статикалық 
жүктемемен) жаттыққан егеуқұйрықтар тобында төзімділік гипок-
сия əсеріне (13 км биіктікте дірілдеу туындау уақыты бойынша) 
1,5 есе, хлороформмен улануға (тірі қалғандары пайызы бойынша) 
1,5 есе, сəулелендіруге (рентген сəулелерінің өлім тудыратын доза-
ларын 4 мəрте ұлғайтқанда) – 4 есе жоғарылаған. Сонымен қатар 
зерттелуші топта 70°С температурада өмір сүру ұзақтығы бойын-
ша қызып кетуге жəне 5°С кезінде дірілдеудің басталуына дейін 
анықталған салқындауға төзімділік байқалған. 
Ұдайы денесін шынықтырып жүрген адамдардың ауруға төзімді 
болатыны байқалған. Мысалы, Луи Пастер миына қан құйылып 
ауырғанымен, дене шынықтырудың нəтижесінде тағы да 30 жыл
өмір сүріп, қызметінің белсенділігін төмендетпей, ғылымға көптеген 
жаңалықтар енгізген. Н. А. Морозов 25 жыл түрмеде отырғанда ту-
беркулез, цинга, ревматизм ауруларына шалдығуына қарамастан 93 
жыл өмір сүрген, өйткені дене шынықтырудың нəтижесінде оның 
организмнің төзімділігі өте жоғары болған (Қ. Дүйсембин, 2007). 


463
Дене жаттығуларының сауықтыру əсерінің тиімділігін барынша 
жоғарылату мен жұмысқа қабілеттілікті максималды арттыру үшін 
əртүрлі жас кезеңдеріндегі тұлғаларға арналған оптималды қимыл 
режимдерін сақтау қажет (34-кесте).
34-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет